Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімніңаты-жөні: | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандарсаны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар білуі тиіс: - көздіӊ негізгі бөліктерін және олардыӊ қызметін білу; - көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін білу; - көздіӊ аккомодациясын білу; - көздіӊ ақауларын білу: алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік; - алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзетуді білу. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | - көздіӊ негізгі бөліктерін және олардыӊ қызметін біледі; - көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін біледі; - көздіӊ аккомодациясын біледі; - көздіӊ ақауларын біледі: алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік; - алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзетуді біледі. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар білуі тиіс:Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары, терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек. Көз – күрделі оптикалық жүйе, көз бұршағы, көз торламасы, аккомодация, алыстан көргіштік, жақыннан көргіштік. Пәнге тән лексика мен терминология: Торлама, қасаң қабықша, астигматизм, алыстан көргіштік, жақыннан көргіштік. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Көздің оптикалық жүйесі: қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы (қос дөңес линзаға ұқсас мөлдір серпімді дене), көз алмасының ішкі бөлігін толтырып тұратын қоймалжың сұйық шыны тәріздес дене. Көздіӊ диаметрі: ≈ 22 мм; Көз бұршағының сыну көрсеткіші ≈1,44; Көздіӊ оптикалықкүші ≈58 дптр | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ ұйымшылдық, ынтымақтастық, жауапкершілік және сыйластық құндылықтарын дарытуға бағытталған. | ||||||||||
Пәнаралықбайланыстар
| Биология көздің құрылысы мен оның атқаратын функциялары туралы туралы түсіндіргенде | ||||||||||
Бастапқы білім | Жұқа линзаның фокустық қашықтығын және оптикалық күшін анықтауды біледі. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-4 мин 4-6 мин | 1.Өткен материалды еске түсіру мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.
2. Ой қозғау. Көздің оптикалық жүйесі қалай құрылған? Қандай көз ауруларын білесіңдер? 3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге талқыланады - көздіӊ негізгі бөліктерін және олардыӊ қызметін білу; - көздіӊ оптикалық жүйесін білу; - көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін білу; - көздіӊ аккомодациясын білу; -көздіӊ ақауларын білу: алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік; - алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзетуді білу. | Таратпа материал | |||||||||
Сабақтың ортасы 6-10 мин 10-22 мин 22-30 мин 30-35 мин | 4. Биология сабағынан еске түсіру 5. Көз Сыныпқа көздіӊ макетін көрсетеміз. Олардан адамныӊ көзі туралы не білетіндігін сұраймыз. Көз - күрделі оптикалық жүйе болып табылады. Көз алмасының тор қабатында (сетчатка) нәрсенің кішірейтілген, шын, төңкерілген кескіні пайда болатынын оқушылар түсінулері тиіс.. Көздің оптикалық жүйесі: қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы (қос дөңес линзаға ұқсас мөлдір серпімді дене), көз алмасының ішкі бөлігін толтырып тұратын қоймалжың сұйық шыны тәріздес дене. Көздіӊ диаметрі: ≈ 22 мм; Көз бұршағының сыну көрсеткіші ≈1,44; Көздіӊ оптикалық күші ≈58 дптр Көздіӊ ақаулары а) сау көз б) жақыннан көргіштік в) алыстанкөргіштік Бағалау критерийлері: - көздіӊ негізгі бөліктерін және олардыӊ қызметін біледі; - көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін біледі; - көздіӊ аккомодациясын біледі; - көздіӊ ақауларын біледі: алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік; - алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзетуді біледі. 6.Топтық жұмыс 1-топ үшін тапсырмалар:1. Адам көзініӊ оптикалық жүйесініӊ негізгі бөліктерін атаӊдар.2. Адамныӊ көз бұршағы өзініӊ қисықтығын өзгертеді. Бұл не үшін керек?3. Оқушы оптикалық күші +2 дптр болған көзілдірік киеді. Көзілдірік линзасыныӊ фокус аралығы қандай? Бұл көзілдірік көздіӊ қандай ақауын түзетеді?4. Судан шыққан балықта қандай көз ақауы «пайда болады»? Алыстан көргіштік немесе жақыннан көргіштік. Неліктен? 2-топ үшін тапсырмалар:1. Көзде пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.2. Қандай жағдайда адамныӊ көз бұршағыныӊ фокус аралығы үлкен болады: теледидар көргенде немесе кітап оқығанда?3. Оқушы оптикалық күші -3 дптр болған көзілдірік киеді. Көзілдірік линзасыныӊ фокус аралығы қандай? Бұл көзілдірік көздіӊ қандай ақауын түзетеді?4. Суретте көз ақауы берілген. Бұл қандай көздің ақауы? Оны түзету үшін қандай линзаны қолданады? Суретін салып көрсет.
Бір көзбен немесе екі көзбен көрудіӊ айырмашылығы бар ма? Жауабыңды түсіндір Оқушылар тапсырмалардың жауаптарын пайдаланып өзін -өзі тексереді және кері байланыс жасайды. | Презентация http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba083-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_8.swf Таратпа материал | |||||||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | 8. Рефлексия«Бас бармақ» тәсілі. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: Жазбаша белгілейді. 9.Үйге тапсырма: Үй жұмысы: А) Диаграммада дүниежүзіндегі балалар арасындағы көз ақауларының пайыздық үлесі берілген. Себебін түсіндір. | Таратпа материал | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Оқушының топ ішіндегі, жұптағы жұмысын бақылау. Өздік жұмыс нәтижесін қолдану. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Үй тапсырмасының жауаптары:
А) 6 жасқа балалар оқи бастайды. (ұялы телефон, планшет, компьютер) сияқты құрылғылармен жұмыс істей бастайды. 11 жаста жас ерекшеліктеріне сәйкес компьютерлік ойындарға деген қызығушылықтары арта бастайды.Б) Көз ауруларының туындау себептері:
- баланың эмбриональды даму процесі кезіндегі патогенді факторлар;
- генетикалық факторлар (тұқымқуалаушылық);
С) Көру қабілеті нашарлаған адамдар көз торламасындағы қан тамырларды күшейтетін тағамдарды тұтыну керек. Олар: қарақат, сәбіз. Жақыннан көргіштік ақауы бар адамдар балық бауырын, көкшөптер, жуа, укроп сияқты көкөністер мен тағамдарды жеу керек.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру