Жылу машиналарын қолданудың экологиялық мәселелері. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Термодинамика негiздерi

Күні:

Мектеп:

Сынып:

Оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Мұғалім:

Сабақ тақырыбы:

Жылу машиналарын қолданудың экологиялық мәселелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.23 – жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау

Сабақ мақсаты

  • Сыни тұрғыдан ойлау негізінде оқушыларды ғылыми мақалаларға қорытынды жасауға үйрету;
  • Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін бағалау.

Бағалау критерийлері

  • Адам іс-әрекетіне баға бере алады;
  • Жылу қозғалтқыштары қоршаған ортаны қалай ластайтынын сипаттайды;
  • Қозғалтқыштардың қоршаған ортаға зиянын азайту жолдарын ұсынады.

Құндылықтарды дарыту:

Бұл сабақ оқушылардың танымдық қабілетін, жауапкершіліктерін және қорытынды жасай алы дағдыларын дамытады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

«жылу қозғалтқыштары», «ПӘК» терминдерін жазбаша және ауызша сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

ПӘК, іштен жану қозғалтқыштары, зымыран қозғалтқышы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жылу қозғалтқыштары дегеніміз ........ ПӘК деп ...........

Пәнаралық байланыс:

Биология сабақтарында оқушылар қоршаған ортаны ластайтын процестерді зерделеген болатын, ал физика сабақтарында жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға әсерін бағалайды.

Алдыңғы білім:

Алдыңғы сабақтарда оқушылар термодинамиканың бірінше және екінші бастамаларын өтті, жылу қозғалтқыштарының түрлерін біледі, ІЖҚ жұмыс принципін сипаттай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин.

5-6 мин

1. Ой қозғау. Ластанған атмосфераны көрсететін сурет

сендерді қандай ойларға жетелейді?

Оқушылар жұппен талқылау жасайды. Талқылау нәтижесінде оқушылар жылу қозғалтқыштардың қоршаған ортаны ластайтынын түсінеді. Адамдардың табиғатты аяламайтындығы, оның ресурстарын үнемсіз қолдануы, жылу қозғалтқыштарын ретсіз пайдалану нәтижесі апатты жағдайларға алып келуі мүмкін екенін түсінулері тиіс.

2. Мақсатты болжау. Мұғалім оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстырады.

  • жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиясына әсерін бағалау

презентация

Сабақтың ортасы

6-16 мин.

3. Түсіндіру. Оқушылар екі топқа бірігеді: әрбір топ ұсынылған мақаланы оқып ақпаратты жеткізеді. Топ ішінде спикерлер таңдап алынады: аналитик пен эксперт.

Аналитик: жылу қозғалтқыштарын қолданудың салдарларын атайды.

Эксперт: Қазақстан территориясындағы осы құралдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін баяндайды.

16-26 мин.

26-36 мин

4. Жаңа тақырыпты меңгеру. Оқушылар мұғалім ұсынған мақалаларды өздігінен оқиды. Постер жасайды. Маңызды ақпаратты қиып алады. Эксперттер мен алалитиктер өз баяндамаларын сынып алдында талқылайды.

Мақалалар қосымшада:

  • Қоршаған ортаның жылу қозғалтқыштары әсерінен ластануы
  • Қазақстандағы балама энергия көздері

Постер қорғау.

Қорғау нәтижесі бойынша оқушылар соңғы 100 жылда жылу қозғалтқыштары қоршаған ортаға аса зиян тигізіп отырғанын және адамзат өз келешегіне балта шаппау қажет деген қорытындыға өздігінен келеді және өсе келе бұл мәселенің шешім тез арада табуға тырысатын болады.

Мұғалім міндеті оқушылардың талқылауына ыңғайлы орта құру және өсе келе бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауға ықпал ету.

Мақала

Сабақ соңы

36-38 мин

5. Рефлексия. Өз жетістіктерін өздері анықтау мақсатында ауызша өткізіңіз.

Сабақ барысында...

  • Өз жетістігіңізді неде байқадыңыз?
  • Не нәрссеге үйрендіңіз?
  • Өзіңізге көңіліңіз толмаған кездер болды ма, қай кезде?

6. Үй тапсырмасы:

Болашақтың қозғалтқышы

Жылу қозғалтқыштарына қарағанда артықшылықтары қарастыру немесе аппликация жасау. Осы қозғалтқыш жұмыс жасайтын энергия көздерін өздері таңдасын.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта екі түрлі бағытта екі топ жұмыс жасайды, оқушылардың өз рөлдері болады, сынып әрбір топтың жұмысы бойынша жалпы қорытынды шығарады.

  • Алдыңғы білімді тексеру
  • Ауызша тапсырманы орындау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.