Жылу машиналарын пайдаланудың экологиялық проблемалары. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Термодинамика негiздерi

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Уазырханов М.К.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылу машиналарын пайдаланудың экологиялық проблемалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.23 - Жылулық машиналарының қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсерін бағалау

Сабақ мақсаты

Жылу машиналарының қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсерін бағалау

Бағалау критерийлері

  • Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығы үшін маңызы зор екенін біледі;
  • Көлікте жылу машиналарын кеңінен қолдану қоршаған орта үшін кері нәтижелерге алып келетінін біледі;
  • Жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға кері әсерін азайту жолдарын біледі;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

«жылу қозғалтқыштары», «ПӘК» терминдерін жазбаша және ауызша сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

ПӘК, іштен жану қозғалтқыштары, зымыран қозғалтқышы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жылу қозғалтқыштары дегеніміз ........ ПӘК деп ...........

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың белсенділігін арттыруға, сыни ойлау қабілетін және таныстырылым жасау дағдысын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Химия және география пәнімен байланыс

Бастапқы білім

Жылу қозғалқыштары.Іштен жанатын қозғалтқыш.Жұмыс істеу принциптері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5мин

5-7 мин

1.Ұйымдастыру. Өткен материалды еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар қоюға болады:

1.Қандай машиналарды жылу қозғалтқыштары деп атайды?

2. Кез –келген жылу қозғалтқышының негізгі бөліктерін ата?

3. Барлық жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі қандай?

2. Ой қозғау. Экологияның ластану себептері қандай?

Оқушылар жұпта талқылайды. Мүғалім оларды бүгінгі сабақтаң оқу мақсатына қарай бағыттайды.

  • Жылулық машиналарының қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсерін бағалау

Сабақтың ортасы

7-17 мин

17-26 мин

3. Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Ескерту: сабақты пресс-конференция, дебат сабақ түрінде өткізуге болады, ЖМ-ның пайдалы және зиянды жактары жөнінде және ЖМ-ның ПӘК-ін арттыру жөнінде мәліметтерді іздестіруді оқушылардың өздеріне тапсыруға болады.

Постер жасау.

1-топ.

Жылу машиналарының қоршаған ортаға әсері

2-топ

Жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға әсерін азайту жолдары

3-топ

Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығы үшін маңызы

Әр топтан бір оқушы жұмысты қорғайды. Қабілетті оқушыларға сұрақтар қою тапсырылады. Әр топ мүшелеріне сұрақтар қояды. таныстырылым төмендегі бағалау крийтерилері бойынша бағаланады.

Бағалау критерийлері:

  • Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығы үшін маңызы зор екенін біледі;
  • Көлікте жылу қозғалтқыштарын кеңінен қолдану қоршаған орта үшін кері нәтижелерге алып келетінін біледі;
  • Жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға кері әсерін азайту жолдарын біледі;

Оқушылар жылу қозғалтқыштарын қолдану кезіндегі ауаның ластануын , зиянды косылыстардың адам организміне тигізетін әсерін және ауаның ластануын төмендетудің жолдарын түсінулері тиіс.

http://bilimland.kz/index.php/ru/

 

презентация

 

 

 

Сабақтың соңы

39-40 мин

4.Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

5. Үйге тапсырма беру: §26 8-сынып.Физика және астрономия.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.