Музыкалық шаңырақ! Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


8 бөлім: «Дені саудың жаны сау»

Мектеп: Көкшетау қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г.Ғ

Сынып: 1

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Тақырып:

Музыкалық шаңырақ!

Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқыту мақсаттары

1.2.1.2 қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару

1.1.2.2 әнді орындау барысында негізгі дирижерлық қимылдарды түсіну

Сабақ мақсаты

Оқушылар

шаңырақтың мағынасын түсінеді;

шаңырақ туралы ән үйренеді;

шаңырақ туралы ән шығарады.

Бағалау критерийлері

Шаңырақ тақырыбында әуен шығарады.

Әнді мұғалімнің дирижерлік етуіне сай орындайды.

Пәнаралық баланыс

Қазақ тілі – шаңырақ сөзініің мағынасын ажырату

Құндылықтар дарыту

Ынтымақтастық - басқа оқушылармен жұмыс жасау, топтарда жұмыс істеу барысында оқушылардың бойында коммуникабельдік белгілер қалыптасады.

Қазақстандық патриотизм- халық өнерімен танысу, өнерге деген құрмет пен сүйіспеншілікпен қарауға баулу

АКТ дағдылары

Меңгерілетін сөздер

Тілдік мақсаттар:

• өз жұмысына түсініктеме беріп өзгертулер енгізу

Пән лексикасы мен терминологиясы:

шаңырақ

әуен шығару

Диалог үшін қажетті сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әнде не туралы айтылған?
  • Ән қандай көңіл-күйді жеткізеді? Неліктен?
  • Әнді тыңдаған кезде қандай сезім туды?

Алдыңғы білім

Оқушылар полька биімен танысты, биге сәйкес қимылдар ойлап тапты. Полька биінің ырғағын құрастырып музыкалық аспаптарда орындады.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Басы

Музыкалық сәлемдесу

Оқушылар «Сәлеметсіз бе» сөзін до, ми,соль ноталарымен орындайды

Шаңырак туралы қысқа бейне материалдан үзінді көрсетіледі

Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаттарын айқындау үшін көрсетілген бейне материалға байланысты сұрақтар қойылады.

  • Бұл бейнематериалда не туралы айтылған?
  • Шаңырақ туралы не білесіздер?
  • Шаңырақ қазақ халқы үшін қаншалықты маңызды?
  • Неліктен оның пішіні күмбезге ұқсайды?
  • Неге шаңрақты атадан балаға беріп отырған?

Сабағымыздың тақырыбы: «Музыкалық шаңырақ»

Бүгін біз шаңырақ әнін үйренеміз және шаңырақ туралы өз әнімізді шығарамыз.

Шаңырақ сөзінің мәнін түсіндіру

«Шаңырақ» ұғымы қазақ үшін қашанда киелі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді.Шаңырақ – бірліктің, ынтымақ пен берекенің символы іспеттес.

Балалар біздің мектепте «Шаңырақ» деген қауымдастық бар. Бұл қауымдастықта балалар бір-бірімен дос, сыйлас.

Оқушыларың сабақ мақсатына байланысты өздеріне мақсат қоюы

Олай болса сабақтың басында мен екі критерий айтамын.

Сосын сабақ соғында осы критерийлер бойынша өзеріңді бағалайтын боласыңдар.

1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.

А. Естеновтың сөзіне жазылған А. Танидің «Шаңырақ» әнін тыңдаңыз.

  • Әнде не туралы айтылған?
  • Ән қандай көңіл-күйді жеткізеді? Неліктен?
  • Әнді тыңдаған кезде қандай сезім туды?

Оқушыларды түрлі түсті асықтар арқылы 3 топқа біріктіру

2-тапсырма. Музыка шығару және импровизация.

Әр топқа шаңырақ туралы мақал-мәтелдер немесе өлең сөздері беріледі.

Оқушылар берілген сөздерге до, ми, соль ноталарынан әуен құрастыру қажет.

Дифференциация.

Әуенді тез және дұрыс шығарған топқа, өлең сөздерін нотаға салып орындау немесе ырғақ құрастыру сияқты күрделілек тапсырма беру.

До, ми, соль ноталары көмегімен «Шаңырақ» әуен ойластырыңыз.

«Шаңырақ» қысқа әуені:

Бір шаңырақ астында

Шаттанамыз бәріміз.

Ынтымағы жарасқан,Татулығы бар асқан,Ойнақтаған далада,Аң құстар да тату ғой

Көрсін мына елімнің Барлық ұлтпен достығын Деп бұны айтады.Шаңырақ шаттығы

Тапсырманы орындау үшін мұғалім басып шығарылған нұсқауды береді немесе тақтада тапсырманың орындалу кезеңдерін жазады:

  • өлең жолында қанша буын бар екендігін санаңыздар;
  • өлең жолында қанша буын болса, сонша нотаны ноталық станға орналастырыңыздар;
  • өздеріңіздің әуендеріңізді бірнеше рет орындаңыздар;
  • өлеңнін сөздерін орындап көруге тырысыңыздар;
  • өз орындауыңызды қайталап көріңіздер;
  • өз әніңізді сыныпқа орындаңыз.

Презентация және бағалау

Оқушылар өз әуендерін нотамен орындайды

Оқушылар әуенді мұғалімнің көмегімен сөздерге салып орындайды.

Әр топың жұмысын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

3-тапсырма. Орындау.

сөзі А. Естенов, музыкасы А. Танидің «Шаңырақ» әнін үйреніңіз.

Әнді бір уақытта бастап, аяқтауға тырысыңыз.

Қорытынды

Балалар, сабақ басында айтылған екі критерийге оралайық.

  • Шаңырақ тақырыбында әуен шығарады
  • Әнді мұғалімнің дирижерлік етуіне сай орындайды.

Мен әуен шығару жұмысына топпен бірге ат салыстым ба?

Мен ән айтқан уақытта мұғалімнің қимылдарына сүйендім бе? Деген екі сұраққа жауап беріңіздер.

Рефлексия

Бүгінгі музыкалық шаңырақ сабағынан алған әсерлеріңбен бөлісулеріңді сұраймын.

«Музыка ағашы»

Оқушылар нота сызығы ретінде бейнеленген ағашқа бағдаршам әдісі бойыншасары , жасыл немесе қызыл ноталарды орналастырады.

https://www.youtube.com/watch?v=JOtio_xPLqM 2,03 – 2,33 уақыты аралығында

http://www.balalaralemi.kz/article/1359/SHanyraq-shattygy#.WuPxMTO-mUk

Қосымша ақпарат

Дифференциация көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

  • шығармашылық тапсырма орындау кезінде саралау жүргізу
  • Әуенді тез және дұрыс шығарған топқа, өлең сөздерін нотаға салып орындау немесе ырғақ құрастыру сияқты күрделілек тапсырма беру.

Өзін өзі бағалау критерийлрі бойынша бағалау

Топтарда өзара бағалау

Мұғалімнің бақылауы және пікірі

Қушылар сабақта еркін түрде қозғалып жүреді. Ән орындау барысында ауыз аппараты жаттығады. Дұрыс дем алып және демдерін сақтап үйренеді.

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақтағы көңіл-күй неге ұқсас болды?

Менің дифференциялық тұрғыдағы көзқарасым жақсы жұмыс істеді ме? Мен уақытында үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім?

Осы бөлімді сабақтың рефлексиясы үшін пайланыңыз. Сол жақ бағандағы Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып және жекелеген оқушылар туралы келесі сабаққа дайындалуыма көмектесетін қандай деректерді білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу