Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар:

6.4С

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Уақбаев Н.З.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.7 сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы мәтіндік есептерді шешу.

 Сабақ мақсаты

  • Екі айнымалысы бар теңдеу құрады
  • Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін құрады
  • Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешді және есептің жауабын анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • Мәтінмен берілген мәліметті математикалық тілде жазады;
  • Екі айнымалысы бар теңдеуді оқи алады;
  • Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін құрады;
  • Мәтінмен берілген екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін құруға арналған есепті шешеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • коэффициенттеріне қатысты сызықтық теңдеудің түбірлерінің санын түсіндіре алады;
  • математикалық модельдің жасалуын сипаттайды;
  • сызықтық теңдеулерді, сызықтық теңдеулер жүйесін шешу барысында тепе-тең түрлендірулердің орындалуын түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

- математикалық модель;

- шынайы жағдаят;

- ең кіші мән

  • екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- теңсіздікті қанағаттандыратын ең үлкен бүтін сан;

- айнымалыны енгіземіз;

- теңсіздікті құрастырып және оны шешеміз.

- жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

Құндылықтарды дарыту

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, жұпта және топта өз ойын жеткізу және өзгені тыңдауға, бағалауға үйрету

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Сызықтық теңдеулерді, сызықтық теңсіздіктерді, сызықтық теңдеулер жүйесін шеше біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

0-10 минут

І. Ұйымдастыру.

Амандасу. Ынтымақтастық ахуал орнату.

Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтады.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар бір-бірінің дәптерлерін алып тексереді, тақтаға бағалау критерийлері шығарылады.

Математиканың түсінікті болған 10 беті түсінбей жаттап алған жүз беттен артық.

Юнг.

Сабақ барысында кездесетін терминологиялық сөздердің ағылшын тілінде аудармасы

Бейнебаян көрсету. (мәтінді есептердің математикалық моделін құрауға байланысты)

Слайд 1-3

https://www.twig-bilim.kz/film/the-chase-6010/

Сабақтың ортасы

11-35 минут

Оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру

1. Мәтінмен берілген мәліметті математикалық тілде жазыңыз.

  • х шамасы у-тен 5-кеартық;
  • х және у шамалары өзара тең;
  • у шамасы х-тен 2 есе аз;
  • х шамасы у-ке қарағанда 3-ке кем;
  • х және у сандарының қосындысы 32-ге тең;
  • х және у сандарының айырмасы олардың бөліндісінен 6 есе кіші;
  • х және у сандарының қосындысы олардың көбейтіндісінен 17 есе кіші.

2. Математикалық теңдеуді оқыңыз.

1. y=x-2

2. x+y=5

3. x=4y

4. 2x=y-3

Келесі түрде оқылуы мүмкін:

  • у өрнегі х-тен 2-ге артық немесе х өрнегі у-тен 2-ге кем;
  • х және у өрнектерінің қосындысы 5-ке тең;
  • х өрнегі у-тен 4 есе артық немесе у өрнегі х-тен 4 есе кем;
  • х өрнегі у-тен 3-ке кем шамасынан 2 есе артық немесе басқа да жауаптар қабылданады.

Дескрипторлар:

  • кемінде бес мәтінді математикалық тілде жаза алады;
  • кемінде үш математикалық тілде жазылған теңдеуді оқи алады.

2. Оқушыларға «Автобус аялдамасы» жұптық дидактикалық ойынын ұсынамын. Ол үшін сыныптағы парталарды әр жұп бір аялдамада түйісіп қалмайтындай, кезектесетіндей тапсырмаларды орындайтындай ретпен орналастыру керек. Әрбір партаға аялдама аты жазылып қойылады.

Сабақ басында оқушылар жұппен өздерінің қозғалыс бағытын (маршрут) таңдайды, өздерінің қозғалыс бағыты бойынша аялдамадан аялдамаға келген кезде сәйкес тапсырманы орындайды, келесі аялдамаға көшеді, сөйтіп тапсырмалар орындалып болған соң дәптерлері тексеріледі. Бірінші бастағанда қай жұп қандай тапсырма орындады сол жұпты мұғалім критерий бойынша тексереді, ол жұп қалған жұптарды критерий бойынша тексереді, әрі бағалайды. (Жұпты бағалау бетшесі қосымша №1)

Тапсырмалар

1) «Дүкен» аялдамасы

Майра 3 банан , 2 тоқаш үшін 135 тг төледі. 1 банан 1 тоқаштан 20 тг қымбат. 1 бананның бағасы неше теңге? 1 тоқаштың бағасы неше теңге?

2) «Мектеп» аялдамасы

Екі санның қосындысы 58- ге тең. Бірінші сан екінші саннан 8- ге артық. Осы сандарды табыңыз.

3) «Ферма» аялдамасы

Асхат фермадағы лақтардың және тауықтардың аяқтарын санағанда, барлығы 46 аяқ болды. Олардың бастарын санағанда, барлығы 17 болды. Фермадағы лақтар мен тауықтар санын анықтаңыз.

4) «Саяхатшылар» аялдамасы

Саяхатшылар 1 сағ қайықпен, 1,5 сағ катермен жүзіп, 42 км қашықтыққа барды. Катердің жылдамдығы қайықтың жылдамдығынан 4 есе артық. Қайықтың жылдамдығын табыңыз. Катердің жылдамдығын табыңыз.

5) «Музыка мектебі» аялдамасы

Хорға қатысқан ұлдардың ширегі, қыздардың үштен бір бөлігі өлеңді айқайлап айтты. Қалғандары жәй айтты. Өлеңді айқайлап айтқан қыздар мен ұлдар саны 8. Өлеңді айқайлап айтқан қыздардың ұлдардан 2-уі артық. Хорға неше ұл, неше қыз қатысты?

Дескриптор

1

негізгі белгісізді анықтайды

2

негізгі белгісізді пайдаланып өрнек құрастырады

3

теңдеулер жүйесін құрады

4

теңдеулер жүйесін шешеді;

5

есептің жауабын табады

Слайд 4-6

Әр оқушыға жеке парақшалар таратылады.

Қосымша 1.

Слайд 7-13

Сабақтың соңы

36-40 минут

Сергіту сәті. Жұптасып орындайды.

Оқушылар парақшаға график сызады. Оны көршісі бір парақ қағазды төбесіне қойып, көршісіне қарап отырып мұрнымен ауада графикті салады.

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 минут)

«Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).

  • Бүгінгі сабақта... білдім
  • … үйрендім
  • … қиындықтар туындады
  • … әлі де жұмыс жасауым керек
  • … маған қызық болды?

Үйге тапсырма:

Өзін-өзі бағалау нәтижесі бойынша өзінің ақсаған тұсын анықтап, үйден қайталау.

Слайд 14-15

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар бірлесе отырып жұппен жұмыс жасайды. Олар бір-біріне көмек көрсету арқылы тапсырмаларды бірлесіп шығарады. Жұппен жұмыс бойынша әр жұп шығарған есептерін талдайды.. Баяулау келе жатқан оқушыларға озық оқушылардың жеткен жетістігіне жету үшін үйде толықтырулар жасауларын сұраймын.

Оқушы бірін –бірі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Денсаулық сақтау технологиялары:

Баланың жас ерекшелігін ескеріп үй тапсырмасын өлшемді етіп беремін, сабақта интербелсенді тақтаны ұзақ уақыт пайдаланбаймын.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары: Талас тудыратын мәселеде оқушылар бірлесе жұмыс жасау мәдениетін ұстануына, белгілі бір тәртіптің болуына жағдаяттар туындатамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу