Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ижанова Ж.О.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері

Оқу мақсаттары

6.2.2.18 екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі реттелген сандар жұбы болатынын түсіну.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін біледі және түсінеді;

- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі сандар жұбы екендігін түсінеді.

Бағалау критерийлері

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін білу және түсіну;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі сандар жұбы екендігін түсіну.

 Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құра алады және түсінеді;
  • математикалық модельдің жасалуын сипаттайды;
  • сызықтық теңдеулерді, сызықтық теңдеулер жүйесін шешу барысында тепе-тең түрлендірулердің орындалуын түсіндіре алады;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- екі айнымалысы бар теңдеу;

- екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесінің шешімі;

- теңдеулер жүйесі;

- жүйенің шешімі;

- шынайы жағдаят;

- ең кіші мән;

- шексіз көп жауабы бар;

- бос жиын;

- сандар жұбы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- екі айнымалыны енгіземіз;

- жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз;

- теңдеулер жүйесін шешу;

- екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін құрастырамыз;

- теңдеулер жүйесін қанағаттандыратын сандар жұбы оның шешімі болып табылады;

- осы сандар жұбы жүйенің шешімі болып табылады;

- екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесінің шешімі сандар жұбы болып табылады;

- екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесінің шешімі бос жиын болып табылады

- екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесінің шешімі шексіз болады.

Құндылықтарды дарыту

Топтық талқылау барысында сөздік қоры дамиды, академиялық шынайылық қалыптасады. Достық, адамгершілік қасиеттері артады.

Пәнаралық байланыс

Математикалық модель құруда тілді білу және түсіну, жаратылыстану ғылымдарымен байланыс және күнделікті өмірден мысалдар келтіре білу.

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты табу, қосымшаларды пайдалану арқылы АКТ-ны қолдану.

Бастапқы білім

Сызықтық теңдеулерді құра білу, оның шешімін табу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

Сабақтың басы

8 мин.

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сыныпты 2 топқа бөлу.

Балалар, сіздерге тапсырма

«Қайталау – оқу анасы»

  • Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды? (ах=b)
  • Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады? (түбірлері бірдей теңдеулер)
  • Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер? (2 қасиет)
  • Егер болса, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің түбірі қалай табылады? (теңдеудің екі жағында а-ға бөліміз)
  • Теңдеулерге негізгі ғылыми еңбектерін арнаған қазақтың қандай ғалымын білесіңдер? (Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы)

Сергіту сәті: «Адасқан әріптер»

1) еңдеут (теңдеу)

2) йнаыламы (айнымалы)

3) ызқытқыс (сызықтық)

4) үйже (жүйе)

5) дарнас ұжбы (сандар жұбы)

слайд

https://doc4web.ru/algebra/konspekt-uroka-algebri-v-klasse-po-teme-sistemi-dvuh-uravneniy-s.html

Сабақтың ортасы

3 мин

10мин

10 мин

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе. Топтық тапсырма.

І. «Артығын алып тастаңыз»

  • -0,8x2 = 48; 2) -1,2х = -3,6;

3) 6у = 2,4; 4) 3z = - 9;

ІІ. «Бір шешімді теңдеулер»

1) 0х=0; 2) 0х = 4; 3) -5х = 0.

Кері байланыс.

Жаңа сабақ. 3 топқа беріледі.

1 топ тапсырмасы

№1. y = x -1 y = 3x-1 түзулерінің

  • графиктерін салыңыз
  • екі түзудің орналасуын анықтаңыз
  • түзулер қиылысса, онда түзулердің қиылысу нүктесінің координатасын анықтаңыз.

1І топ тапсырмасы

№2. y = -3,5x -6 -7x-2y =12 түзулерінің

  • графиктерін салыңыз
  • екі түзудің орналасуын анықтаңыз
  • түзулер қиылысса, онда түзулердің қиылысу нүктесінің координатасын анықтаңыз.

ІІІ топ тапсырмасы.

№3 . y = x -1 y = x+5 түзулерінің

1) графиктерін салыңыз;

2)екі түзудің орналасуын анықтаңыз

3) түзулер қиылысса, түзулердің қиылысу нүктесінің координатасын анықтаңыз.

Оқушылар топта тапсырмаларын постерде орындайды.Тақтада жұмыстарын қорғап,бағалау критерийі бойынша бірін-бірі сағат тілі бойымен бағалайды.

Топтық жұмыс үшін мұғалімнің кері байланысы жаңа тақырыпты меңгеруге алып келеді.

  • Жүйе деп аталынатын жаңа ұғым енгіземіз. Ол сызықтық екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі деп аталады. Оған енетін екі теңдеу де сызықтық болғандықтан екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі деп аталады.

Бірінші топ үшін жүйе былай белгіленеді:

немесе түрлендіру арқылы

теңдеулер жүйесін аламыз.

Олай болса x = 0, y = -1 сандары жүйенің шешімі деп аталады.Оны қысқаша қатаң реттілікпен (0; -1) деп белгілейді.

Екінші топ үшін жүйе былай белгіленеді:

немесе түрлендіру арқылы

теңдеулер жүйесін аламыз.

Бұл жүйедегі екі түзу бір-бірімен беттесетін болғандықтан, жүйенің шексіз көп шешімдері бар болады.

Үшінші топ үшін жүйе былай белгіленеді:

немесе түрлендіру арқылы

теңдеулер жүйесін аламыз.

Бұл жүйедегі екі түзу бір-біріне параллель болғандықтан,жүйенің шешімі болмайды және ол былай белгіленеді: Ø

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі деп жүйедегі әрбір теңдеуді тура теңдікке айналдыратын сандар жұбы алынады.

Деңгейлік тапсырмалар

А-тобы.

№ 4.

x = 5, y = 2 немесе (5;2) сандар жұбы теңдеулер жүйесінің шешімі болып табылатындығын дәлелдеңіз.

№5.

В-тобы

(4;5), (3;-2), (2;1) сандар жұбының қайсысы теңдеулер жүйесін шешімі болып табылады?

С-тобы

№6. «Екі санның қосындысы 9-ге тең, ал олардың айырмасы 1-ге тең». Осы есепке сәйкес жүйені анықтаңыздар:

А) В) С)

http://www.myshared.ru/slide/1214463/

Сабақтың соңы

8 мин

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

№7. Теңдеулер жүйесінің шешімін табыңыз:

Кері байланыс

Сабақтың соңы

1 мин

Бекіту сұрақтары:

Рефлексия жазу.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты

Үй тапсырмасын күнделікке жазу

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өткен материалды қайталау мен тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, тапсырма қиындығына байланысты, оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен және жекеше жұмыс түрлеріне сай ұсынылды.

Қиынырақ есептер беріп, олардың нәтижесімен қорытынды жасату және бағалату.

Жеке тапсырмалар беру арқылы бағалау.

Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды.

Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу