Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Атырау қаласы НЗМ ХББ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.13

сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану;

6.5.1.7

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • мәтін есептерді шешуде жазуларын қолданып үйрену;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері көмегімен мәтін есептерді шешуді үйрену.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • мәтін есептерді шешуде жазуларын қолданады;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері көмегімен мәтін есептерді шешеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • мәтін есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы шешеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • - екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • жүйенің шешімі;
  • алмастыру тәсілі;
  • қосу тәсілі;
  • мәндес жүйелер;

екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- «х - , у - ... болсын»;

- айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз;

- жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

 Құндылықтарды

  дарыту

Пікірін көпшілік алдында математикалық тілде жеткізе алу, диалог барысында өзімен бірге басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер арқылы құндылықты іске асыру.

 Пәнаралық

  байланыстар

Мәтін есептердің (қолданбалы сипаттағы есептер, өмірден алынған есептер) математикалық моделін құру білімі жаратылыстану-ғылыми пәндерінің көптеген бағыттарын және экономиканы меңгеруде негізгі дағды болып табылады; теңдеулерді шешу дағдылары алгебра тарауларын жақсы меңгеруде қажет болады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушыларды Active Board-тың кең спектрін пайдалануды үйрету, АКТ бойынша дағдыларын дамыту және жетілдіру.

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Біріккен оқу ортасын құру

Үй тапсырмасы бойынша түсінбеген оқушылар болса көмек ұйымдастыру, талқылау.

Сабақтың ортасы

2 13 мин

13 – 38 мин

Сыныппен жұмыс тапсырмалары

Тарау бойынша қайталау тапсырмалары

№1. Екі таңбалы сан өзінің цифрларының қосындысынан 4 есе артық, осы санда табыңыздар.

Жауабы: 12; 24; 36; 48.

№2. Әкесі мен қызының жасын бірге алғанда 62 жас болды. 4 жыл бұрын әкесінің жасы қызының жасынан 8 есе үлкен еді. Олардың әрқайсысының жасы нешеге толды?

Жауабы: 10 жас; 52 жас.

№3. Теңдеулер жүйесін шешіңіздер:

Жауабы: (-1; 1).

Критерий бойынша біріккен түрде бағалау жүргізіңіздер. Алдымен бағалау критерийін оқушыға айтуға мүмкіндік жасаңыз. Кері байланыс беріңіз.

Бөлім бойынша жиынтық (ББЖ) бағалау тапсырмалары:

1. Берілген (8; 1,4), (0; -3), (12; 4), (-10; -2,6) нүктелерінің қайсысы теңдеуінің шешімі болады?

2. Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңіз:

3. Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешіңіз:

4. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12 – ге тең. берілген екі таңбалы санның соңына 0 – ді тіркеп жазсақ, алғашқы саннан 837 – ге артық сан болады. Екі таңбалы санды табыңыз.

Қосымша 1

Слайд 4

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 2 - 4

Слайд 5 - 8

Сабақтың соңы

38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

Оқушылардың бүгінгі сабақ барысында алған әсерлерін тыңдау

  • ұсынылған тапсырмалар туралы оқушылар пікірі;
  • тапсырмалардың күрделілігі туралы оқушылардың пікірі;
  • тапсырмалардың түсініктілігі туралы оқушылар пікірі.

Үйге тапсырма

Жыл бойы оқылған оқу мақсаттарына шолу жасау, негізгі ұғымдар, формулаларды шолу.

Рефлексия

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 9 - 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде өтілген материалдар бойынша қайталау тапсырмалары күрделендеріліп ұсынылды, оқушы қабілеті ескерілді.

Жалпы сыныптық жұмыста критерий бойынша бағалау, мұғалімнің кері байланысы.

Оқушылардың ұқыпты тыңдап, қайталауына назар аударыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.