Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері | Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Саменов К.А. | ||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару | ||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.13 сандармен байланысты есептер шығаруда жазуларын қолдану; | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
| ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: - математикалық модель; - шынайы жағдаят; - ең кіші мән. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - теңсіздікті қанағаттандыратын ең үлкен бүтін сан; - айнымалыны енгіземіз; - жүйені құрастырып және оны шешеміз; - жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз. | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, жұпта және топта өз ойын жеткізу және өзгені тыңдауға, бағалауға үйрету | ||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сызықтық теңдеулерді, сызықтық теңсіздіктерді, сызықтық теңдеулер жүйесін шеше біледі. | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Басы 0-10 мин | І. Ұйымдастыру. Амандасу. Ынтымақтастық ахуал орнату. Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтады. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар бір-бірінің дәптерлерін алып тексереді (өзара тексеру), тақтаға бағалау критерийлері шығарылады. Бейнебаян көрсету. | Слайд 1-3 https://twig-bilim.kz/kz/film/the-arabic-science-of-balancing | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 11-35 мин | Оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру Оқушылардан 2584 санын разрядтық қосылғыштар түрінде жазуын сұрау. 2584 cаны 4 бірлік, 8 ондық, 5 жүздік, 2 мыңдықтан құралған. Осы санды олардың қосындысы түрінде жазып көрсетуге болады: 2584 = 2*1000 + 5*100 + 8*10 + 4*1. Сыни сұрақ: Оқушылардан және жазылуындағы айырмашылықты сұрау. Теориялық мәлімет: Мәтіндік есептерді шешу барысында бірлікті, ондықты, жүздікті және т.б. әртүрлі әріптермен белгілейміз және оны осындай әріптер арқылы берілген сандармен шатастырмас үшін әріптердің үстіне сызықша қоюмыз керек. Мысалы: Екі таңбалыс сандарды Үш таңбалы сандарды Төрт таңбалы сандары Топтық тапсырма: Дескрипторлар:
Мысалмен тақырыпты бекіту: Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 12-ге тең. Егер оның цифрларының орындарын ауыстырсақ, соңғы шыққан сан алғашқы саннан 54-ке артық болады. Алғашқы екітаңбалы санды табыңыз. Шешуі: Екі таңбалы санның формуласын қолданып есептеудің алгоритмін оқушыларға беріп, түсіндіру: Жұптық тапсырма: №1. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 9-ға тең. Егер оның цифрларының орындарын ауыстырсақ, соңғы сан алғашқы саннан 45-ке артық болады. Алғашқы екі таңбалы санды табыңыз. №2. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 9-ға тең. Егер оның цифрларының орындарын ауыстырсақ, алғашқы саннан 63-ке кем сан шығады. Алғашқы сан қандай сан? №3. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 10-ға тең. Егер осы цифрлардың орындарын алмастырып, шыққан санның бірлік цифрын 1-ге арттырсақ, онда берілген саннан екі есе үлкен сан шығады. Берілген екі таңбалы санды табыңыз. Дарынды және қабілетті оқушыға шығармашылық тапсырма: Бағалау критерийі:
| 4 слайд 5 слайд 7-9 слайд Үлестірмелер Слайд 9-12 Қосымша 1. | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | Сергіту сәті. Фигуралардың аттарын айта отырып оқушыларға ауада орындату. Әуелі бір қолмен үшбұрыш, төртбұрыш сыздырту, сосын бір аяқпен плюс, ромб салдырту, кейін мұрын немесе көздің көмегімен басқа да фигуралар салдырту. (дене жаттығуларын орындату) Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 мин) «Табыс баспалдағы» (дәптерге жазады).
Үйге тапсырма: Өзін-өзі бағалау нәтижесі бойынша өзінің ақсаған тұсын анықтап, үйден қайталау. №1. Берілген екі таңбалы санның ондық цифры бірлік цифрынан үш есе артық. Егер осы цифрлардың орнын ауыстырсақ, онда берілген саннан 36-ға кіші сан шығады. Берілген санды табыңыз. №2. Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 11-ға тең. Егер осы цифрларының орындарын алмастырып, шыққан санның бірлік цифрын 7-ге кемітсек, онда берілген саннан екі есе үлкен сан шығады. Бастапқы екі таңбалы санды табыңыз. | Слайд 13-15 | |||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Оқушылар бірлесе отырып жұппен жұмыс жасайды. Олар бір-біріне көмек көрсету арқылы тапсырмаларды бірлесіп шығарады. Жұппен жұмыс бойынша әр жұп шығарған есептерін талдайды.. Баяулау келе жатқан оқушыларға озық оқушылардың жеткен жетістігіне жету үшін үйде толықтырулар жасауларын сұраймын. | Оқушы бірін –бірі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады. | Денсаулық сақтау технологиялары: Баланың жас ерекшелігін ескеріп үй тапсырмасын өлшемді етіп беремін. Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары: Талас тудыратын мәселеде оқушылар бірлесе жұмыс жасау мәдениетін ұстануына, белгілі бір тәртіптің болуына жағдаяттар туындатамын. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру