Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2А бөлім: Рационал сандар және оларға амалдар қолдану. Сабақ -1

 Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

 Мұғалімніңаты-жөні: Абдрахманова Н.А.

Сынып: 6

 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Сабақтың түрі

 Жаңа материалмен таныстыру, түсіндіру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.17

рационал сандарды көбейтудің қасиеттерін қолдану.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • рационал сандарды қосудың қасиеттерін қолданады;
  • рационал сандарды көбейтудің қасиеттерін қолданады;
  • ауызша көбейте білу машықтарын дамытады.

Тілдік мақсат

Оқушы:

  • берілген сабақтың математикалық терминологиясын қолданады;
  • рационал сандарды көбейтуді ауызша айқындайды;
  • рационал сандарды көбейту ережелерін тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;
  • теріс сан;
  • бүтін сан;
  • рационал сан;
  • санның модулі;
  • таңбалары бірдей сандар;
  • таңбалары әртүрлі сандар;
  • ауыстырымдылық қасиеті;
  • терімділік қасиеті.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • таңбалары әртүрлі сандарды қосу үшін;
  • таңбалары бірдей сандарды қосу үшін;
  • таңбалары әртүрлі сандарды көбейту үшін;
  • таңбалары бірдей сандарды көбейту үшін;
  • қосудың ауыстырымдылық қасиеті;
  • қосудың терімділік қасиеті;
  • көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті;
  • көбейтудің терімділік қасиеті.

Бағалау критерийі

Оқушы:

  • рационал сандарды кобейтуді тиімді тәсілмен орындайды;
  • рационал сандарды бөлуді тиімді тәсілмен орындайды;
  • рационал сандарды қосуды тиімді тәсілмен орындайды.

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа,ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге, бірін бірі сыйлауға баулу. Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету.топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау.

Бастапқы білім

Оң сандар және теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Рационал сандарға амалдар қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

2-минут

Сабақтың басталуы

Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім және оқушылар бір-бірімен амандасады. Өзара сыйластық құндылығын дамыту.

Мұғалім оқушылардың зейінін шоғырландыратын тапсырма орындайды.

Мысалы, оқушылар бір парақ қағазбен қаламды алады. Барлық зейінін оқушылардың қолындағы нәрсеге бағыттау қажет.Оқушылар 1-2 минут осы нәрсеге қарап тұрулары қажет. Көңілдері бұзылып, басқаға бұрылса, онда қағазға белгі жасайды сосын қайтадан жаңағы бастапқы нәрсеге көңіл бөлу керек. Уақыт өткеннен соң әрбір оқушыға қанша рет көңілі,зейіні бұзылғанын санау қажет.

Мұғалім оқушылардың көмегімен бүгінгі сабақтың тақырыбы, оған сәйкес мақсаты және күтілетін нәтижесі анықталады.

www.for6cl.uznateshe.ru/sochetatelnoe–svojstvo–umnozheniya/

(слайд 1-2)

Сабақтың басы

3-минут

Жаңа білімді меңгеру

(10-минут)

Ауызша есептеу.

Презентация. Слайдтар № 3.

Оқушылар рационал сандарды көбейтіп, таңбалар ережесін еске түсіріп, есептейді.

Білім жаңғырту. Сөйлемді аяқтаңыз:

1. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан…

2. Кез келген санның нөлмен көбейтіндісі...

3. Таңбалары әр түрлі сандардың көбейтіндісінің...

4. Екі теріс санның көбейтіндісі таңбасы ... .

Оқушылардың өздері жауабын ұсынады.

Бұл этапта оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, бірін бірі сыйлау дағдылары дамытылады.

Мысал:

1. Жақшаны ашыңдар:

a) (a+6);

b) (3-2b);

c) 8(3c+7d).

2. Өрнекті ықшамдаңдар:

a) 56x-34x;

b) 97y+43y;

c) 7z-2z+4.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік заңдарын математикалық тілде жазыңдар.

2. Заңдарды қолдана отырып, есептеңдер:

1. Көбейтудің азайтуға байланысты үлестірімділік қасиеті: айырманы санға көбейту үшін азайғышты да, азайтқышты да санға көбейтіп шыққан нәтижелерін азайту керек.

(a-b)*c=a*c-b*c

2. Көбейтудің қосуға байланысты үлестірімділік қасиеті: қосындыны санға көбейту үшін қосылғыштардың әрқайсысын санға көбейтіп шыққан нәтижелерін қосу керек.

(a+b)*c=a*c+b*c

1. Тапсырма

а) -500,9(-2)(-0,03), жауабы:-2,7

б) -12,50,25(-0,6)0,8(-4); жауабы:-6

в) - жауабы:

г) 0,3(-4,28)+0,3(-5,72); жауабы:-3

д) (- жауабы: -7

2. Тапсырма

Көбейтудің терімділік заңын қолдана отырып, жақшаны ашыңдар:

1) -(a-b):

2) -3(c+d);

3) 2(-x+y);

4) x(-x+2y+1);

5)-5x(x-0.2y+0.6n-1.8)

3. Тапсырма

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар.

а) -2a +2b;

б) xc-xd;

в) -14x-21y+28;

г) 4

д) -15xy+3yz-9.

Бұл жерде оқушылар өздігінен ақпарат алуды үйрену, талдау, өзінің жасаған жұмысына баға беру өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету,сынға дұрыс қарауды дарытады.

Мұғалім сұрағы:

  • Барлық тапсырмаларды орындай алдыңыздар ма?
  • Қандай қиындық туындады?
  • Қиын есептің шешімі қалай табылды?

Презентация

Виленкин В.И. и др_Математика 6кл

Слайдтар № 3

ДорофеевГ.В.,Петерсон Л.Г._математика_6 класс_ 2 часть

Слайдтар № 4-5

Қосымша-1

Сабақтың ортасы

10 минут

Сабақты бекіту

10 минут

1-минут

Өтілген тақырыпты есептерді шығару арқылы бекіту.

Жұптық жұмыс

Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге, бірін бірі сыйлауға баулу құндылықтары дарытылады.

Тапсырма 1.

Тиімді тәсілмен есептеңдер.

а) -2 Жауабы:0

б) -0,25 Жауабы: -1

Тапсырма 2.

Теңдеуді шешіңдер.

а) 2 Жауабы:

б) 3 Жауабы: 2

Тапсырма 3.

Пәтер екі бөлмеден тұрады. Ең үлкен бөлменің ұзындығы , ал

ені 4 м. Кіші бөлменің ұзындығы 4 м,ал ені 3. Кіші бөлменің ауданы үлкен бөлменің ауданыннан қаншаға кіші?

Презентациядағы дайын жауаптар бойынша бірін-бірі тексеріп, дескриптор бойынша бағалайды.

Жауабы: 8 м

Жеке жұмыс

Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету.топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау құндылықтары дарытылады.

Тапсырма 1.

Есепте:

а) (1,6-12) (-2,5+3); жауабы: -5,2;

б) - жауабы:

в)-15,87(-1,09) -(-5,87) (-1,09) жауабы:10,9.

Тапсырма 2.

Салыстырыңдар:

а) -04(2) және -;

б) -1және -1,56.

Тапсырма 3.

Өрнекті ықшамдаңдар:

а) х-0,8-2,3-х+1,4; жауабы: -1,7;

б) 102-х-0,9+2,6+х. жауабы: 103,7.

Тапсырма 4.

Теңдеуді шешіңдер.

а) -2,8(3х+7)-4,2=1,4; жауабы: а) х=-3;

б) 2х=х(х+1,5); жауабы: б) х=0,5. х=0

Дайын есептердің жауабымен өзін өзі тексеру. Оқушылар өзінің және сыныптастарының, жұмыстарын белгілі бағалау критерийлер бойынша бағалай алады.

«көз жаттығуын» жасау

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Әртүрлі таңбалы және бірдей таңбалы рационал сандарды көбейте алады

Әртүрлі таңбалы рационал сандарды көбейтеді

бірдей таңбалы рационал сандарды көбейтіп, бөле алады

Жақшаны аша алады

Көбейтудің терімділік және ауыстырымдылық заңдарын пайдалып, көбейтуді орындайды

Үй тапсырмасы:

1. Есепте:

а) -12,5(-0,08);

б) 392:(-2,8);

2. Теңдеуді шешіңдер:

а) -8(х+6)=0;

б) -y(y-3)=0;

3. Жақшаны ашыңдар:

-5х(х-02y+0.6n-1.8).

Қосымша-2

Слайд № 8.

Қосымша-3

Қосымша-4

Слайд №9

Сабақтың соңы

4-минут

Сабақты қорытындылау:

  • Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
  • Неліктен?
  • Жұмыста нені ескермедіңіздер?
  • Неліктен?
  • Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1.Нені үйрендім?

2.Нені білгім келеді?

3.Нені түсінбедім?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді.Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында слайдқа қарағандықтан «көз жаттығуын» жасатамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.