Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру; Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

 5.3B Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (35 сағ)

Мектеп: Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

1-сабақ

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру;

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру;

Сабақ мақсаттары

  • ондық бөлшектерді разрядтары бойынша және координаталық сәуледе салыстырады

Сабақ типі

  • жаңа материалды меңгеру сабағы

Бағалау критерийлері

Білу: Ондық бөлшекткерді салыстыру тәсілдерін біледі;

Түсіну: Өзара тең ондық бөлшектерді анықтай алады және разрядтары бойынша санды жіктеуді түсінеді;

Қолдану: Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша және координалық сәуледе салыстыра алады;

Талдау: Есептің шартын талдай отырып, теңсіздікті қанағаттандыратын-дай қажетті цифрларды анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру ережесін негіздеп қолдана алады;
  • ондық бөлшектерді координаталық сәулеге кескіндеуді тұжырымдай алады;
  • ондық бөлшектерді салыстыруды түсіндіре алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- разрядтары бойынша сандарды жіктеу;

- сандарды разрядтары бойынша салыстыру;

- жоғары (үлкен) разряд;

- төменгі (кіші) разряд;

- разрядтық бірліктер;

- ондық таңбалар.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

егер ондық бөлшектің соңына бір немесе бірнеше нөлдер тіркеп жазылса ( алып тасталса), онда ...бөлшек шығады;

- координаталық сәуленің бойында екі ондық бөлшектің ... орналасса, сол бөлшек үлкен (кіші) болады;

- ондық бөлшектерді салыстыру үшін алдымен бүтін бөліктері салыстырылады, егер бүтін бөліктері тең болса, онда ...;

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыста - өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеу, пікірлерін тыңдау, ашық өз ойларын жеткізу, адамгершілік, бағалауда - шыншылдық, жарқындылық.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, физика

АКТ қолдану дағдылары

BilimLand сайттын жаңа материалды меңгеру үшін қолдау, ауызша тапсырмалар орындау арқылы итернет ресурстармен жұмыс жасау дағдылырын дамытады. Сабақтың әр кезеңінде қорытындылауды тиімді жүзеге асыру үшін презентациямен жұмыс және тапсырмаларды Activ Board –та орындау арқылы интерактив тақтамен жұмыстану дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім

Жай бөлшекті ондық бөлшектерге айналдыра алады; ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

5 минут

3 минут

1. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Топқа бөлу

Өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру.

Жұмыстың мақсаты: Жай бөлшектерді ондық бөлшектерге айналдыра білу және жай бөлшектерді салыстыру бойынша білімдерін жинақтау, жүйелеу. Жаңа сабақты өткен сабақ тақырыбымен байланыстыру.

Оқушының әрекеті: топшаларды кездейсоқ таңдайды, топшадағы жай бөлшектерді салыстырады, өсу ретімен қатарға тұрады және оларды ондық бөлшекке айналдырады.

Қатардағы оқушылар бірінші, екінші, үшінші деп санап үш топқа бөлінеді.

Мүғалімнің әрекеті: жай бөлшектерді салыстыруда оны ондық бөлшектерге айналдыруда оқушылардың жұмысын мақтау, мадақтау арқылы бағалау.

3. Проблемалық жағдай туғызу.

- Ондық бөлшектерді қалай салыстыруға болады?

- Координаталық сәуледе үлкен сан мен кіші сан бір-біріне қатысты қалай орналасады?

- Сонымен, сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Сабақтың ортасы

2 минут

5 минут

5 минут

7минут

4 минут

10 минут

4. Сабақтың мақсатын анықтау Сабақтың мақсатымен және жетістік критерийімен таныстыру және талдау.

5. Жаңа сабақты меңгеру

Презентация көмегімен жаңа сабақты меңгерту.

BilimLand сайтын пайдаланып жаңа сабақты түсіндіру, тапсырмаларын орындау

6. Топтық жұмыс.

Жұмыстың мақсаты:Ондық бөлшектерді салыстыру дағдысын қалыптастыру. Кездесетін қателіктерді жойып, күрделі есптер шығаруға ынталандыру. Бір-бірін бағалау арқылы өз ойларын батыл жеткізу. Қателесе отырып қате жою.

Оқушының әрекеті: Бірігіп жұмыстануға қолайлы жағдай туғыза отырып, тапсырмаларды бірге талдап, бір-бірлеріне көмектесіп оқулықтағы есептерді шығару.

Тапсырмалар: І топ № 1256 1); №1257 3); №1259 3), 6), 9)

ІІ топ № 1256 3); №1257 2); №1259 1), 4), 7)

ІІІ топ № 1256 2); №1257 1); №1259 2), 5), 8)

Бағалау: Әр топ жұмыстарын келесі топқа беріп бір-бірін бағалайды. Бағалауда келіспеушілік болса, сыныппен оқушылары барлығы бірігіп талдайды, бір шешімге келеді.

Бағалау критерийі:

№1256 есебі бойынша

- Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыра алады;

- Берілген цифрлардан ондық бөлшек құра алады;

- Ондық бөлшекті оқи алады;

- Ондық бөлшектерді салыстыра алады;

- Салыстыру нәтижесі бойынша өсу/кему ретімен жаза алады;

- Салыстыру нәтижесі бойынша ең үлкен/ең кіші ондық бөлшекті анықтай алады.

№1257 есебі бойынша

  • Қос теңсіздік ұғымын түсінеді;
  • Ондық бөлшектерді салыстыруды түсініп, талдау жасау арқылы қажетті цифрды таба алады;
  • Өз жауабын негіздей алады.

№1259 есебі бойынша

  • Ондық бөлшекті оқи алады;
  • Ондық бөлшектерді разрядтық қосылғыштар түрінде жазуды біледі;
  • Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша салытыра алады;
  • Жауаптарын негіздей алады.

7. Деңгейлік тапсырмалар. Формативтік бағалау

І деңгей №№1,6,8

ІІ деңгей №№2,7,9

ІІІ деңгей №№3,4,5,10

Презентация

http://bilimland.kz/kk/#lesson=10595

Алдамуратова Т.А.

Матемтика -5класс, 2015ж

Дидактикалық материал

Сабақтың соңы

3 минут

8. Үйге тапсырма.

1. №№ 1252; 1253 Алдамуратова -5 кл

2. Перзентацияны үйде қайтадан қарау.

9. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі.

- Бүгінгі сабақта кімнің жауабы саған жаңа сабақты жақсы түсінуге әсер етті?

- Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болды?

- Сабақ мақсатына жеттім деп ойлайсың ба? Жепесең неліктен?

Қосымша ақпараттар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Үй тапсырмасын тексеру барысында қабілетті оқушылар көшбасшылық қабілеттерін дамыта отырып, сыныптастарына көмектесуге тырысады.

Топтық тапсырмалар орындауда қабілетті оқушыларға өзбетімен жұмыстануға мүмкіндік беру. Деңгейлік тапсырмалар орындауда білімін тереңдетуге мүмкіндік алкады.

Топ мүшелері бірігіп келесі топ мүшелерін бағалау, қойған бағаларына комментария беру

АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу