Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру; Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3B Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (35 сағ) | Мектеп: Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы: 2-сабақ | Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру; | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.2.26 ондық бөлшектерді салыстыру; | ||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||
Сабақ типі |
| ||||||||
Бағалау критерийлері | Қолдану: Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша және координаталық сәуледе салыстыра алады; Талдау: Стандартты емес жағдайларда ондық бөлшектерді салыстыра алады. Есептің шартына зерттеу жүргізе алады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология: - разрядтары бойынша сандарды жіктеу; - сандарды разрядтары бойынша салыстыру; - жоғары (үлкен) разряд; - төменгі (кіші) разряд; - разрядтық бірліктер; - ондық таңбалар. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: егер ондық бөлшектің соңына бір немесе бірнеше нөлдер тіркеп жазылса ( алып тасталса), онда ...бөлшек шығады; - координаталық сәуленің бойында екі ондық бөлшектің ... орналасса, сол бөлшек үлкен (кіші) болады; - ондық бөлшектерді салыстыру үшін алдымен бүтін бөліктері салыстырылады, егер бүтін бөліктері тең болса, онда ...; | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмыста - өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеуашық өз ойларын жеткізу, адамгершілік, бағалауда - шыншылдық, жарқындылық. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, физика | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақтың әр кезеңінде қорытындылауды тиімді жүзеге асыру үшін презентациямен жұмыс және тапсырмаларды Activ Board –та орындау арқылы интерактив тақтамен жұмыстану дағдыларын дамыту. | ||||||||
Бастапқы білім | Ондық бөлшектерді салыстыркдың тәсілдерін біледі. | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 1 минут 2 минут 7 минут
1 минут | 1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Жұмыстың мақсаты: Үй тапсырмасын орындауы бойынша білім деңгейлерін анықтау. Оқушының әрекеті: Сыныптасымен дәптерлерін алмастырып мұғалімнің берген дұрыс жауабымен тексереді. Бағалау:Бір-бірін бағалау Бағалау критерийі: - Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша жіктеді; -Разрядтары бойынша ондық бөлшектерді салыстырды; - Ондық бөлшектерді натурал сандарға айналдырды; - Натурал сандарды салыстыра біледі, нәтижесін ондық бөлшектерді салыстыруда қолданды; - Жауаптарын дұрыс жазды; -Жауаптарын негіздей алады. 3. Сыныптасының ауызша тапсырмасы. Жұмыстың мақсаты: Тапсырма құрастыру оқушылардың алғын білімдерін жүйелеуге, сыни тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді. Оқушының әрекеті: Әр оқушы сыныптасына 1-2тапсырма береді, оны оқушылар ауызша орындайды. Дұрыс жауаптарына ұпайдан жинап отырады. 4. Жұпқа бөлу. Сегіту сәті. Жұмыстың мақсаты: Тақырыпты жете түсінген оқушымен әлі де тақырыпты меңгеруде олқылық жіберетін оқушылар жұптасып, сынып оқушыларының тақырыпты толық меңгеруін ұйымдастару. Оқушының әрекеті: Оқушылар ортаға шығып, жинаған ұпайлары бойынша бір қатарға тұрады. Ең көп ұпай жинаған оқушымен ең төмен жинаған оқушы жұптасады, т.с.с. жұптарын табады. |
| |||||||
Сабақтың ортасы 2 минут
12 минут 10 минут 5 минут | 5. Сабақтың мақсатын анықтау Сабақтың мақсатымен және жетістік критерийімен таныстыру және талдау. 6. Жұптық жұмыс. оқулықпен жұмыс С тобы №№1 266, 1 267, 1 268 Жұмыстың мақсаты: Жоғарғы деңгейдегі есептерді шығару арқылы оқушылардың зерттеушілік, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушының әрекеті: Жұбымен бірге тапсырмалардың шарттарын талдап, бір дұрыс шешімге келіп жұмыстану, тапсырмаларды орындау. Мұғалімнің әрекеті: Жұптардың жұмыстарын сырттай бақылап, көмек қажет боғанда бағыттау, ынталандыру. Бағалау критерийі:
7. Жеке жұмыс Дидактикалық материалдан тапсырмалар Жұмыстың мақсаты: Жеке жұмыстан отырып, стандартты емес тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Мұғалімнің әрекеті:Қабілеті жоғары оқушыларға өзбетімен жұмыстануға мүмкіндік беру. Көмекті қажет ететін оқушыларғы нұсқау, бағыт-бағдар беру. 8. kahoot! Бағдарламасы бойынша ауызша тест Жұмыстың мақсаты:Тест орындау арқылы білімдерін қортындылау, бағалау және пәнге деген қызығушылығын арттыру. | Презентация Алдамуратова Т.А. Матемтика -5класс, 2015ж Дидакт материал | |||||||
Сабақтың соңы 5минут | 9. Үйге тапсырма. 1. №№ 1261; 1262 Алдамуратова -5 кл 2. Перзентацияны үйде қайтадан қарау. 10. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі. - Бүгінгі сабақтан өзіңе не алдың? - Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болды? - Қаншалықты сабақ мақсатына жетті? - Өз көңіл күйінді белгімен көрсет | ||||||||
Қосымша ақпараттар | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Үй тапсырмасын тексеру барысында қабілетті оқушылар көшбасшылық қабілеттерін дамыта отырып, сыныптастарына көмектесуге тырысады. Жеке тапсырмалар орындауда қабілетті оқушыларға өзбетімен жұмыстануға мүмкіндік беру. | Оқытуға ынталандыру үшін, оқыту үшін бағалау, яғни жұптық және жеке жұмыстарына орынды бағыт, нұсқау беру. | АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру