19-сабақ Уақыт. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Дастанбаева Ф.К | ||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||
Тақырыбы: | 19-сабақ Уақыт | ||||||
Оқу мақсаты: | 4.1.3.4** ұзындық: (мм, см, дм, м, км) / масса: (мг, г, кг, ц, т) / аудан (мм2, см2, дм2, м2, га, а)/ көлем (мм3 , см3, дм3, м3) / уақыт: (сек, мин, сағ, тәул) өлшем бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп түрлендіру; | ||||||
Бағалау критерийлері | Уақыт өлшем бірліктерін түрлендіруді үйренеді | ||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||
Құндылықтар | Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру | ||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Уақыт туралы және уақыт өлшемдерін біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | (Т)Топтық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларға кеспеқағазда жазылған даталардың мәнін жазып көрсету, жауабын сынып болып тексеру, түсіндіру. Уақытты немен өлшейтінін сұрау және уақыттың өлшем бірліктерін өсу ретімен атау керектігін ескерту. (Ж) Оқушыларға атаулы сандар жазылған кеспеқағаздарды тарату. Жұп болып жұмыс істеуді ұсыну. Оқушылар кеспеқағаздарды уақыттың ұлғаю ретімен орналастыру. Жауабы: 45 с, 59 мин 59 с, 1 сағ 1 мин 1 с, 6 тәул. 4 сағ, 1 апта 2 тәул., 9 ай 365 тәул., 2 ғас. Сен білесің бе? Оқушыларға жылдарды сан сәулесінде салуды түсіндіру. Оқушылардан біздің заманға дейін немесе біздің заманда болған оқиғалар туралы не білетінін сұрау. (Ұ)Тараз қаласы. Сыныпта талқылау. «Тараз қаласына қай жылы 2000 жыл толды? Қаланың құрылысы қай жылы басталғанын қалай білуге болады? Бұл қай заманға жатады?» 1978 жылы, осы жылы Тараз қаласына неше жыл толғанын санауды сұрау. Кейбір оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды тапсыру. Жауабы: -Қала қай жылы құрылған? - Біздің заманымыздың 2-жылы. -1978 жылы қалаға неше жыл толды? -1976 жыл. Осы жылы Тараз қаласына неше жыл толады? -Үстіміздегі жылдан 2 жылды азайту керек. (Ж)Ойлан. Оқушылардан жұп болып 12 тәуліктің неше сағатты құрайтынын санауды сұрау. Артынан есептің сұрағына жауап алу. -Қалалардың арасын қай көлікпен тез жүріп өтуге болады? - Автокөлікпен неше есе тез жүруге болады? Жауабы: 12 · 24 = 288 (сағ) 288 : 9 = 32 288 : 6 = 48 (Ж)Есепте. Жұптардың арасында жарыс ұйымдастыру. Оқушыларға жауабын ламинатталған параққа жазу. Әрбір бірінші болып шығарған жұпқа бір дөңгелек кеспеқағаз беру. Жиналған дөңгелектердің саны бойынша бірнеше жұпты жеңімпаз деп жариялау. Жауабы: а) 1 күн 10 сағ 30 минут; ә) 20 сағ 05 мин; в) 12 жыл 1 күн, 3 жыл 11 ай. 2 күн; г) 2 мин 12 с + 1 мин 48 с = 4 мин. (Т) Қайтала. Шағын топтарға параққа есептің шартын сызба арқылы жазу. Топтарға өздері есеп құрастырып, басқа топпен алмастыруды, бағалау. Есептің шешуін оқушылармен бірге талдау. Топтық жұмысы бойынша қорытынды жасауды ұсыну. Жауабы: 24 · 7 + 24 · 4 = 264 (сағ) немесе 24 · (7 + 4) =264 (сағ) (Ұ) Шығарып көр. Тапсырманың жауабын ламинатталған параққа жазу. Атаулы санды оқыңыз, оқушылар жауабын ламинатталған параққа жазып, жоғары көтереді. Түсінбеген оқушыларға көмектесу, жауаптарына түсініктеме жасау. Жауабы: а) 1 апта, 168 сағ, 10080 мин; 38 ай, 365 · 3 + 61 = 1156 жыл (2 ай = 30 +31); 720 мин, 43200 с. ә) XX ғасыр, XIII ғасыр, IV ғасыр, XXI ғасыр, XVI ғасыр. Рефлексия «Сенемін-сенбеймін» ойынын ойнату. Сен мынаған сенесің бе … 24 сағат – бұл 1 тәулік (иә). 80 секунд – бұл 1 мин 20 секунд (иә). 1958 жыл – бұл XX ғасыр (иә). 1000 жыл – бұл I ғасыр (жоқ). 2 минут 120 секундтан көп (жоқ). | Қима қағаздар 3-слайд 4-слайд 6-слайд 7-слайд 8-слайд 5-слайд 9-слайд |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру