45-сабақ. Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу. Жолдағы уақыт. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Тақырып: 45-сабақ. Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу. Жолдағы уақыт

Оқу мақсаттары: 3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

Тірек сөздер:

  • бөлшек
  • үлес
  • шама
  • алым
  • бөлім

Ресурстар:

  • сызғыш
  • фигуралар
  • бояу қалам
  • тақта, үлестірмелі материалдар
  • қарындаш
  • смайликтер
  • карталар
  • шаблон
  • қайшы
  • тапсырма жазылған қағаз

Сабаққа қатысты деректі материалдар:

  • Бөлшектің алымы, бөлімі
  • Санның үлесі

Сабаққа арналған ескертулер

  • шаманың бөлігін табу
  • бөлігі бойынша шаманы табу;

Ынталандыру.

Оқушыларға бір сәт көздерін жұмып, ойша Алматы қаласына саяхатқа шығамыз деп көздерін жұмуды тапсырыңыз.Көздерін жұмып отырғанда жайлы дауыспен табиғаттың көркі туралы айтып отырыңыз."Жолда табиғаттың көрікті жерлерін тамашалай отырып, Алматыға жеттік"-деп көздерін ашқызыңыз. "Астанадан Алматыға дейін біз жолда тәуліктің бөлігін жүріппіз, жолға қанша уақыт кетті?"-деген сұрақ қойып, жауабын тапқызыңыз.

Саяхат, жолдағы уақыт жайында әңгімелесіңіз.

Жолға кететін уақыттың ұзақтығы неге байланысты?( Жауабы:уақыттың ұзақтығы жолдың ұзақтығына байланысты. Жолға 8 сағат уақыт кетті.)

Бой сергіту

Слайдты ашып,суреттерге қарап, бөліктерін айтқызыңыз.

1.Жұлдызшаның неше бөлігі боялмаған? ()

2. Неше бөлігі жасыл түспен боялған? ()

3. Неше бөлігі күлгін түспен боялған? ()

4. Дөңгелектің неше бөлігі боялмаған? ()

5. Дөңгелектің неше бөлігі жасыл түспен боялған? ()

6. Дөңгелектің неше бөлігі күлгін түспен боялған? ()

7. Үшбұрыштың неше бөлігі боялмаған? ()

8. Үшбұрыштың неше бөлігі жасыл түспен боялған? ()

9. Үшбұрыштың неше бөлігі күлгін түспен боялған? ()

Белсендіру.

Оқушыларға бөлшек туралы түсінікті бекіту үшін тапсырмалар жазылған карточкалар таратып беріңіз.

Тапсырмалар ұсыныңыз.

Тіктөртбұрыштың бөлігін жасыл түспен бояп қой.

Фигураның бөлігін сарымен және бөлігін қызылмен бояп қой.

Фигураның бөлігін қызғылт түспен боя.

Фигураның қандай бөлігі боялмай қалғанын жаздырыңыз.

Осыдан кейін оқулықтағы ұқсас №1 тапсырманы орындатыңыз..Бөлшектерді ататып, оларды кему ретімен жазуды тапсырыңыз.

Мынадай сұрақтар арқылы нақтылаңыз..

– «Бүтінді бөлікке бөлу» деген нені білдіреді?(Тең бөліктерге бөлу).

– Бөлшектің бөлімі нені білдіреді? (Бөлім бүтінді неше бөлікке бөлгенін көрсетеді).

– Бөлшектің алымы нені білдіреді? (Алым неше тең бөлікті алғанын көрсетеді)

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында "Жүгірме диктант"жаздырыңыз.

Сыныптың үш қабырғасына үш топқа арналып тапсырмалар ілініп қойыңыз. Белгі бойынша топтағы оқушылар кезекпе-кезек тапсырманы көріп келіп, орындайды.1-оқушы жазып жатқанда 2-оқушы жүгіріп барып көріп келіп, жалғастырады.Тапсырма жазылып біткен соң, шаблонды тақтаға іліп, тексертіңіз.

Тапсырма: бөлшек түрінде жазу.

1. Қарбыздың жартысы ()

2.Алманың төрттен бір бөлігі

3.Кесіндінің үштен бір бөлігі

4.Торттың бестен бір бөлігі

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

№2 (а) тапсырманы оқытып, есепті оқып болған соң оқушыларға мақсат қойғызыңыз.(Біз бұл есепте санның бөлігін табуды үйренеміз)

Жаңаны ашу.

№2-тапсырманы оқытыңыз.

а)Жолаушылар 24 сағат жол жүрді. Олар уақыттың бөлігін пойызда өткізді. Жолаушылар пойызда қанша уақыт болды?

Есепті шығармас бұрын талдатыңыз.

Есепте, біз бүтінді табуымыз керек пе, әлде бөлікті табуымыз керек пе?

(Мына сұраққа жауап табу керек: егер бүтін белгілі болса, бөлікті табуды есептеу керек).

– Алдымен жауапты оқушыларға өз беттерімен тапқызып,сосын шешімдерін ортаға салдырыңыз.. Өз ойларын сызба немесе сурет түрінде дәлелдетіңіз.. (қажетті сурет слайдта).

Есепті тексеру барысында оқушылар шешім шығарады: санның бір бөлігін табу үшін, осы санды бөліміне бөлу керек (шаманың бір бөлігінің неге тең екенін білу үшін).

Жолда жүрді-24 сағ.

Пойызда өткізді - ?,

Ш:24:4=6 сағ

Ж. жолаушылар пойызда 6 сағат болды.

ә)Саяхатшылар пойызда 6 сағат болды.Бұл барлық жолдың бөлігін құрайды.Саяхатшылар жолда барлығы қанша уақыт болды?

Есепті талдау:

Есепте, біз бүтінді табуымыз керек пе, әлде бөлікті табуымыз керек пе?

(Мына сұраққа жауап табу керек: егер бөлік белгілі болса, бүтінді табуды есептеу керек).

– Алдымен жауапты оқушыларға өз беттерімен тапқызып,сосын шешімдерін ортаға салдырыңыз..Өз ойларын сызба немесе сурет түрінде дәлелдетіңіз.(қажетті сурет слайдта).

Пойызда - 6сағат,бұл барлық жолдың

Барлық жол -?

Ш: 6х4=24сағ.

Ж. саяхатшылар жолда барлығы 24 сағат болды.

Келесі тапсырманы слайдқа қарап орындатыңыз.Оқушыларға сурет бойынша бөлшектерді жаздырып,мүмкіндігінше барлығына оқытыңыз. Бөлшектің алымы, бөлімі туралы айтқызыңыз.Осы жұмыс арқылы қанша оқушы бөлшекті жазуды, оқуды меңгергенін бақылаңыз.

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Сергіту сәті

Оқушыларды сергіту мақсатында"Қошемет" тренингін жүргізіңіз.

Оқушылар шеңберге жинап,, бастаушы(өзіңіз немесе оқушы) "Шашы ұзын қыздарға қошемет дегенде "ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтылып, қошемет жасалады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№3 тапсырманы түсіндіре отырып орындауды ұсыныңыз.

а)Бірінші пойыз жолда 6 сағат болды. Бұл -жолдағы барлық уақыттың жартысы.Барлық уақыт қанша?

Есепті талдатыңыз:

Үлесі бойынша санды қалай табамыз?

Жолда болғаны -6 сағ,бұл барлық уақыттың жартысы

Барлық уақыт-?

Ш: 6х2=12 сағ.

Ж: барлық уақыт 12 сағат.

ә)Екінші пойыз жолда 6 сағат болды.Бұл-жолдағы барлық уақыттың төрттен бір бөлігі.

Жолда болғаны -6 сағ,бұл барлық уақыттың

Барлық уақыт-?

Ш: 6х4=24сағ.

Ж: барлық уақыт 24 сағат.

б)Үшінші пойыз жолда 6 сағат болды.Бұл- жолдағы барлық уақыттың оннан бір бөлігі.

Жолда болғаны -6 сағ,бұл барлық уақыттың

Барлық уақыт-?

Ш: 6х10=60сағ.

Ж: барлық уақыт 60 сағат.

Кесте құрастыруға болады, қиындық келтірген оқушыларға слайдты ашып, кестені құруға көмектесіңіз.

Өткен уақыт

Жолдың бөлігі

Жолдың жалпы уақыты

1-ші пойыз 6 сағ

12сағ

2-ші пойыз 6 сағ

24 сағ

3-ші пойыз 6 сағ

60 сағ

№4 тапсырманың а) бөлігін жұпта орындауға ұсыныңыз..Бұл тапсырманы орындауда оқушылар санның үлесін табады.Оқушыларға алдымен есепті талдап, қысқаша шартын құрғызыңыз.Оқушылар есепті санның үлесін табу ережесіне сүйеніп шығарады.

Есепті оқу.

Пойыздың жолда жүру уақыты- 36 сағат. Ол жолдың бөлігін жүріп өтті.Пойыз жолда қанша сағат жүрді?

Есепті талдау:

Санның бөлігін қалай табады? Ережесін еске түсіріп,оқушыларға айтқызыңыз..Есептің шартын құрып, шығартыңыз.

Жаңаны қолдану.

№5 тапсырманы "Карта" ойыны арқылы орындатыңыз..Тапсырманың сұрағы мен жауабын бөлек-бөлек жазып, араластырып, топтың алдына тастаңыз, оқушылар таңдап алады, 1оқушы сұрағын ортаға тастайды, жауабы бар оқушы картаны басады.

1)Тәуліктің бөлігі 1) 6 сағат

2)Тәуліктің бөлігі 2) 4 сағат

3)Тәуліктің бөлігі 3) 8 сағ

4)Тәуліктің бөлігі 4) 3 сағат

Сағат суреттері бойынша тәуліктің жартысын, ширегін, төрттен екі бөлігін айтқызып, бөліктер туралы білімдерін пысықтаңыз.

Дәптерден бағалау критерийлері бар тапсырманы орындау.

Мен:

– санның және шаманың бөліктерін табуға арналған есептерді шығарып, зерттеуді санды/шаманы бөлігі

  • бойынша табуды;
  • – кері есепті құрастыру және шығаруды;
  • – санның/шаманың бөлігін сан бойынша табуды білемін.

Қайталау.

№ 6 тапсырманы дәптерлеріне орындатыңыз.

Көрсетілген кесінділерді сызу.Бұл тапсырманы орындауда санның үлесін табуды меңгереді.Кесіндіні сызбас бұрын санның үлесін табудың ережесін басшылыққа алып, ережені 2-3 оқушыға айтқызыңыз.

а) 20 см-дің бөлігі

Жауабы: 4см

ә) 18см-дің бөлігі

Жауабы: 6 см

б) 12 см-дің жартысы

Жауабы: 6см

№7тапсырманы ауызша орындатыңыз. Бөлікке бөлінген шокаладтарға қарап,а) және б) бөліміндегі шокаладтар теңдей қанша бөлікке бөлінгенін айтқызыңыз.Тағы қанша бөлікке бөлуге болатынын сұраңыз.

а) 3 бөлікке (12 шт.)

ә) 6 бөлік (6 шт.)

Тағы: 9 бөлік (4 шт.)

Үйге тапсырмаға №4 ә), № 5 ә) бөлімдерін беріңіз.

. Рефлексия жасатыңыз.

Сабақ туралы айтыңыз.

Қалай жұмыс жасадыңыз?

Қандай жаңа нәрсе білдіңіз?

Нені үйрендіңіз?

Қандай ережені білу керек? Айтып беріңіз. Мысал келтіріңіз.

Берілген ережені жақсы түсіндік деп ойлайсыңдар ма?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу