6 санына көбейту кестесі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Кестелік көбейту және бөлу
№ 31 сабақ. Тақырыбы: 6 санына көбейту мен бөлу
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.1.2.4. – 6 санына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, ламинатталған парақ, дүниежүзі картасы, кеспе қағаздар, маркер.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: 6-ға көбейту кестесі, Еуразия — Жер шарындағы ең үлкен құрлық. Халық саны 4,8 млрд-тан астам, бұл дегеніміз Жер бетіндегі халықтың ¾ бөлігін құрайды.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Сабақты сыныпта жағымды ахуал тудыру мақсатында «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар бір-біріне жылы тілектерін айтудан бастаңыз.
Сынып оқушыларын әр түрлі гүлдердің түстері арқылы 3 топқа бөліп алыңыз.
(Ұ.Ж.) Сыныппен «Сиқырлы сурет» ойыны арқылы жалпылай жұмыс жүргізіңіз. Оқушыларға дәптерлеріне ені 3 см, ұзындығы 5 см болатын тік төртбұрыш сызуды сұраңыз. Оның әр торкөзіне 1-ден 15-ке дейінгі сандарды ретімен жазуды ұсыныңыз.
Бұл тапсырма оқушылардың есептеу дағдыларын еске түсіру мақсатында екенін айтыңыз. Оқушыларға оқыған мысалдардың мәні болатын сандарды сызған кестеде қызыл қарындашпен бояп отыруды айтыңыз.
1) 7 : 7 (1)
2) 3 санын 3 есе арттыр (9)
3) 18-ден 3-ті азайт (15)
4) 20 : 5 (4)
5) 3 · 5-2 (13)
6) 15 : 5 (3)
7) 21-ден 14-ті азайт (7)
8) 4·3 (12)
9) 100 санын 50 есе кеміт (2)
10) 4·4-8 (8)
11) 5·2 (10)
12)18: 2+5 (14)
Мысалдарды оқып болған соң , оқушылардан қандай сурет шыққанын сұраңыз. Сонан соң 6 санына қатысты не білетіндеріне шолу жасаңыз (алтыбұрыш, жәндіктердің 6 аяғы, төңкерілген 9 санына ұқсайды, текшенің 6 жағы, алты сезім мүшелері, миллиондағы 6 ноль, 6 құрлық). Оқушылардан Жер шарында қанша құрлық барын, біздің қай құрлықта өмір сүретінімізді сұраңыз. Сонан соң Еуразия құрлығы туралы мәлімет беріп өтіңіз.
Сен білесің бе?
Еуразия — Жер шарындағы ең үлкен құрлық. Халық саны 4,8 млрд-тан астам, бұл дегеніміз Жер бетіндегі халықтың ¾ бөлігін құрайды.
Оқушыларды сөздік бағалау
Жауабы:
1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 |
7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 |
Т.Ж.) Топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға мысалдардың шығару жолдарын флипчартқа жазып, тапсырманы орындап болған соң, әр топ сағат тілімен бір-бірін тексеру өткізуді ұсыныңыз. Оқушылар көбейту амалының – қосу амалындағы бірдей қосылғыштарды ауыстыратын амал екенін естеріне түсіреді. Тапсырманы бірдей қосылғыштар түрінде беріңіз. Топ оқушылары оны көбейтумен алмастырып, 6 санының көбейту кестесін құрады. Әр мысал сайын қосылғыштардың саны артып отырғанын, яғни қосындыға 6-ға тең қосылғыш қосылатынын түсінуге жетелеңіз. Осы жұмысты қорытындылау үшін 6-ға көбейту кестесімен таныстырып, түсіндіріңіз.
«Бас бармақ» арқылы бағалауды жүргізіңіз.
(Ж.Ж.) Теңдеу құр және шеш.
Жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар жұбының әрқайсысына сөйлем түрінде жазылған теңдеу беріледі. Оқушылар берілген сөйлемді дәптерлеріне өрнек түрінде жазып, оның шешуін табады және орындап болған ауыспалы жұптық құраммен тексеруді ұйымдастырыңыз. Жұмыс нәтижесін бағдаршам түсімен бағалаңыз.
Жауабы:
x • 6 = 42 у : 6 = 9
x = 42 : 6 y = 6 • 9
x = 7 y = 54
7 • 6 = 4254 : 6 = 9
42 =429 = 9
(Т.Ж.) Ойлан, топтас, талқыла.
Келесі тапсырманы топпен ұйымдастырыңыз. Оқушыларға есептің шығару жолдарын ламинатталған параққа жазып, тапсырманы орындап болған соң, парақтарын бір-бірімен алмастырып, топтар арасында өзара тексеруді ұсыныңыз. Оқушылар алдымен әрбір есепті топпен бірге талқылап, содан кейін өз дәптеріне шығарып, жазады. Есептің шартын, сұрағын, шешуі мен жауабын сызба бойынша шығарады. Есептерді шығарып болған соң, топтың өкілі басқа топқа барып, олармен жауаптарын салыстырады және өзінің шығару жолын түсіндіреді. Топ жұмысының нәтижжесін көңіл-күйді білдіретін «Смайликтер» арқылы бағалауды жүргізіңіз.
Жауабы:
Кәді – 2 кг
? кг
Асқабақ - ? кг, 6 есе ауыр
Ш: 1) 2 • 6 = 12 2) 2 + 12 = 14
Ж: барлығы 14 килограмм
(Ө.Ж.) Ойлан, тап.
Өзіндік жұмыс ретінде оқушыларға тапсырма жазылған парақшалар таратып шығыңыз. Тапсырманы орындауға уақыт берілетінін хабарлаңыз. Сыныппен 4 және 6 санының кестелік көбейту жағдайын еске түсіріңіз. Оқушылар А – 4-ке бөлінетін сандар жиыны мен В – 6-ға бөлінетін сандар жиынына тиісті элементтерді анықтайды және жиынның ішіне жазады. Сонымен қатар А және жиынының қиылысуындағы сандарды жазады, яғни 4-ке де , 6-ға бөлінетін сандар. Тапсырманы орындап болған соң, бір оқушы жұмысын оқиды, қалған оқушылар тексереді. Интербелсенді тақтада көрсетілген дұрыс жауаппен салыстыра отырып, оқушылардың өзін-өзі бағалауын жүргізіңіз.
Жауабы:
А жиыны – 4, 8, 16, 28, 32, 40
В жиыны – 6, 18, 30, 54
А В – 12, 24, 36
Кері байланыс. Осы сабақта алған білімдерін пысықтау мақсатында «Қар кесегі» әдісі арқылы топ арасында кері байланыс жүргізіңіз. Әр топ оқушылары басқа топқа параққа жазылған сұрақ лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.
- Бүгінгі сабақта қандай тапсырмалар орындадық?
- Қандай тапсырма қиын болды?
- Мақсатымызға жете алдық па?
«Мен журналистпін» ойыны түрінде өткізу. Ол үшін оқушылар өздерін журналист ролінде сезініп, газет бетіне мақала жазар болса, оны қалай жеткізер еді. Ол үшін оқушыларға мынадай үлгіде ауызша айту ұсынылады:
- Мен 3-сыныптың математика сабағына қатыстым.
- Сабақта маған ... өте қатты ұнады.
- Мен .... туралы көп ақпарат алдым.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру