9 санына көбейту және бөлу кестесі. Математика, 3 сынып,қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№37 сабақ. Тақырыбы:9 санына көбейту және бөлу кестесі

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.4 – 8, 9 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу жәнеқолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, қима қағаздар, таратпа қағаздар, геометриялық фигуралар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Санды 9-ға көбейту кестесі:

9 ∙ 1 = 9

9 ∙ 2 = 18

9 ∙ 3 = 27

9 ∙ 4 = 36

9 ∙ 5 = 45

9 ∙ 6 = 54

9 ∙ 7 = 63

9 ∙ 8 = 72

9 ∙ 9 = 81

9 ∙ 10 = 90

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топтарға бірігу.

(Ұ.Ж.) Сабақты миға шабуыл әдісі арқылы өткен материалдарды еске түсіру, қайта жаңғырту дағдысы бойынша сыныпқа сұрақтар қойудан бастаңыз. Шапшаң әрі дұрыс жауап беру қажет екенін ескертіңіз.Тапсырманы математикалық диктант түрінде құрастырыңыз. Егер жауабымен келісетін болса алдын ала таратып берілген «ия», жауабымен келіспесе «жоқ» деп жазылған таратпа қағаздарды көрсетеді.

Тапсырма:

-Бірінші көбейткіш 7, екінші көбейткіш 8, көбейтіндінің мәні 56 (иә).

- Бөлудің компоненттері: бөлінгіш, бөлінгіш, бөлінді (жоқ).

- Бөлінгіш 63, бөлгіш 7, бөліндінің мәні 6 (жоқ).

- 2 пен 9-тің көбейтіндісі 6-ға қалдықсыз бөлінеді (иә).

-5 мысықта 24 аяқ (жоқ).

-Көбейту мен бөлу – өзара қарама-қарсы амалдар (иә).

- 8 бен 6-тің көбейтіндісі 48-ге тең (иә).

Санды 5-ке арттыру, 5-ке көбейтуді білдіреді (жоқ).

Санды 3 есе кеміту, оны 3-ке бөлуді білдіреді (иә).

«Керемет!», «Жарайсың!», «Тамаша!» т.с.с. сөздік бағалау жүргізіңіз.

(Т.Ж.) Сабақты топтық жұмыс арқылы жалғастырыңыз.Әрбір топқа тоғыз бірдей санының қосындысын табу және одан шыққан қосындыны көбейтумен алмастыруға тапсырма беріңіз. Оқушыларға олардың өз бетінше санды 9-ға көбейту кестесін құрғанын айтып, жұмысты қорытындылаңыз. Осы жұмыстан кейін оқушыларға 9-дың көбейту кестесін қарап, қорытынды жасауын сұраңыз.

«Керемет!», «Жарайсың!», «Тамаша!» т.с.с. сөздік бағалау жүргізу.

(Ұ.Ж.) Одан әрі қарай оқушыларды Сен білесің бе? айдарымен таныстырыңыз.Мынандай қызықты байланыс арқылы 9- дың көбейту кестесін жаттап алуға болады.Егер тоғызды бірге көбейту керек болса, онда оннан бірді азайту керек. 9 бен 2-нің көбейтіндісін табу үшін 20-дан 2-ні азайт, 9-ға 3- көбейту үшін 30-дан 3 –ті азайт, 9-ға 4-ті көбейту үшін 40-тан 4-ті азайт, 9-ға 5-тң көбейту үшін 50-ден 5-ті азайт,9-ға 6-ны көбейту үшін 60-тан 6-ны азайт, 9-ға 7- ні көбейту үшін 70-тен 7-ні азайт, 9-ға 8-ді көбейту үшін 80-нен 8- ді азайт, 9-ға 9-ды көбейту үшін 90-нан 9-ды азайт, 9-ға 10-ды көбейту үшін 100-ден 10-ды азайту керек екендігін түсіндіріңіз.

9∙1= 10-1= 9

9∙2= 20-2=18

9∙3=30-3= 27

9∙4=40-4=36

9∙5=50-5=45

9∙6=60-6=54

9∙7=70-7=63

9∙8=80-8=72

9∙9=90-9=81

9∙10=100-10=90

(Т.Ж.) «Бірліктер- ондықтар» ойыны арқылы топтық жұмыс ұйымдастырыңыз.

Бұл ойын арқылы оқушылардың санды 9-ға көбейтудің ең қарапайым және ыңғайлы,оңай тәсілін үйренеді.Оқушылар үстелге екі алақандарын төмен қаратып қояды. Саусақтар түзу жатды. Ал енді (солдан оңға қарай) қай санды 9-ға көбейтеді, соны қайырады да санайды.

Ескерту: қайырылған саусақтан сол жағы-ондықтар, ал оң жағы – бірліктер. Сонымен солдан 6 саусақ бұл -60 яғни 6ондық + 3саусақ оң жақтан бұл -3 бірлік. Нәтижесінде

9 х7- сі =60+3=63

Осылай саусақпен ойнау арқылы алдымен жаттығады, сосын саусақтарды алып тастап көз алдында елестетеді. Осылайша қарапайым саусақтарды санау арқылы 9-ға көбейтуді үйренді.Оқушылармен жұмыс жасап көріңіз.

«Керемет!», «Жарайсың!», «Тамаша!» т.с.с. сөздік бағалау жүргізіңіз.

(Ж.Ж.) Сабақты «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы оқушылардың санды 9-ға көбейту және бөлу туралы алған білімдерін тиянақтауды жалғастырыңыз.

Оқушыларға өрнектің мәнін табуға тапсырма беріледі. Оқушылар алдымен тапсырманы жеке орындайды. Содан кейін жұбымен жазғанын талқылайды, пікірлеседі. Бірнеше жұп өз жұмыстарын таныстырады.

Жауабы:

1)72; 2)101; 3) 74

Оқушыларға геометриялық фигуралар арқылы бағалау жүргізіңіз.

(Ө.Ж.)Теңдеу құр және шеш.

Сабақты өзіндік жұмыспен жалғастырыңыз.Оқушылар кестелік көбейту мен бөлуді және көбейтіндінің белгісіз компонентін табу туралы білімін пысықтап, 9-ға көбейту және

бөлуді қолдануға берілген қарапайым теңдеулерді құрады және оны шеше алады. Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар дәптерлерін сағат тілімен ауыстыра отырып тексеріп, бірін - бірі геометриялық фигуралар арқылы бағалайды.

Жауабы:

А) а∙8=72 Ә) а:9=6

а=9 а=54

(Ұ.Ж.) Ұжымдық жұмысты математикалық эстафета ойын ойнауды ұйымдастырудан бастаңыз. Оқушыларға «терезелері» бар бірдей кестелер дайындап,әр қатарына кестені таратып беріңіз. Ойынның басталуы туралы берілген белгісі бойынша бірінші партаның оң жағында отырған оқушы бірінші «терезені» жаба бастайды, яғни бірінші бос шаршыны толтыра бастайды.Бірінші «терезені» жаба отырып, ол кестені өзінің көршісіне береді және арықарай. Қатардағы соңғы оқушы тапсырманы орындап, мұғалім алдын ала «мықты» оқушылардан таңдаған экспертке береді. Бұл тапсырма арқыла оқушылардың көбейту және бөлудің кестелік жағдайлар бойынша білімін дағдысын тексеруге болады. Эксперт кестенің толытрылуының дұрыстығын тексереді. Одан кейін оқушыларға экранға дұрыс толтырылған кестені көрсетіп немесе оны тақтаның артына дайындап, тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беріңіз.

Жауабы:

  • қатар 8,9,9,9,9,36,9,8,42,4
  • қатар 6,6,5,8,8,32,8,7,49
  • қатар 9,6,3,5,7,72,7,10,32,6

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

(Ұ.Ж.) Сабақты «Ақиқат немесе жалған» әдісі арқылы аяқтаңыз.Оқушыларға есепті оқып беріңіз. Ал оқушылар оның ақиқат не жалған екендігін анықтайды. Өздерінің таңдау-ларын олар «А» - «ақиқат» - ақиқат бекіту, «Ж» - «жалған» - жалған бекіту таратпа қағаздары арқылы көрсетеді. «Бағдаршам» түстері арқылы өзін –өзі бағалауды ұсыныңыз.

Жауабы:

А) А

Ә) Ж

Б) А

В) Ж

Г) А

Сабақ соңында кері байланыс алыңыз.

-Өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды.

-Мен сабақты жақсы түсіндім.

-Тақырып бойынша әлі де ізденуім керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу