Күн жүйесіндегі ғаламшарлар№4 Марс. Сатурн.Юпитер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Ғарышқа саяхат»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Күн жүйесіндегі ғаламшарлар№4

Марс. Сатурн.Юпитер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.Оқу түрлерін қолдану

4.3.1.1 мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып мұғалімнің көмегімен оқиды.

Көптеген оқушылар: мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқиды

Кейбір оқушылар: мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойыпөз бетінше оқиды

Бағалау критерийлері

Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқиды

Тілдік мақсаттар

Марс, Сатурн, Юпитер,

Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлыққа, төзімділікке үйрету.

Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру

Ғылымға деген қызығушылық таныту.

Пәнаралық байланыс

дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

«Күн» туралы бейнематериалды көріп, постерлерін қорғау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру:

«Күн» туралы бейнематериалды көріп, постерлерін қорғау.

Қызығушылығын ояту

 Жұмбақтарды шешу.

  • Тақиям толы сөк,

Таңертең тұрсам, түк те жоқ (Жұлдыз)

  • Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды (Күннің көзі)

  • Үй үстінде ұсақ тас (Жұлдыз)
  • Су ішінде екі жайын,

Бірі кетсе, бірі дайын (Күн мен ай)

  • Бір түкті кілем, бір түксіз кілем (Аспан, Жер)

Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Оқылым алдындағы тапсырма:

Т/МК. Топта отырып, таныс емес сөздерді талдайды.

Оқылым тапсырмасы:

Тапсырма. Берілген мәтінді жеке оқып, топта талдайды.

Т. 1-топ.

Марс – Күннен санағанда төртінші ғаламшар. Оның көлемі Жерден сәл кішілеу. Марстағы температура өте суық: күндіз +25-ке дейін көтерілсе, түнде -90-ға дейін түсіп кетеді. Температураның кенеттен ауысып отыруына байланысты мұнда қатты желдер мен шаңды дауылдар соғып тұрады. Марстың екі серігі бар – Фобос пен Деймос.

2-топ.

Юпитер – алып ғаламшар. Ол басқа ғаламшарлардың барлығын қосқандағыдан екі есе үлкен. Көлемі жағынан Жерден 1200 есе үлкен, өз осінен жылдам айналады (10 сағат), Күнді 12 жер жылында толық айналып шығады, серіктері өте көп.

3-топ.

Сатурн өзінің сақиналарымен әйгілі. Ол Юпитерден кіші, бірақ алып ғаламшарлар қатарына жатады. Сатурнның массасы Жердің массасынан 95 есе көп. Температурасы суық, шамамен -145 градус шамасында. Сатурнның сақиналары өте жіңішке, су мұзы мен мұз қаптаған тастардан құралған. Сақиналардың барлығын қосақандағы жалпақтығы екі километрдей болады. Сатурнның серіктері – Титан, Атлас, Пандора, Феба.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

Т. А4 парағында берілген ғаламшарлардың суреттерін түрлі түсті қарындашпен бояп, мәтіннен негізгі ақпаратты жазып, постерлерін қорғайды.

Дескриптор:

  • Мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып/шолып/белгі қойып оқиды.

Кері байланыс беру.

Үй тапсырмасы: Берілген үш мәтінді оқып, әр мәтіннен үш сұрақ құрастырады.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

  • Бүгін сабақта не үйрендің?
  • Не қиын болды?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жоғарғы деңгейлі сұрақтар құрастыру

Жұптық бағалау.

Ұжымдық, жұптық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.