Көктем. Найзағай туралы не білеміз? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: ҚАЗАҚ ТІЛІ (L2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлімі. Табиғат құбылыстары | Мектеп: | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сынып: 45 минут | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Көктем. Найзағай туралы не білеміз? | |||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау. 4.2.4.1 жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау. 5.1 Тілдік грамматикалық дағдылар. 4.5.1.3 өз бетінше шағын мәтіннен етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану. | |||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: оқылған мәтіннің мазмұнына жоспар құрады, жоспар бойынша мәтінді толық мазмұндайды; етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолданады. Көпшілігі: көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды сипаттайды. Кейбірі: көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтады. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: Сұрақ құрастыруда: Неге? Қандай? Қалай ойлайсың? Сіздің пікіріңізше .... | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||||||||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және ӘА жүзеге асыру | Өмір бойы білім алуға дағдылану Әрбір азамат қоршаған ортаға жауапты | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор ресурстарын пайдалану | |||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Көктем сәні | |||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөздер | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут 7 минут | Үй жұмысын ұсыну: «Көктем сәні неде?» тақырыбындағы сурет, ауызша сипаттау әңгіме. «Галереяға саяхат» әдісі бойынша оқушылар найзағай туралы ұсынылған мәліметтермен танысады. Өзіне қызық болған мәліметтін қасына тоқталады, несімен қызықтырғанын түсіндіреді. (ақпарат алдын ала жеке парақтарда жазылып, сынып қабырғаларына ілінеді) Найзағай туралы қызықты мәліметтер
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Сабақтың мақсаты:
|
| ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут
10 минут 8 минут | Айтылымға дайындық жұмысы Сөздік: найзағай – жай найзағай ойнайды/ жарқылдайды/ түседі найзағай жарқылы залал – зиян от – жалын шыртыл – тырсыл - Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолдану: сөз тіркестер мен сөйлем құрастыру. Найзағай туралы не білеміз?
Мұнан жүз елу жыл бұрын күн күркіреуі мен найзағай неден болатынын адам білмеген. Күн күркіреуі мен найзағай не екенін ең алдымен америкалық Пранклин деген кісі білген. Пранклин найзағайды бұлттан жерге түсіруге әдіс тапқан. Пранклин үлкен ұшырмақ істеген. Балалар ұшырмағын қағаздан жасаса, Пранклин ұшырмақ жауыннан су болып елжіреп кетпес үшін жібек орамал қолданған. Ұшырмаққа құйрық байлап, арқан тағып, алдыңғы жағынан істік сым қадаған. Дауыл алдында далаға шығып, ұшырмағын Пранклин ұшыра бастаған. Ұшырмақ лезде жоғары көтерілген. Пранклин арқанның бір ұшын қолына ұстап, жауын жауған соң шатырдың астына тұрған. Дауыл долданып, найзағай жылтылдап, күн күркіреп тұр. Арқанға су өтті: тек шатырдың астындағы ұшы құрғақ қалды. Пранклин арқанның суланған жерінен қолын тигізді. Кішкене от жылт ете түсті, шыртыл естілді. Бұл кішкене әлсіз найзағай болған. Кішкене найзағай Пранклиннің бармағын тыз еткізіп шағып алып, қолына өтті. Сонда барып арқаннан жалын мен найзағай екеуі бір нәрсе екенін адам баласы түсінген. Дескриптор:
Бірлескен жұмыс. (М, Ұ) Бірлескен оқу. Оқушылар мәтінді бірлесіп оқиды. Мұғалім жеке бөліктеріне тоқталып, қаншалықты түсінгенін сұрақ қою арқылы анықтап отырады. Мәтіннің негізгі бөліктерін анықтайды. Жеке бөліктерін оқып, бірлесіп жоспар құрады. Айтылым Жұптық жұмыс. Оқушылар дескрипторды қолданып жоспар бойынша жұпта мәтінді бір-біріне мазмұндап айтады. Дескриптор:
Жоспар нұсқасы І. Күн күркіреуі мен найзағай адам үшін құпия. ІІ. Пранклиннің тапқан әдісі. а) Ұшырмақ. ә) Жауын. б) Суланған арқан. в) От. ІІІ. Адамның найзағай не екенін түсінгені. Бағалау. Бірін-бірі бағалау. Бағалау критерийлері:
Айтылымнан кейінгі тапсырма. Топтық жұмыс Тапсырма. тақырып бойынша алған мәліметті қолдана отырып, найзағай кезіндегі қауіпсіздік ережелерін құрастырыңыз. Етістіктің бұйрық рай формасын қолданыңыз. Ықтимал жауап нұсқасы
| |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия "Үш сауал" стратегиясы Үш сауалға жауап... 1.Біз бүгін білдік (нені?) 2. Біз жақсы орындадық (нені?) 3.Тағы не білгіңіз келеді және өзіңіз не ұсынасыз?
Үйге тапсырма: дауыл кезіндегі қауіпсіздік ережелерін жазу. | |||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру