Көктем мезгілі туралы оқу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Табиғат және қоршаған орта» | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. | ||
Күні: Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Көктем мезгілі туралы оқу | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.5.1 Тыңдаған /оқыған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді 2.1.6.1 Автордың мәтінде арнайы қолданған сөздерді таңдау себебін анықтайды (мысалы, үлкен ғимарат - зәулім ғимарат, биік тау-асқар тау) | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын түсінеді, сұрақтарға жауап береді Көбі: оқыған мәтіннің мазмұнын толық түсінеді, сипаттау сөздермен сөйлемдер құрайды Кейбірі: мәтінге қатысты пікірін айтады | ||
Жетістік критерийлері | Оқыған мәтіннің мазмұнын толық түсінеді. Сипаттау сөздерінің қолданылу себебін түсінеді. | ||
Сөздік | Көктем сәні, хош иіс, шаттық, нөсер, бұлғын, қодас | ||
Құндылықтарды дарыту | Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезім, денсаулықты шыңдау. | ||
Пәнаралық байланыс | дүниетану | ||
АКТ қолдану дағдылары | |||
Бастапқы білім | Төрт мезгіл туралы оқу | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 2 минут Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 15 минут 5 минут 6 минут | Қар мұз еріп, Су көбейіп, Сай салаға ағады. Бүршік шашып, Жапырық ашып Гүл, бәйшешек басады, Бөбектерім, айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? Оқушылардың жауаптары арқылы сабақтың тақырыбын анықтау Сабақтың мақсатымен таныстыру Оқыған/тыңдаған сөздердің мағынасын түсінемін. (Ө, Қ) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз.
........... шығады . ........... ұшып келеді.
Ағаштар ........ жарады. Мұз ................ .
Аңдар ұйқысынан ............ . .......... гүлдейді. (МК, Ұ) Аңдар туралы жұмбақ жасыру. 1. Тойды баққан, Қойды қаққан. (Қасқыр)
Үйді жүрер күзетіп. (Ит)
Дыбыс сезіп тұрады. (Қоян) 4 Сайқымазақ құлағы бар, Барған жерде ұрлығы бар, Бұл қандай аң? (Түлкі) 5. Төбесінде қу бұтақ, Алар екен кім бұтап? (Бұғы) 6. Мұрны насос, кран да, Таң қаламын, бұл аңға! (Піл)
Балалар, бұл жұмбақтар нелер туралы? Неліктен аңдар туралы жұмбақтар айттым деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, қазіргі оқитын мәтініміздегі оқиғаға осы аңдар қатысады. (Ұ) «Бірлесіп оқу» әдісі, болжау стратегиясы Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Арыстан үйшігінің жанына аң біткен топырлап толып кетті. - Қалай ойлайсыңдар, арыстан аңдарды жинап алып не істемекші? Аңдарға не айтуы мүмкін? - Бәріңе бір сұрақ беремін, - дейді Арыстан жиналғандарға жағалай қарап алып. - Көктем сәні неде? - Сендер қалай жауап берер едіңдер осы сұраққа? «Сән» деген сөзді қалай түсінесіңдер? - Гүл, тақсыр, - деді қасқыр. - Хош иіс, -деді ит... - Жасыл желек,-деді Ақбөкен. - Мөлдір су,-деді Қоян. - Ашық аспан,- деді Түлкі.. - Салқын самал,-деді Бұғы.. - Еңбек, -деді Піл. - Аңдар айтып біттік дегендей іркіліп қалды. Арыстан оқты көзін бұлғынға қадады (Бұлғынның суреті). - Сен неге үндемейсің? - Балалар, бұлғын неге үндемей қалды екен? Қалай ойлайсыңдар? Мәтін бойынша сұрақтар қою:
(Ұ) Мәтінді рөлге бөліп оқу (Ө) Мәтіндегі ұнаған жауапқа комментарий (пікір) жазу. Жазғандарын оқып береді, бір-бірін бағалайды.
Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіндіре алады, өздігінен қысқа пікір жазады; қабылдау деңгейі орташа оқушылар мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға көмек арқылы жауап береді, пікір жазады. |
| |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Көңіл-күйлерің қалай? Не үйрендім? Нені білгім келеді? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру