Туған күн №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Туған күн №1 | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: мұғалімнің қолдауымен оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді және сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың көпшілігі: тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырады, мәтіндегі негізгі ойды түсінеді. Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады, кейіпкердердің іс-әрекетіне баға береді. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Лексикалық минимум | Думан, жоспар | ||||||
Грамматикалық минимум | Қандай? Қашан? Қайда? сұрақтары | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||
Бастапқы білім | 7-бөлім: «Су – тіршілік көзі» | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 10 мин | «Шаттық шеңберіне» шақыру «Мен саған тілеймін ....» тренингі Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту. Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді:
Ой шақыру Сұрақ: Осындай жылы тілектер қашан айтылады? (туған күнінде, мерекелерде) Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд
| |||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Оқылым алды тапсырмасы: (МК,Ұ) Жаңа сөздер: Думан – той, кеш, мереке, мейрам Жоспар – рет, тәртіп, мақсат Дамыту жолдары:
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын Қандай? (түс, көлем, сапа) Қашан? (уақыт, мезгіл) Қайда? (мекен, жер) сұрақтарын тақтаға жазып, мағынасын ажырату үшін мысалдар беріледі. Оқушыға мектепке деген сөз берілсе, ол қайда? деп жауап береді. Мысалы: туған күнге, кешке, үйге, үлкен, далаға, сағат 12-де, қызыл Оқылым тапсырмасы: (Т) Мәтінді мұқият оқып, мазмұнын топта талқылайды. Мәтінді бөлімдерге бөліп, атау қояды. Ертең ерекше күн. Досымның туған күні. Туған күнге арнайы жоспар құрдық. Досыма тосынсый жасадым. Футбол добын сыйладым. Досымның көңіл-күйі көтерілді. Ән айттық. Би биледік. Мерекелік думан көңілді өтті. Мысалы: Басы: Туған күнді жоспарлау Ертең ерекше күн. Досымның туған күні. Туған күнге арнайы жоспар құрдық. Ортасы: Сыйлық Досыма тосынсый жасадым. Футбол добын сыйладым. Досымның көңіл-күйі көтерілді. Соңы: Көңілді думан Ән айттық. Би биледік. Мерекелік думан көңілді өтті. Кері байланыс Тапсырма қиын болды ма? Сергіту сәті: Оқушылар «Еркемай» әнін бірге орындап, билейді Оқылымнан кейінгі тапсырма: (ЖЖ) Әр бөлімге сұрақ құрастырады. Қолданатын сұрақтар: Қандай? Не? Кімнің? Қалай? Мысалы: Басы: Сен үшін ертеңгі күн қандай күн? Ертең не болады? Ертең кімнің туған күні болады? Дескриптор
Бағалау (Ұ) Жұптар бір-бірінің жауабын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Слайд https://www.google.kz/search?q
Таратпа материал
https://www.youtube.com/watch?v=ee61Pl7yqVQ | |||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Сабақтан алған әсерім» Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма-стикеріне, жақсы әсер алса «Бәйтерек» ағашына жапырақ-стикеріне, ал жағымсыз эмоцияда болса «Тікенек» ағашына төртбұрыш-стикеріне жазады.
Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлер бойынша бағалай алады. Үй жұмысы Туған күнге орай тілек не тақпақ дайында. | Слайд | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.