Туған күніңмен! №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Туған күніңмен! №2 | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау 3.3.3.1 мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/ сипаттау мәтіндерін анықтау 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша сөйлеу тілінде қолдану | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: мәтіннің жанрын анықтайды, мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын ажыратады. Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің жанрын анықтайды, үлгі бойынша заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын ажыратады. Оқушылардың кейбірі: мәтіннің жанрын анықтайды, заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын еркін ажыратады. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Лексикалық минимум | Құттықта, өткіз | ||||||
Грамматикалық минимум | Заттың аты/сыны/іс-қимылын білдертін сөздер Туған күн, көңілді, тойладық | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өзін-өзі тану | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||
Бастапқы білім | Туған күн №1 | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 10 мин | «Шаттық шеңберіне» шақыру Балалар, шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Ой шақыру (Т) Жағдаят: Бүгін сенің туған күнің. Бірақ сені ешкім құттықтамады. Сыныптастарың да, ата-анаң да туған күніңді ұмытқан сияқты. Сұрақ: Сен не істейсің? Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд Таратпа материал
| |||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Оқылым алды тапсырмасы: (МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту
Құттықта – жылы тілек айту Өткіз – тойлау, қонақтарды шақыру Дамыту жолдары:
(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын Заттың аты (кім?, не?) Заттың сыны (қандай?) Заттың іс-қимылы (не істеді?) Сөздердің мағынасын ажырату үшін мысалдар (сөзбен немесе суретпен) беріледі. Оқушыға гүл деген сөз берілсе, ол не? деп жауап береді. Мысалы: оқушы, гүл, мейрам, қонақ; әдемі, көңілді; сурет салды, биледі. Оқылым тапсырмасы: (Ұ) Мәтінді мұқият оқы. Тірек сөздерді анықта. Туған күн – әрбір адам үшін ерекше күн. Күні бойы сені достарын құттықтайды. Сыйлық сыйлайды, жылы тілек айтады. Туған күн иесі ішінен тілек айтып, торттағы балауызды өшіреді. Туған күн – сенің өміріндегі ең басты асыға күтетін мейрам. Сондықтан оны көңілді өткіз!
(Ж) Сұрақтарға жауап бер. 1) Мәтін не туралы? А) сыйлық туралы В) торт туралы С) туған күн туралы D) қонақтар туралы 2) Бұл қандай мәтін? Белгіле () әңгімелеу мәтіні сипаттау мәтіні пайымдау мәтіні Кері байланыс Тапсырма қиын болды ма? Сергіту сәті: Оқушылар «Еркемай» әнін орындайды, кейіпкерлермен бірге билейді. Оқылымнан кейінгі тапсырма: (Ж) Туған күнге арнап «Бес жолды» өлеңді құрастыр.
Үлгі: Думан. Көңілді, қызықты. Сыйлаймыз, ән айтамыз, би билейміз. Анама туған күніне сыйлық жасадық. Мереке. Дескриптор - «Бес жолды» өлең құрастырады; - зат есім, сын, есім, етістік сөздерін дұрыс қолданады. Бағалау Әр жұп өлеңдерімен алмасады, кері байланыс орнатады. Мысалы: өлең маған ұнады, өйткені ... (МК) Мұғалім өлеңдерден алған әсерімен бөліседі және өлеңдерді поэзия ағашына іледі. | Слайд
Таратпа материал https://www.youtube.com/watch?v=ee61Pl7yqVQ Таратпа материал
| |||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Смайлик» - сабақта бәрін түсіндім
- сабақта кейбір сәттерді түсінбедім
- сабақты мүлдем түсінбедім
Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы Туған күнге тілек дайында. | Слайд | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.