5-сабақ. Шоқан мен мүсінші бала. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Хабиева А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

5-сабақ. Шоқан мен мүсінші бала

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну

3.​1.​5.​1* тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау.

4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу

3.​4.​2.​1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу.

2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау

3.​2.​6.​1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.

Сабақ мақсаттары

  • Тыңдаған оқиғаның соңын болжап айту.
  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

3. Тірек сөздер көмегімен мәтіннің мазмұнын жазу.

  • Айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айту.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі оқиғалардың соңын болжайды, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.

Бағалау критерийлері

Оқиғаның соңын болжап айтады.

Тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын жазады.

Айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айтады.

Лексикалық минимум

танымал, әлем, мүсінші

Құндылықтарды дарыту

Оқу, білім алу, іздену маңыздылығын түсіндіру; балалардың қайырымдылыққа, өнерді сүюге деген құштарлығын арттыру.

Пәнаралық байланыстар

«Қазақ әдебиеті» пәні

АКТ қолдану дағдылары

аудиотаспа, интербелсенді тақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Тұңғыш ғалым

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Үй тапсырмасын тексеру. «Сақина салмақ» ойыны. Бұл ойын ережесі бойынша кімнің қолында сақина қалса, сол үй тапсырмасын айтады.

Ой қозғау. Шоқан Уәлиханов дарынды, ізденімпаз балаларды жақсы көретін. Сондай талантты балалардың бірі – Мысыққа қалай көмектескенін білесіңдер ме? Олай болса, мүсінші бала Мысықпен танысайық. Сабақтың тақырыбы – «Шоқан мен мүсінші бала».

 

Сабақтың ортасы

25 минут

Сабақтың мақсатымен таныстыру

1. Тыңдаған оқиғаның соңын болжап айту.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

3. Тірек сөздер көмегімен мәтіннің мазмұнын жазу.

  • Айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айту.

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет, анықтама беру, синонимдер арқылы меңгерту.

МҮСІНШІ – саздан, ағаштан, металдан адамның, жануардың т.б. кескінін жасаушы адам.

Дұрыс айт!

Жазылады: мүсінші Айтылады: [мүсүншү]

(Ө) Тыңдалым. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. Әңгіме қалай аяқталғанын болжайды. Сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

  • - мәтінді аяқтайды;
  • - жүйелілікті сақтайды;
  • - сөздер мен сөз орамдарын орынды қолданады;

- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

“Блиц-бақылау” әдісі: суреттердің көмегімен мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. (Сұрақтарды мұғалім қояды. Оқушылардан сұраққа толық жауап беру талап етіледі.):

1) Шоқан жазғы демалыста қайда келді?

2) Шоқан ауылда кіммен танысты?

3) Шоқан Мысыққа не үшін көмектесті?

(Ұ. Ө) Айтылым. Жазылым. Оқушылар берілген сөздерді айтқанда қандай дыбысты қолданатынын, жазғанда қай әріппен жазатындарын айтады. Сөздердің дұрыс жазу және айтылу транскрипциясын көрсетеді.

Үлгі: ұлы [ұлұ], ......

Дескриптор:

  • - сөздің айтылуына байланысты әріпті анықтайды;
  • - сөздерді дұрыс айтады;
  • - сөздерді дұрыс жазады;

- айтылуы транскрипциясын көрсетеді.

(Ө) Жазылым. Оқушылар берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жазады.

Сергіту сәті «Қызыл гүлім-ай».

https://www.youtube.com/

watch?v=sPX27NNVWCY

(Ж) Оқылым. Оқушылар мәтінді рөлге бөліп, дауыстап оқиды. Экпрессивті мәнді сөздерді қажет жерінде сол мәнерде оқып шығулары қажет.

Оқылымнан кейін мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін, негізгі ақпаратты қалай қабылдағандарын тексеру үшін сұрақтар қойылады:

Диалог кімдер арасында жүріп жатыр?

Шоқан балаға не айтты?

Мысық болашақта кім болып шығады?

Автордың сөзі қайсы?

(Т) Жазылым. Оқушылар екі топқа бөлініп, Шоқан мен Мысықты сипаттап жазады. Жауаптарын дәлелдеп, ауызша түсіндіреді.

Шоқан

Мысық

...

...

Дескриптор:

  • - кейіпкерлерді сипаттап жазады;
  • - пайымдауларын түсіндіреді;

- сөйлеуде тілдік нормаларды сақтайды.

Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы

бағалайды.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы. Оқулық, 4-тапсырма.

Рефлексия

Қызыл смайлик. Сұрақтарым көп.

Белсенді бола алмадым.

Көк смайлик. Сұрақтарым жоқ.

Белсенді болдым.

Жасыл смайлик. Маған бәрі түсінікті болды.

Өте белсенді болдым.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.