5-сабақ. Шоқан мен мүсінші бала. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
5-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен мүсінші бала
Сабақтың мақсаты:
1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
3.1.5.1* тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау.
4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу.
2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау
3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту.
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, таныстырылым, үлестірме смайлик суреттері.
Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:
- Оқиғаның соңын болжап айтады.
- Тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын жазады.
- Айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айтады.
Сабақтың басы
Үй тапсырмасын тексеру. «Сақина салмақ» ойыны. Бұл ойын ережесі бойынша кімнің қолында сақина қалса, сол үй тапсырмасын айтады.
Ой қозғау. Оқушылардың назарын сабақ тақырыбына аудару үшін «Шоқан Уәлиханов дарынды, ізденімпаз балаларды жақсы көретін. Сондай талантты балалардың бірі – Мысыққа қалай көмектескенін білесіңдер ме? Олай болса, мүсінші бала Мысықпен танысайық», – деп балаларды қызықтырыңыз.
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырасыз. Сабақ мақсатын интербелсенді тақтадаға шығарып қоясыз:
Тыңдаған оқиғаның соңын болжап айту.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Тірек сөздер көмегімен мәтіннің мазмұнын жазу.
Айтылуы мен жазылуы өзгеше сөздерді дұрыс айту.
Жаңа сөздерді меңгерту. «Сөйлеу қабырғасында» «танымал», «әлем» сөздерінің синонимдерін (танымал – атақты, белгілі; әлем – дүние, жержүзі) және «мүсінші» сөзінің анықтамасы мен суретін беру арқылы жаңа сөздерді меңгертіңіз. «Мүсінші» сөзінің жазылуы мен айтылуындағы ерекшелікке назар аудартыңыз. Балаларға бірнеше рет айтқызыңыз. Интербелсенді тақтада жазылуы мен айтылу транскрипциясын көрсетіп қойыңыз:
Дұрыс айт!
Жазылады: мүсінші Айтылады: [мүсүншү]
Тыңдалым. Оқушыларға мәтінді мұқият тыңдауды тапсырыңыз. Әңгіменің қалай аяқталғанын болжатыңыз. Дескриптор: мәтінді аяқтайды; жүйелілікті сақтайды; сөздер мен сөз орамдарын орынды қолданады; сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Бірінші тапсырманы орындап болған соң, суреттердің көмегімен мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді тапсырыңыз. Сұрақтарды мұғалім қояды. Оқушылардан сұраққа толық жауап беруді талап етіңіз: 1) Шоқан жазғы демалыста қайда келді? 2) Шоқан ауылда кіммен танысты? 3) Шоқан Мысыққа не үшін көмектесті?
Айтылым. Жазылым. Оқушыларға «тұңғыш» және «мүсінші» сөздерін айтқанда қандай дыбысты қолданатынын, жазғанда қай әріппен жазатындарын айтқызыңыз. Сөздердің дұрыс жазу және айтылу транскрипциясын көрсетуді тапсырыңыз. Үлгі ретінде ұлы [ұлұ] сөзінің жазылуы мен айтылуын көрсетіңіз. Дескриптор: сөздің айтылуына байланысты әріпті анықтайды; сөздерді дұрыс айтады; сөздерді дұрыс жазады; айтылуы транскрипциясын көрсетеді.
Жазылым. Оқушыларға жазғы демалыс, дарынды бала, жақсы көру, көмектесу тірек сөздеріне сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жазуды тапсырыңыз.
Сергіту сәтін ұйымдастырыңыз. «Қызыл гүлім-ай» (https://www.youtube.com/ watch?v=sPX27NNVWCY) бейнематериалын көрсетіп, кейіпкерлердің қимылдарын қайталатқызыңыз.
Оқылым. Оқушыларға мәтінді рөлге бөліп, дауыстап оқытыңыз. Экпрессивті мәнді сөздерді қажет жерінде сол мәнерде оқып шығуды тапсырыңыз. Оқылымнан кейін мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін, негізгі ақпаратты қалай қабылдағандарын тексеру үшін сұрақтар қойыңыз:
– Диалог кімдер арасында жүріп жатыр?
– Шоқан балаға не айтты?
– Мысық болашақта кім болып шығады?
– Автордың сөзі қайсы?
Жазылым. Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Бірінші топқа – Шоқанды, екінші топқа Мысықты сипаттап жазуды тапсырыңыз. Жазып болған соң, жауаптарын дәлелдеп, ауызша түсіндіретіндерін ескертіңіз. Әр топтың бір өкілі жазбаларын қорғайтынын айтыңыз.
Дескриптор: кейіпкерлерді сипаттап жазады; пайымдауларын түсіндіреді; сөйлеуде тілдік нормаларды сақтайды.
Жауаптарын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалатыңыз.
Рефлексия. Оқушылардан сабақтан алған әсері туралы сұраңыз. Қызыл, көк, жасыл түсті смайликтер арқылы балаларды коммуникативтік қатынасқа тартып, олардың сабақ тақырыбын: 1) өте жақсы, 2) жақсы түсінгенін немесе 3) толықтай түсінбегенін байқайсыз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.