Аспаптар үні №3 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

5-бөлім

Өнер

3-сабақ

Аспаптар үні

Бұл сабақта да оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысын дамыту көзделеді. Оқыған мәтіннің мазмұнын түсініп, мәтіндегі негізгі ойды анықтауға дағдыланады. Жазылым дағдысы бойынша тақырып бойынша тірек сөздер мен суреттерді қолданып, мәтін құрай білулері бағаланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Грамматикалық минимум ретінде септік жалғаулары қарастырылады.

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша сөздерді мәтінде қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздерді орынды қолданып, мәтін құрастырады.

Оқушылардың кейбірі: аспаптардың ерекшелігін ажыратып, басқа халықтардың аспаптарға ұқсастығын анықтайды.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаңыз. Құрманғазы Сағырбаев туралы мәтіннің мазмұнын бір-біріне айтады және бір-бірін пікір айту арқылы бағалайды (мәтінд жақсы/өте жақсы/орташа мазмұндады, сөздерді дұрыс айтты, сөйлемдерді дұрыс құрды).

Жұмбақ шешу арқылы сабақтың мазмұнын болжайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз. Жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертіп, сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз.

Тілдерін дамыту үшін өздерінің қандай аспаптар білетіндерін, ол аспаптар қай халықтың аспабы екенін айттырыңыз. Таныстырылым арқылы қазақ халқының музыкалық аспаптарымен таныстыру.

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін, мүмкіндік болған жағдайда, аудиожазба арқылы аспаптардың әуенін тыңдатыңыз. Оқушыларды топқа немесе жұпқа бөліп, аспаптардың үнін табуды тапсырыңыз. Алдарына берілген карточкаға жауаптарын белгілеп отырады (дидактикадан кеспе қағазды шығарып алыңыз).

Мадақтау арқылы бағаланады(«Жарайсың!», «Жақсы», «Талпын», «Ойлан»)

Топқа бөлу әдісі. «Жер сілкінісі» ойыны.

Оқушылар ортаға шығады. Мұғалім «жер сілкінісі» деген кезде барлығы араласып жүреді, «үй» деген кезде екі оқушы қолдарын жоғары созып, үйдің шатырын жасап тұра қалады, «үй астында 1/2/3 адам» деген кезде айтылған санға байланысты оқушылар үйдің астына кіреді. Ойынды 2-3 рет қайталап, соңғы айналымда сыныптағы оқушы санына қарай 3 топқа бөліп жібереді.

Мәтінді топта бірлесіп оқиды. Мазмұнын талдайды. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар түсінбеген жерлерін топ мүшелеріне түсіндіреді. Мәтін мазмұнын қаншалықты дұрыс түсінгендіктерін «Карусель» әдісі арқылы тексеруге болады.

Сыныпты үш топқа бөіңіз. Сыныпта 6 партаның үстінде сұрақтар жазылған қағаздар жатады. Әр топ қағаздағы сұрақтарға 1 сөйлеммен жауап жазып, келесі партадағы тапсырмаларға жүре береді. Айналып жүріп барлық тапсырмаларды орындап шыққаннан кейін, олар соңғы орындаған жұмыстарының жанына тоқтайды.

Жазылым тапсырмасында бір аспапқа жарнама жасайды. Мақсаты- аспапты сату. Шарты: рөлге кіріп сипаттайды. Мұғалім үлгісін көрсетеді. Тапсырманы топта/жұпта орындауларына болады. Сипаттау мәтінінің үлгісін көрсетіңіз.

Мен шертермін. Мен ішекті аспаппын. Менде үш ішек болады. Адамдар мені шертіп ойнайды. Мен құмыраға ұқсаймын. Менің пішінім домалақ. Мойным ұзын. Менің үнім құлаққа жағымды.

Бағалау критерийі:

  • тақырыпқа сәйкес сөздікті қолданады;
  • сипаттау мәтінін құрады.

Топтар ұсынылған критерий арқылы бір-бірін бағалайды. Қай аспаптарды сатып алатынын айтады.

Үй жұмысын түсіндіріңз. Таңдауы бойынша екі тапсырманың біреуін орындайды.

  • «Қазақ халқының музыкалық аспаптары» мәтінін әңгімелеу.
  • Басқа халықтың музыкалық аспабы туралы қосымша ресурс көздерінен оқып, айтып беру.

Рефлексия. Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз. Бүгінгі сабақтағы 3 маңызды ақпаратты белгілеңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.