Аспаптар үні №3 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Аспаптар үні №3 сабақ | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну 3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру | |||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша сөздерді мәтінде қолданады. Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздерді орынды қолданып, мәтін құрастырады. Оқушылардың кейбірі: аспаптардың ерекшелігін ажыратып, басқа халықтардың аспаптарға ұқсастығын анықтайды. | |||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған оқиғаның жалғасын, кейіркердің сөзін болжайды. Мәтіннің мазмұнын сурет және тірек сөздер арқылы мазмұндайды. Жалғауды дұрыс жалғап, сөздерді дұрыс жазады. | |||||
Лексикалық минимум | Қобыз, үн | |||||
Грамматикалық минимум | Септік жалғаулары Қобыздың үні, саздан, ағаштан, сыбызғыны | |||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақтың ұлттық музыкасының ерекшеліктерін біледі, ұлттық мәдениетті құрметтеуге, басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарауға үйренеді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, музыка, өнер | |||||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=ZuUaOhP86T8&list=PLBZ3oB9YhlC0pxU0D2k-QyuBSSBKBdqm4&index=12 https://www.youtube.com/watch?v=HU4I9bsAPoE&index=2&list=PLBZ3oB9YhlC0pxU0D2k-QyuBSSBKBdqm4 https://www.youtube.com/watch?v=JtiGZDrAW4c https://www.youtube.com/watch?v=ZuUaOhP86T8 | |||||
Бастапқы білім | Қазақтың домбырасы | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Үй тапсырмасын тексеру (Ж) Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Жұпта отырған оқушылар бір-біріне мазмұнын айтады және бір-бірін пікір айту арқылы бағалайды. Құрманғазы Сағырбаев –ұлы күйшi, сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Алматыда Құрманғазы атында ұлт аспаптар оркестрi бар. Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын болжайды. Жұмбақ Ұзын мойны,Екі ішек,Қатар-қатар тепкішек.Басып көрсең бір-бірлеп,Үн шығады күмбірлеп.(домбыра) Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
| ||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (МК, Ұ) Оқушыларға сұрақтар қою.
Жаңа сөзбен жұмыс. Сөз тіркестері мен сөйлемдер құру. Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту Қобыз – музыкалық аспап, домбыраға ұқсайды Қобыз – көне музыкалық аспап. Үн – дауыс, домбыраның үні, қобыздың үні Қобыздың үні ерекше. Таныстырылым арқылы қазақ халқының музыкалық аспаптарымен таныстыру. (Ж) «Қай аспаптың үні?» Аудиожазба арқылы аспаптардың әуенін тыңдайды, қандай аспап екенін анықтайды. Алдарына берілген карточкаға жауаптарын белгілеп отырады. Орындап болған соң, мұғалім дайын жауаптарды оқиды. Жұптар карточкаларымен ауыстып, қанша ұпай жинағанын айтады. Мадақтау арқылы бағаланады(«Жарайсың!», «Жақсы», «Талпын», «Ойлан») Топқа бөлу әдісі. «Жер сілкінісі» ойыны. Оқушылар ортаға шығады. Мұғалім «жер сілкінісі» деген кезде барлығы араласып жүреді, «үй» деген кезде екі оқушы қолдарын жоғары созып, үйдің шатырын жасап тұра қалады, «үй астында 1/2/3 адам» деген кезде айтылған санға байланысты оқушылар үйдің астына кіреді. Ойынды 2-3 рет қайталап, соңғы айналымда сыныптағы оқушы санына қарай 3 топқа бөліп жібереді. (Т) Мәтінді топта бірлесіп оқиды. Мазмұнын талдайды. Оқылым мәтіні. Жетіген, сазсырнай, дабыл, қоңырау, шертер, қобыз, асатаяқ, сыбызғы, сазсырнай – қазақ халқының музыкалық аспаптары. Аспаптарды саздан, ағаштан, темірден жасайды. Олар шертпелі, үрлемелі, ұрмалы аспаптар болып бөлінеді. Домбыра, қобыз, шертер, жетіген шертпелі аспаптарға жатады. Оларды шертіп ойнайды. Сыбызғыны, сазсырнайды үрлеп ойнайды. Дабылды, асатаяқты ұрып ойнайды. Аспаптардың үні әртүрлі.
(Т) «Карусель» әдісі Сыныпты үш топқа бөлу. Сыныпта 6 партаның үстінде сұрақтар жазылған қағаздар жатады. Әр топ қағаздағы сұрақтарға 1 сөйлеммен жауап жазып, келесі партадағы тапсырмаларға жүре береді. Айналып жүріп барлық тапсырмаларды орындап шыққаннан кейін, олар соңғы орындаған жұмыстарының жанына тоқтайды.
(Т) Жазылым. Бір аспапқа жарнама жасайды. Мақсаты- аспапты сату. Шарты: рөлге кіріп сипаттайды. Мұғалім үлгісін көрсетеді. Сипаттау мәтінінің үлгісі: Мен шертермін. Мен ішекті аспаппын. Менде үш ішек болады. Адамдар мені шертіп ойнайды. Мен құмыраға ұқсаймын. Менің пішінім домалақ. Мойным ұзын. Менің үнім құлаққа жағымды. Бағалау критерийі:
Топтар ұсынылған критерий арқылы бір-бірін бағалайды. Қай аспаптарды сатып алатынын айтады. |
| ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы: Таңдауы бойынша екі тапсырманың біреуін орындайды.
Рефлексия Бүгінгі сабақтағы 3 маңызды ақпаратты белгілеңіз |
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.