№ 2 сабақ. Қарындасым билейді. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
2-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Қарындасым билейді
Сабақтың мақсаты:
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабаққа қажетті ресурстар: қобдиша, интербелсендітақта, таныстырылым.
Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:
- оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеміз;
- суреттер мен тірек сөздер негізінде мәтін құраймыз;
- сөйлемнің орын тәртібін сақтап, сөйлем құраймыз.
Сабақтың басы. Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттерге назарларын аудартып, сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Оқушыларға суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:
- Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
- Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.
Жаңа сөздерді меңгерту. 1.«Сөйлеу қабырғалары» арқылы моншақ, сахна, қимыл сөздерін суреттер арқылы меңгертіңіз.
2. Жаңа сөздерді дұрыс айтқызып дағдаландыру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
моншақ, сахна, қимыл сөздерімен келетін тіркестерді мәнерлеп оқытыңыз. Мәселен, қызыл моншақ, үлке сахна, жылдам қимыл.
Тыңдалым тапсырмасы. Мәтінді екі рет тыңдатыңыз.
Тыңдалым мәтіні:
Марина мен Әлихан өнерлі балалар. Марина биді жақсы көреді. Сол үшін ол биге үйірмесіне барады. Ол халық билерін жақсы билейді. Ал Әлихан домбыра үйірмесіне қатысады. Себебі ол домбыраммен ән айтқанды жақсы көреді.
Мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз:
- Марина мен Әлихан қандай балалар?
- Марина нені жақсы көреді?
- Ал Әлихан ше?
Оқушыларға мәтін бойынша өз пікірлерін айтқызу үшін келесі сұрақты қойыңыз.
- Саған кімнің таңдауы ұнады?
Оқушылар төмендегі сөйлемді жалғастырып айтады:
Маған Маринаның таңдауы ұнады. Себебі .......... .
Маған Әлиханның таңдауы ұнады. Себебі......... .
Оқылым тапсырмасы. Оқушыларды 3 топқа бөліңіз. Әр топ оқылым мәтінін төмендегі тапсырмалар негізінде меңгертіңіз.
1. «Пазл» әдісі. Кестедегі сөйлемдердің реттілігін сақтап, тұтас мәтін құратыңыз. Алдымен кестедегі сөйлемдерді оқып беріңіз. Топтағы оқушылардың ішінен біреуі мәтіннің дұрыс құралған ретін санмен көрсетеді. Реті дұрыс келген жағдайда мәінді оқытыңыз.
2. Мәтін мазмұнының не туралы екенін анықтатыңыз. Оларға келесі сұрақтарды қойыңыз.
а) Би туралы
ә) Моншақ туралы
б) Сахна туралы
3. Оқушылар мәтінді қаншалықты меңгергенін білу үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:
- Гүлсая неге қатысады?
- Оның көйлегі қандай?
- Гүлсаяда не бар?
- Ол кіммен билейді?
Грамматикалық қоржын
Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беріңіз.
Кім? | Қайда? | Не істейді? |
Қарындасым | сахнада билейді. билемейді. |
Сергіту сәті. Қаражорға биін әуенімен билетіңіз. Келесі қимылдарды жасатыңыз.
1-қимыл. Иықты жоғары, төмен, алға, артқа қозғалту.
2-қимыл. Қолды толқын сияқты қимылдату. Бұл – «толқын» қимылы деп аталады.
3-қимыл. Қолды оңға, солға қимылдату. Бұл – «самал жел» қимылы деп аталады.
Жазылым. Оқушыларды сөздерге қосымшалар жалғап, дұрыс тіркестер құрауы керек. Ол үшін оқушыларды жұпқа бөліп, «Дұрыс тіркестер» ойынын ойнатыңыз. Қай жұп дұрыс тіркес құраса, сол жұп жеңімпаз атанады. Құраған сөйлемдерін дәптерлеріне жазадырыңыз.
Бұл тапсырманы орындап болған соң, Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалайды.
Айтылым. Бұл тапсырма «Сиқырлы қобдиша» әдісімен орындалады. Әр жұпқа сиқырлы қобдишадан диалогтегі сұрақтар таратылады. Оқушылар сұрақтарға жауап дайындап, өзара ауызша диалогке түседі. Тапсырма келесі дескрипторлар арқылы бағаланады:
- сұрақтарға жылдам жауап береді;
- сөздерді қатесіз айтады.
Жазылым. Сабақты бекіту үшін келесі тапсырманы орындатыңыз. Оқушыларды үш топқа бөліп, суреттер бойынша мәтін құратып жаздырыңыз. Бұл тапсырманы алдымен ауызша орындатыңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл тапсырманы қатесіз орындаған жағдайда «Қатесін тап» ойынын ойнатыңыз. Оларға басқа оқушылардың қатесін тексеру жұмыстарын тапсырыңыз. Бұл тапсырма келесі дескрипторлар арқылы бағаланады:
- тірек сөздерді жиі қолдануы;
- сурет мазмұнына сәйкес мәтін құрауы;
- мәтінді 5 сөйлем көлемінде мазмұндауы.
Рефлексия.
Қызыл смайлик. Сұрақтарым көп. Белсенді бола алмадым.
Көк смайлик. Сұрақтарым жоқ. Белсенді болдым.
Жасыл смайлик. Маған бәрі түсінікті болды. Өте белсенді болдым.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру