Балықтар №10 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

1-тарау

Жанды табиғат

10-сабақ

Балықтар

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым дағдысы дамытуға көңіл бөлінеді. Мұғалімнің айтқан ақпараттары, тыңдалым мәтініндегі ақпараттарды қолдана отырып, тақырып бойынша диалог құрады, яғни айтылым дағдысына мән беріледі. Сонымен қатар жазылым дағдысы бойынша сөйлем соңына тыныс белгілерді дұрыс қоя білуге дағдыланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Сондай-ақ б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздерді дұрыс жазуға үйрету көзделеді. Грамматикалық минимум ретінде сөйлемдегі сөздердің орындарын сақтау қарастырылады.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша диалогқа қатысады, сөйлем соңына тыныс белгілерді қояды

Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтып береді, диалогқа еркін қатысады, сөйлем түрлерін ажыратады

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаңыз. «Балмұздақ таяқшалары» тәсілі бойынша бірнеше оқушыдан бір аң туралы сипаттау мәтінін оқып берулерін сұраңыз. Оқушылар дескриптор бойынша бағалайды. Оқушылардың жұмыстарына өзіңіз де кері байланыс беріп отырыңыз.

Үй тапсырмасын сұрап болғаннан кейін, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.

Жаңа сөзді сурет арқылы меңгертіп, сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз. Балық туралы қысқаша ақпаратты таныстырылымдағы суретті пайдалана отырып, өзіңіз айтып кетуіңізге болады. Егер мүмкіндік болса, https://imektep.kz/kz/balyktar сайтындағы бейнематериалды тыңдатыңыз(2 минут)

Бұдан кейін оқушылардың өздерінен қандай балықтар түрлерін білетіндерін сұраңыз. Таныстырым арқылы басқа да балық түрлерінің атауларымен таныстырыңыз.

Оқыған ақпараттарды естерінде сақтау мақсатында әрі сергіту сәті ретінде «ИӘ» және «ЖОҚ» ойынын ойнатыңыз. «ИӘ» және «ЖОҚ» сөздері жазылған екі қағаз қарама-қарсы қойылған екі орындыққа қойылады. Оқушыларды екі топқа бөлу. Оқыған мәтіннің мазмұны бойынша дұрыс және бұрыс ақпарат айтылады. Мұғалім бір сөйлемді оқыған кезде, екі топтан бір-бір оқушы ортадағы орындықтың біреуіне жылдам отыруы керек. Дұрыс жауапқа сәйкес орындыққа көбірек отырған топ жеңіске жетеді.

Бұдан кейін тыңдалым мәтініндегі таныс емес екі сөзді сурет арқылы меңгертіңіз. Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, мәтін бойынша сұрақтарға әр оқушы өздігінен жауап жазады. Уақыт кетірмеу үшін 1-2 сөзбен нақты жазса жеткілікті. Дидактикалық құралдардан әр оқушыға жеке-жеке шығарып беріңіз. Дұрыс жауапты тақтадан көріп, өз-өздерін «Пайыздық көрсеткіш» әдісімен бағалайды.

Келесі тапсырмада тыңдалым материалдары негізінде білген ақпараттарды қолданып, диалогқа қатысады. Кейбір оқушыларды қолдау үшін тірек сөздер ұсыныңыз.

Қалаулары бойынша 2-3 жұп ортаға шығып, тақырып бойынша сөйлеседі. Қалған оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жауаптарын бағалайды.

Жазылым. Сабақ мақсатына сәйкес сөйлемдердің соңына тыныс белгілерді қойып жазады. Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Орындап болған соң, топқа бірігіп, топта талқылайды. Топ ішінде ең жақсы орындаған оқушыларды анықтайды.

Тапсырманы толық орындап болған соң, оқушылар тапсырмаға «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Қабылдау деңгейлері жоғары оқушыларды дамыту мақсатында балықтар туралы қосымша ақпарат тауып, айтып беруді тапсырыңыз..

Ал барлық оқушылар үшін екінші тапсырманы беруіңізге болады. Тыңдаған мәтін бойынша кестені толтырады. Әр бағанға 2 сөзден жазу керек. Мәтіннен сан есім, зат есім, сын есім, етістіктерді тауып, бағанға жазады.

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу