Microsoft Excel электрондық кестесінде қарапайым есептеулер жүргізу. Математикалық функциялармен жұмыс. Информатика, 8 сынып, презентация.


Microsoft Excel электрондық кестесінде қарапайым есептеулер жүргізу.

Математикалық функциялармен жұмыс.

Сабақтың мақсаты

Escel-де математикалық функцияларды қолдану арқылы әр түрлі есептерді шешуге үйрену

Формулалар

Кез келген формула = белгісінен басталады.

Формулаларда қатысатын өрнектер константадан (дата, сан, мәтін), ұяшықтарға сілтемелерден (ұяшықтар адрестері) және кірістірілген функциялардан тұрады.

Формуладағы өрнектер математикалық операторлармен байланысады.

Математикалық операторлар көмегімен жазылған операциялар солдан оңға қарай орындалады: алдымен дәрежеге шығару (^), одан кейін көбейту (*) және бөлу (/), соңында қосу (+) мен азайту (-) орындалады.

Дөңгелек жақшалар операциялардың орындалуын ретін өзгертеді.

Формула сызықтық түрде бір жолға жазылуы тиіс.

Формулаларда кірістірілген функцияларды қолдану мәліметтермен күрделі есептеулерді жеңілдетуге арналған. Мысалы А1:А20 ұяшықтар диапазондарының арифметикалық орташасын табу формуласын функцияны қолданбай былай жазуға болады: =(A1+A2+A3+…+A20)/20 немесе бұл формуланы функция көмегімен жазу мүлдем оңай: =СРЗНАЧ(А1:А20).

Қажетті функцияны формулаға кірістіру үшін Формулы-Вставить функцию командасын орындаймыз немесе формула жолындағы батырмасы басу қажет.

Функцияларды формулаға кірістіру ережесі

Функция атауы міндетті түрде кірістірілетін функциялар жиынынан болуы керек.

Функция атауынан кейін дөңгелек жақшаларда функцияда қолданылатын аргументтері көрсетіледі. Егер функция аргументтері болмаса, онда атауынан кейін бос орынсыз (пробелсыз) () бос жақшалар қойылады.

Жақшадағы аргументтер бір-бірінен Windows баптауларында қабылданған тізім арқылы ажыратылады, яғни нүктелі үтір немесе үтір.

Функцияның аргументі ретінде константа, сілтеме (бір ұяшыққа немесе ұяшықтар блогына) немесе басқа функция қолданылуы мүмкін.

Тапсырма

Курсорды В2 ұяшығына қоямыз. Формула жолындағы Вставить функцию батырмасын шертеміз. Мұнда Вставка функции диалогтік терезесі пайда болады (сурет 1) Категория бөлімінен Математикалық категориясынан Корень функциясын таңдап алып, Ок батырмасын шертеміз.

Нәтижесінде экранда пайда болған Бұл терезеде функцияның аргументін көрсетеміз, яғни түбір алынатын санды енгіземіз. Число жолына 14-ті енгіземіз де, ОК батырмасына шертеміз. Енді формуланың қалған бөлігін жазу керек. Ол үшін тышқанды формула жолына шерту арқылы орналастырып, белсендіреміз де мәтіндік курсорды түбір формуласынан кейінгі жерге қойып «+3» символдарын жазамыз. Содан соң, формулаға «Sin»-ты қою үшін Вставить функцию белгісіне шертеміз. Математикалық категориясынан Sin-ты таңдап аламыз да, ОК –ді шертеміз.

Пайда болған диалогтік терезеде Sin-тың аргументін көрсетеміз. Ол үшін Число жолына 5*-ді жазып және бұрышының мәні тұрған ұяшықтың адресін қоямыз, яғни А2. адресті қолмен жазуға да, А2 ұяшығына шерту арқылы да қоюға болады.

Егер кестемізді диалогтік терезелер көлеңкелесе, яғни кестедегі қажетті ұяшықтарды белгілеу мүмкін болмаса, онда тышқанмен терезелерді сүйреу арқылы ұяшықтарды көріп, белгілейміз де ОК-ді шертеміз. Нәтижесінде формула мына түрге келеді:

3) f бұрышының бағанын 0-дан 2 аралығында мәндерді 0,2 қадаммен толтырайық. Ол үшін ұяшықтарды өсімшенің көмегімен автоматты түрде толтыруды қолданамыз. Ол үшін А3 ұяшығына қатардың қатардың 2-ші мәні 0,2-ні енгіземіз. Екі ұяшықты да ерекшелейміз (А2 және А3). Тышқан көрсеткішін толтыру маркеріне қоямыз да, оның батырмасын босатпай, маркерді 34-ші жолға дейін сүйрейміз.

Енді радиус-вектордың [0, 2] аралығындағы мәндерін есептейік. Ол үшін В2 ұяшығын ерекшелеп, тышқан көрсеткішін толтыру маркеріне қойып маркерді 34-ші жолға дейін сүйрейміз. Нәтижесінде В2:В34 ұяшықтарының мәндері формуланың көмегімен автоматты түрде толтырылады.

Енді радиус-вектор бейнелейтін траекторияны алу үшін диаграмма шеберін қолданамыз. Мұндағы 1-ші қадамда нүктелік диаграмманы таңдаймыз., 2-ші қадамда диапазон ретінде х1, у1 бағандарын көрсетеміз (С2:D34 блогы). Қалған қадамдарды әрекетсіз өткізіп жібереміз. Нәтижесінде төмендегідей траекторияны көреміз.

7) Кестені сақтап, жұмысты жүктеңіз.

Тапсырма: -ның мәнін төмендегі формулалармен есептеп, сәйкес траекторияларын тұрғызыңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу