Ақпаратты өлшеу. Информатика, 8 сынып, презентация, 2 сабақ.


Компьютер мен желіге техникалық сипаттама

Ақпаратты өлшеу

Сабақтың мақсаты

«Алфавит» және «алфавит қуаты» терминдерін білу

Ақпараттың санын анықтау үшін алфавит тәсілін қолдану

Кілт сөздер

Алфавит

Алфавит қуаты

Ақпарат көлемі

Алфавит - тілде қолданылатын символдар жиынтығы. Оған тек қана әріптер емес тілдің басқа да символдары кіреді.

Алфавит қуаты  - алфавитте қолданылатын символдардың саны.

Мысалдар

Қазақ алфавиті (KZ)

Қуаты (KZ)-32

Ағылшын алфавиті (En)

Қуаты (En)-26

Алфавиттік амал

Алфавиттік амал техникалық құрылғымен өңделген ақпарат санын есептеу үшін өте ыңғайлы болып саналады. Құрылғылардың хабарламаның мазмұны жағынан ешқандай қатысы болмайды. Компьютерлер, принтерлер мен модемдер ақпараттың өзімен емес, оның хабарлама бойынша ұсынылған түрінде жұмыс жасайды.

Ақпараттың символдық үлесі мен алфавит қуатына тәуелділігі

Шешімі:

Әр символдың ақпараттық үлесі битпен (b), алфавит қуатын (N) өзара байланыстыратын формула: 

N = 2b

1 Тапсырма

Әрбір символ бир байтпен кодталатынын есепке ала отырып, Тарих бізді ақтайды! деген сөйлемнің ақпараттық көлемін анықтаңыздар. 

Шешуі:

Сөйлемде 22 символ (барлық символ) болғандықтан, оның ақпараттық көлемі келесі формула арқылы анықталады: V=22*8=176 бит

2 Тапсырма

Хабарламаны жазу үшін 32 символдан тұратын алфавит қолданылды. Әрбір бет 30 жолдан тұрады. Барлық хабарламадағы ақпарат 8775 байт, 6 бетті құрайды. Жолда қанша символ бар?

Шешуі

№1 тапсырма

Алфавит қуаты 64 және 100 символдан тұратын мәтін құрастырылған. Мәтіннің ақпараттық көлемі қандай?  

Дескриптор:

Есепті шығару барысында, алфавит тәсілін қолдана отырып, ақпарат көлемін есептейді.

Жауабы: 600 бит

№2 тапсырма

Компьютердің көмегімен өңделген мәтіннің көлемі 3,5 Кбайтты құрайды. Мәтін қанша символдан тұрады? 

Дескриптор:

Есепті шығару барысында алфавит тәсілін қолданады.

Мәтінде қанша символ бар екенін анықтайды.

Жауабы: 3584 символ

№3 тапсырма

2048 символдан тұратын хабарламаның көлемі Мбайттың 1/512 бөлігін құрайды,

Жазылған хабарламаның алфавиттік қуаты қандай?

Дескрипторы:

Есепті шығару барысында алфавит тәсілін қолданады.

Алфавит қуатын анықтайды.

Жауабы: 256 символ

Рефлексия

Алфавит дегеніміз не? Алфавит қуаты?

Ақпараттың көлемі қандай параметрлерге байланысты?

Хабарламаның ақпараттық көлемін қалай есептейді?

Қолданылған материалдар тізімі

http://www.yaklass.ru/p/informatika/10-klass/informatciia-i-informatcionnye-protcessy-11955/izmerenie-informatcii-11900/re-8ec31838-8317-451a-94cc-0ebdcc4e1e32

http://school497.ru/download/u/02/les6/les.html

http://xn--i1abbnckbmcl9fb.xn--p1ai/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%8C%D0%B8/600432/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.