file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ақпаратты өлшеу тәсілдері. Информатика, 7 сынып, презентация, 1 сабақ.


Компьютер мен желіге техникалық сипаттама

Ақпаратты өлшеу тәсілдері

Сабақтың мақсаты:

8.2.1.1 Ақпараттың санын анықтау үшін алфавит тәсілін қолдану

Ойланып көрейік

Ақпараттың көлемін қалай өлшеуге болады?

«38 тотықұс» мультфилімінің кейіпкерлері жыланның ұзындығын калай өлшеді?

Жауабы:

Біз кез келген нәрсенің ұзындығын немесе массасын қалай өлшейміз: тиісті эталонмен салыстырамыз.

Эталон өлшемі өлшенген мәнге қанша рет сәйкес келсе, соны өлшеу нәтижесі деп есептейміз. Тек эталонды таңдау қажет.

Мысалы, «38 тотықұс» мультфилімінде тотықұс қадамының ұзындығы эталон болып алынған.

Ақпаратты өлшеудің эталоны дегеніміз не? Осы мәселені қарастырайық.

Ақпаратты өлшеудің алфавиттік тәсілі

Ақпараттың көлемін өлшеудің бірнеше жолы бар. Олардың біреуі алфавиттік деп аталады.

Алфавиттік тәсіл кез-келген алфавиттің символдарынан құралған мәтіндегі (символдық хабарлама) ақпараттың көлемін өлшеуге көмектеседі.

Алфавиттік тәсіл

Алфавиттік тәсіл техникалық құрылғымен өңделген ақпарат санын есептеу үшін өте ыңғайлы болып саналады. Құрылғылардың хабарламаның мазмұны жағынан ешқандай қатысы болмайды.

Компьютерлер, принтерлер мен модемдер ақпараттың өзімен емес, оның хабарлама бойынша ұсынылған түрінде жұмыс жасайды.

Алфавит әріптер, белгілер, сандар, жақшалар және т.б. жиынтығы.

Алфавитте қолданатын символдардың санын алфавит қуатымен өлшенеді.

Мысалы, орыс алфавитінің қуаты әріптер мен қосымша символдардың санымен анықталады:

33 әріп + 10 цифр + 11 тыныс белгілері + жақша + алшақтық (пробел) = 54

Екілік алфавит

Екілік алфавит 2 символдан тұрады: 0 және 1 .

Екілік алфавит бойынша символдың ақпараттық көлемі 1 бит деп аталады

Сондықтан, 1 бит – бұл 0 және 1 .

2, 3 және т.б. биттік комбинацияны екілік код деп атайды.

Екі битпен канша символды кодтауға болады?

Осыдан алфавит қуаты 4 символды, ал әр символдың ақпараттық салмағы 2 битке тең екени белгілі болды.

Үш битпен канша символды кодтауға болады?

Осыдан алфавит қуаты 8 символдан, ал әр символдың ақпараттық салмағы 3 битке тең болғаны белгілі болды.

Қорыта келгенде, алфавит қуаты 16 символға тең болса, әр символдың ақпараттық салмағы 4 битке тең болады.

Алфавит қуатын N әріпімен белгілеп, ал символдың ақпараттық салмағы b әріпімен белгіленеді.

Алфавит қуаты

Есепті шығарыңыз:

1. Ақпараттық хабарлама көлемі 300 бит, 100 символдан құралған. Алфавит қуатын табыңыз.

2. Алфавит қуаты 64-ке тең. Әр парағы 256 символдан тұратын 128 парақты мәтінді сақтау үшін қанша Кб жады керек?

3. Әрқайсысы 48 символдан тұратын 128 жолдан құралған құжат берілген. Егер құжаттың әр символы 2 байттық Unicodе таблицасымен кодталып, ақпараттық көлемі 720 кбайтқа тең болса, бұл құжаттың қаша парақтан тұратынын табыңыз.

Дескрипторлар:

Алфавит қуатын таба алады

Бір парақтағы символдардың санын анықтай алады

Құжаттағы парақ санын таба алады

Өздік жұмыс

(формативтік бағалау)

ОМ. 8.2.1.1 Ақпараттың санын анықтау үшін алфавит тәсілін қолдану

Есептің шешімі:

1. 300/100=3 b=3 N=2^3=8 бит

2. 128*256=32768

2^b=64 b=6

32768*6=196608 бит = 24 кбайт

3. 128*48=6144 6144*2=12288

720 кбайт=737280 байт

737280/12288=60 страниц



Толық нұсқасын 26 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу