Екілік кодтау. Информатика, 6 сынып, қосымша материал.
«Екілік кодтау» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтың мақсаты: компьютерге арналған барлық ақпарат екілік түрде көрсетілетінін түсіндіру.
Осы сабақты оқу үшін қажетті білім: Оқушылар ақпаратты тарату үрдісімен, ақпаратты шифрлеу қажеттілігі туралы таныс болу керек.
Осы сабақ жаңа тақырыпты оқу сабағы болып табылады.
Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімдер
Компьютерде ақпаратты көрсету үшін екілік кодтау қолданылады, өйткені, екіден аспайтын күй түрін 100 пайыздық кепілдікпен сақтауға және анықтауға мүмкіндік беретін техникалық құрылғы жасалды.
Сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық ақпаратты цифрлікке өңдеу үшін кодтауды қолдану керек. Кодтау – бұл бір типтегі ақпаратты басқа типтегі ақпарат арқылы өңдеу. ЭЕМ-да екілік кодтау жүйесі қолданылады. Ол жүйе екілік цифрлер деп аталатын, 1 және 0 екі сандардың кезектілігінде мәліметтерді көрсетуде негізделген (binary digit – қысқарт. bit).
Әдістемелік нұсқаулық
Қайталау кезеңін ұйымдастыру үшін жұптарға бөліңіз. Әр жұпта үлгерімі жоғары және үлгерімі төмен оқушы болу қажет.
Жаңа материалды түсіндерген кезде оқушылардың біліміне сүйеніңіз, және оны эвристикалық сұхбат ретінде өткізіңіз.
Оқушылардың кез келген көз қарасын қабылдаңыз.
Мәселелі сұрақты талқылаған кезде бүкіл сыныппен, сондай-ақ топқа бөлу арқылы өткізуіңізге болады. Одан соң, оқушылардың көз қарастарын ұйымдастырыңыз.
Сабақ тапсырмаларының шешімдері (https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/8-synyp/lesson/sanaudyng-ekilik-zhujesi-ekilik-sanau-zhujesi )
3 жаттығу.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма:
Компьютерді ақпаратты көрсету үшін қолданылады __екілік кодтау__.
Компьютердегі ақпараттың барлық түрлері кезектілігі түрінде көрсетіледі _0__ және __1__.
__Операциондық жүйе __ адамға ыңғайлы түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ақпаратты компьютер қабылдайтын формаға ауыстыру үрдісі _кодтау_ деп аталады.
Ақпаратты екілік кодтаудан адамға түсінікті формаға айналдыру, - _қайта кодтау_.
Әдебиет пен ресурстар:
https://www.compgramotnost.ru/kodirovanie-informacii/predstavlenie-informacii-v-kompyutere - компьютерде ақпаратты көрсету
http://www.5byte.ru/11/0002.php - компьютерде ақпаратты екілік кодтау
https://learningapps.org/3810696 компьютерде ақпаратты көрсету
https://learningapps.org/3472879 - мәтіндік ақпаратты кодтау
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.