Геометриялық денелердің комбинациялары. Геометрия, 11 сынып, қосымша материал 1.
Геометриялық денелердің комбинацияларын жазықтықта кескіндеңіз
Денелердің комбинациясы, сипаттама | Сызба |
Егер шар призманың барлық жақтарымен жанасса, онда шар призмаға іштей сызылған. | |
Егер призманың барлық төбелері шар бетінде жатса, онда шар призмаға сырттай сызылған. | |
Егер шар пирамиданың барлық жақтарымен жанасса, шар пирамидаға іштей сызылған. | |
Егер пирамиданың барлық төбелері шар бетінде жатса, онда шар пирамидаға сырттай сызылған. | |
Егер цилиндрдің табандары тік призманың табандарына іштей сызылған болса, онда цилиндр тік призмаға іштей сызылған. | |
Егер цилиндрдің табандары тік призманың табандарына сырттай сызылған болса, онда цилиндр тік призмаға сырттай сызылған. | |
Егер цилиндрдің бір табаны пирамиданың табанында жатса, ал екінші табаны пирамиданың табанына параллель қимасына іштей сызылған болса, онда цилиндр пирамидаға іштей сызылған. | |
Егер пирамиданың табаны цилиндрдің бір табанына іштей сызылған, ал төбесі цилиндрдің екінші табанында жатса, онда цилиндр пирамидаға сырттай сызылған. | |
Егер конустың табаны призманың бір табанына іштей сызылған, ал төбесі призманың екінші табанында жатса, онда конус призмаға іштей сызылған. | |
Егер призманың бір табанының төбелері конустың бетінде, ал екінші табанының төбелері конустың табанында жатса, онда конус призмаға сырттай сызылған. | |
Егер конустың табаны пирамиданың табанына іштей сызылған, ал төбесі пирамиданың төбесімен беттесетін болса, ондаконус пирамидаға іштей сызылған. | |
Егер конустың табаны пирамида табанына сырттай сызылған, ал төбесі пирамиданың төбесімен беттесетін болса, ондаконус пирамидаға сырттай сызылған. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.