Синустар теоремасы. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Үшбұрыштарды шешу

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерізімі:

Мұғалім аты-жөні:

Сыныбы: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Синустар теоремасы

Оқу бағдарламасына сілтеме:

9.1.3.7 синустар теоремасын білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • үшбұрыш ауданы бойынша алдын ала алған білімін жоспарға сәйкес әрекет ете қолдану
  • үшбұрыш қабырғаларын синустар теоремасын қолданып өрнектеу
  • синустар теоремасын тұжырымдап, дұрыс қорытынды жасай алу

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

теоремалар мен формулаларды қолданып есептерді шешу жолын түсіндіреді;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • үшбұрыш ауданының іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустарымен байланысын дәйектеп айта алады;

теоремалар мен формулаларды қолданып есептерді шешу жолын түсіндіреді;

  • үшбұрыштарды шешу;
  • синустар теоремасы;
  • косинустар теоремасы;
  • жарты периметр;
  • пропорционал кесінділер.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • үшбұрыштың кез-келген қабырғасының квадраты ... ;
  • ... қарсы жатқан бұрыштардың синустарына пропорционал;
  • үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы ... қатынасына тең;
  • ауданның жарты периметрге қатынасы ... болады;
  • медианалар қиылысу нүктесінде ... ;

биссектриса қабырғаны ... бөледі.

Құндылықтарды дарыту

Өткен сабақтарда қарастырылған тақырыптарымен бірге жаңа тақырыпқа бағытталған сұрақтар қою арқылы оқушылардың өмірлік білім жолын қалыптастыруға үйрету, өзіне деген сенімділігін, ойын ашық жеткізе білуге үйрету.

Пән аралық байланыстар

Анықтамаларды дұрыс, нақты айту арқылы және жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында қазақ тілі пәнімен байланыс орнатамын.

АКТ қолдану дағдылары

Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды слайд арқылы көрсетіп, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып есептер шығарту арқылы оқушыларды АКТ қолдануды үйретемін.

Алдыңғы сабақтан алған білім

Үшбұрышқа іштей сызылған және сырттай сызылған шеңберлерді білу, үшбұрыштардың түрлерін, үшбұрыштың теңсіздігін, үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынасты, үшбұрыштың аудан формулаларын білу, тікбұрышты үшбұрыштарды шеше білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқыту ресурстары

Ұйымдастыру кезеңі

(5 мин)

Сабақтың басы

(20 мин)

Мотивациялық кезеңі:

а) Сәлемдесу;ә) Оқушыларды түгендеу;б) Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру;

в)Үй жұмыстарының тексерілуін қадағалайды;

г) Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Теориялық бөлім (теорема дәлелдеу, мысалдар келтіру)

Презентация

Жұппен жұмыс кезеңі

(15 мин)

Әр жұпқа әр түрлі есептер беріледі. Оқушылар жұптасып, берілген тапсырманы 13 минутта орындайды. Орындап болған тапсырмаларын басқа жұптармен алмасып, өз-өздерін тексеруге 2 минут уақыт беріледі

Қосымша 1

Топпен жұмыс кезеңі

(15 мин)

Оқушылар топтасып, тақырыпқа байланысты қолданбалы есептерді шығарып, постер қорғайды.

Қосымша 2

Жеке жұмыс кезеңі

(15 мин)

Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың оқу мақсатын қаншалықты меңгергендігін анықтаймыз.

Қосымша 3

Тест тапсырмалары

(5 мин)

Мини тест ( қорытындылау)

Қосымша 4

Reflection

(4 мин)

Рефлексия

Менің есіме түсті ………………………………..

Маған қиын болды ……………..

Менің білгім келеді ………………………...

Мен орындай алмадым ………………………………

Мен орындағым келеді ………………………….

Үйге тапсырма (Homework)

1 мин

Үйге тапсырма беріліп, есептердің берілгені түсіндіріледі

Қосымша 5

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейміз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексереміз?

Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ құндылықтарымен байланыс (тәрбиелік элемент)

Қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушымен жұптық жұмыс жасайды. Қабілетті төмен оқушыны сабаққа ынталандырып, сабақтың түсініксіз тұстарын түсіндіріп, өзінің сыныптасын абілімге баулиды өзі де тақырыпты қайталау арқылы білімін бекітеді.

Сыныптағы барлық оқушыны назардан тыс қалдырмай белсенділігіне байланысты мақтаулар, мадақтаулар айту.

Оқушының өзін-өзі бағалауға және сыныптаға белсенді оқушыны бағалап, әлі неге қол жеткізу керектігін ьағалау арқылы түсініп отырады.

Ойлауды дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара қарым-қатынаста өзін ұстау мәдениетін және қандай жағдай болмасын бірқалыпты болуға тәрбиелеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Қайталау арқылы еске түсіру

2. Қалыптастырушы бағалау

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Тапсырмаларды топта талқылау

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топтағы оқушылардың тапсырманы орындауға толық қатысып отырғанына көңіл бөлу қажет

Қосымша 1

  • Үшбұрыштың қабырғасы 2, ал оған іргелес бұрыштар 300 пен 450-қа тең. Үшбұрыштың басқа қабырғаларын табыңыз.

Жауабы:

  • АВС үшбұрышында АС=1, Үшбұрыштың ВС қабырғасын табыңыз.

Жауабы:

  • АВС үшбұрышының А бұрышы В бұрышынан екі есе артық, ал осы бұрыштарға қарсы жатқан қабырғалар сәйкес мен 8 см-ге тең.

Жауабы:

  • АВС үшбұрышының АК-биссектриса. ВК-ны табыңыз.

Жауабы:

  • АВС үшбұрышының . АС-ны табыңыз.

Жауабы: 12

  • АВС үшбұрышының В бұрышын тбыңыз.

Жауабы:

  • болатын АВС тік бұрышты үшбұрышына сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.

Жауабы: 6

Қосымша 2

1-ші топ

Жағалаудағы А нүктесінен кемеге дейінгі қашықтықты табыңыз, егер тең болса. ( АК кесіндісін табыңыз.)

2-ші топ

Таудың төбесі А нүктесінен көрінеді, егер А нүктесінен тауға қарай 200 метр жақындасақ, онда таудың төбесі көрінеді. Таудың биіктігін табыңыз.

3-ші топ

Аралдағы О нүктесінен жағалаудағы В нүктесіне дейінгі арақашықтықты табыңыз, егер

Қосымша 3

Оқушының аты-жөні ____________________________

Пәні: математика

Сыныбы: 9 « »

Бөлім: Үшбұрыштарды шешу

Оқу мақсаты:

9.1.3.7 синустар теоремасын білу және қолдану;

1-тапсырма

АВС үшбұрышында қатынасын табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • сызбасын сызады;
  • қатынасын табады

2-тапсырма

болатын EHF үшбұрышына сырттай сызылған шеңбердің радиусы -ке тең. EF қабырғасын табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

  • сызбасын сызады;
  • EF қабырғасын табады

Қосымша 4

Мини тест

Дәптермен жұмыс. Оқушыларға өткен тақырыпқа байланысты тест жұмысын орындау ұсынылады. Тест орындап біткен соң оқушылар слайдтан көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша өзін-өзі бағалайды.

Тест тапсырмасы

Әр сұраққа 1 ұпай.

  • Үшбұрыштың 11 см қабырғасына қарсы жатқан бұрышы 1500. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңберің радиусын табыңыз.

А. 10 см В. 5,5 см С. 22 см Д. 13 см Е. 11 см

  • АВС үшбұрышында А бұрышының шамасы 450, ал биіктігі АС қабырғасын АД =6см , ДС=8см кесінділерге бөледі. АВС үшбұрышының ауданын тап.

А. 42 см2 В. 43 см2 С. 22 см2 Д. 13см2 Е. 11 см2

  • Үшбұрыштың екі қабырғасы 6 см және 10 см-ге, арасындағы бұрышы 1200. Үшінші қабырғасын табыңыз.

А. 16 см В. 12 см С. 14 см Д. 9 см Е.15 см

  • Қабырғалары 18 см, 24 см және 30 см болатын үшбұрышқа сырттай сызылған дөңгелектің ауданын тап.

А. 215р см2 В.210р см2 С.225р см2 Д. 282р см2 Е. 214р см2

  • АС қабырғасын тап.

А. 15 см В. 14 см С. 10 см Д. 7 см Е. 5,5 см

Тесттің жауаптары:

1.Е 2.А 3.С 4.С 5.В

IV.Бағалау: 11-13 ұпай -5 , 6-10 ұпай -4 , 5-4 ұпай – 3 , 3 ұпайдан төмен – 2

Қосымша 5

  • болатын АВС тік бұрышты үшбұрышына сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.

Жауабы: 2

  • Табанындағы бұрышы 300 тең және бүйір қабырғасына түсірілген биіктігі 3-ке тең болатын АВС тең бүйірлі үшбұрышының бүйір қабырғасын табыңыз.

Жауабы:

  • АВ=6, АС=10, болатын АВС үшбұрышының ауданын табыңыз.

Жауабы: 15

  • Үшбұрыштың ұзындығы м болатын қабырғасымен іргелес бұрыштары 450 және 750. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын анықтаңдар.

Жауабы:

  • АВС үшбұрыштың ауданы S, AC=b, BC=a болса, онда -ны табыңдар. S=14, а=7, b=8.

Жауабы:

  • Егер қабырғалары 5, 4 және 4 болса, онда үшбұрыштың бұрыштарына қатысы түрін анықтаңдар.

Жауабы: тең бүйірлі, сүйір бұрышты

  • Ромбының диагоналы және оның қабырғасымен 200 бұрыш жасайды. Ромбының қабырғасы мен екінші диагоналын табыңдар.

Жауабы:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.