Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу.. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.
Торсық
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Металдан жасалған торсық, кесе және тақсы сауғалық бұйымдары
Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе, қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақ халықтары пайдаланған.
Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері:
- шимайторсық,
- өркешторсық,
- жанторсық
- мүйізторсық, т.б.
Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Кейбір торсықтарға арнаулы мүйізшапқымен (ысқышпен) әр түрлі өрнек салынады.
Торсық тігу технологиясы
Тұрмыстық заттарға қолданатын материалдар. Қазақ колөнеріндегі көзтартарлықтай бұйымдар түрлерінің бірі – былғарыны батырмалап өрнектеу арқылы жасалған тұрмыстық заттар. Тері илеуші қазақтар ерте кезден бері теріден ат әбзелдері, әйелдер мен еркектердің белбеулері, сандықтарды бууға арналған орамалдар, сонымен қатар әсем өрнектелген ыдыс-аяқтар, түрлері мен көлемдері әртүрлі местер мен торсықтар жасай білген. Ежелгі қазақтарда тіпті шонжарлар арасында сирек ұшырасатын, үй қабырғасына сән беретін тері тұскиіздер жасау дәстүрге айналған. Ал тері тұскиіздер жасау көп уақыт жұмсау, ауыр еңбекпен келетін шеберлік саналатын.
Шеберлер тері бұйымдарды былғарыға жоғары қысыммен рельефті өрнек салу, сонымен қатар оларға осындай тәсілмен жасалған металл табақшалар мен бедерлі қаңылтырлармен жапсырумен безендірген. Киіз бұйымдар сияқты, теріге, металға және тоқыма бұйымдарға да көз тартатын ою-әшекейлер салынған.
Сәндік-қолданбалы қолөнер бұйымдарын жасау үшін иленген жылқы, ірі қара мен түйе терілері қолданылатын. Оларды өңдеу «и» деп аталатын қатты ашыған (божыған, быршыған) сүт өнімдерінің көмегімен жүргізіледі. Жылы суға салып жұмсартқан соң теріні шелдеп (қалған май мен еттен қыру арқылы тазалап), иге бірнеше күн салып қояды. Иде тұрған тері жүні жидіп, өзінен-өзі түсіп қалады. Иден алынған теріні жазып, тұзды жылы сумен жуады да кептіреді. Кепкен теріні егер жұқа болса, қолмен уқалап жұмсартады. Ал ірі мал терісін әбден жұмсарып, пайдалануға жарамды болғанша талқымен (келісапқа ұқсас өңдеу құралы) түйіп, ұрғылайды.
Тері өңдеу өнерінің ерекше түрі оған арнаулы жасалған қалыпты пайдалану арқылы бедер салу. Оған беткейлеріне бірдей (бір-бірінен айнымайтын) бедер салынған, беттестірген кезде бір-бірімен жымдасып, сәйкес келетін, бедерлері өзара кірігетін екі тақтай алынады. «Жағлан» деп аталатын тері сандыққа бедер сондай тәсілмен жасалады. Жағлан ағаштан жасалып, сырты терімен қапталады. Сандықтың алдыңғы жағы мен қақпағына қысу арқылы өрнектелген бедер салынады.
Дөңгелек үстел жасау технологиясы.
Мамұны:
- Дөңгелек үстелді жасауға қажетті құрал- жабдықтар.
- Қажетті материалдар.
- Дөңгелек үстелді дайындау үдерісі.
Бұрыңғы кезеңде дөңгелек үстел кез-келген үйдің басты жиһаздарының бірі болып саналатын. Оны тоқылған дастарханмен бетін жауып, отбасы осы үстел үстінде жиналатын болған. Үстелдің ешқандай бұрышы болмағандықтан барлығы тең саналған. Қазіргі таңда жиһаз дүкендерінде сирек кездесетіндіктен, дөңгелек үстелді өз қолымызбен жасауға болады.
Қарапайым және мықты үстел
Оны жасауда құрастыруда күрделі емес. Қарапайым үй құралдарымен жасау.
Дөңгелек үстел дайындауға қажетті құралдар тізімі:
- Бұрамашегені бұрағыш (Дрель-шуруповёрт). Үй жұмысына арналған патрон кем дегенде 10мм;
- Тоқ қылара (лобзик). Ағашқа арналған арасы;
- Дискілі егеумашинкасы (шлифмашинка). Балама ретінде шарқайрақты (болгарка) немесе бұрғыға арналған арнайы саптама қолдануға болады.
- Бұрағыштарға арналған түрлі саптамалар (насадка).
- Ағашқа арналған тескіш (сверло).
Қажетті материалдар.
Дөңгелек үстелді дайындауға бізге:
Қырлы бөрене 3050х120х50 – үстел аяғына дайындауға. .
Дөңгелек қайың фанерасы ∅1500 мм, қалындығы 35 мм – үстелдің беті.
Ішкі шөре дискісі ∅1280 мм, ішкі ∅1040 мм, қалыңдығы 20 мм – диск тәрізді байланыстырушы.
Фанер 1060х120х20 мм – 2 дана., жұқа тақтай.
Дөңгелек үстел сызбасы.
Дөңгелек үстел дайындаудың үдерісі.
Үстел аяқтарына төртбұрышты 120х50 мм бөренелерді пайдалану. Құрылыс бөренелер стандартының ұзындығы 3050мм, осыдан қажетті төрт үстел аяқтары (әрқайсы 760мм) шықты. Тегістеу және лактеу арқылы 3 қабат өңдеуден өткізу керек. Қанша ұқыпты тегістеп егесеңізде ағаштың кейбір тұстары дұрыс өңделмеу қалуы мүмкін. Сол себепті бұл үдерісті 3 рет қайталау керек. Сол кезде ғана қажетті нәтижеге қол жеткізуге болады.
Нобайға сүйеніп үстелдің үстіңгі бетінің дискісін фанерден (қалыңдығы 20мм) кесіп алыңыз. Ол аяқтарын біріктіруге және барлық құрамын үстел бетіне бүлдіріп алмай біріктіруге көмектеседі. Сол фанер бетінен жұқа тақтайлар кесіп алыңыз. Оларды қалай біріктіру нобайда көрсетілген. Белгілі салмақты көтеру және біріктіру үшін комфрамат бұрандалы шегелер қолдануға болады. Алайда, олар стандартты емес, ұзынырақ 5х180 мм болуы мүмкін. Жоғарғы дискіге аяқтарын бекіту үшін қолдануға болады. Нобайда бекітуге екі ойық көрсетілген, бірақ төрт тесік қылып тескен дұрыс. Жазықтықты 8 мм диаметрден тесіп, бүйір жағынан 5 мм тесіңіз.
Үстелдің беті (столешница) – оны қалындығы 35 мм қайын фанерасымен жасауға болады, егер қол жетімді болса ғана ұсынылады. Бірақ қалың фанердің арқасында үстел әдемі және көркем көрінеді. Фанер өте ұзақ уақытқа мерзімге қызмет етеді. Үстел бетінің диаметрі стандарт бойынша 1500мм етіп алуға болады. Ішкі дискінің сыртқы диаметрдің өлшемі 1280мм, ал ішкі диаметрі 1040мм. Аяқтарын бекітетін жұқа тақтайшалар өлшемі 120х1060 мм. Бөлшектерді соңғы лактеу жұмысын орындамас бұрын, арнайы текстура беруге болады.
Дискі мен үстел бетінің байланысу сызбас.
Үстелдің жұқа тақтайлаын бір- біріне қатайтудың қажеті жоқ, себебі онсызда үстелдің аяқтары дискіге және жұқа тақтайларға бірінен кейін бірі бекітіледі. Бастысы- адам аяқтары столға тимейтіндей болуы тиіс.
Дайын дөңгелек үстел, астыңғы көрінісі.
Пайданылған ресурстар:
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру