Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу.. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2А Бөлім – Дизайн және технология | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.6.1 Жобалау объектісінің қолданылу мақсаты мен ерекшелігін ескере отырып, өңдеудің конструкциялық, табиғи, жасанды материалдары мен әдістерін негіздеп таңдау. | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушы
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология: Салт- дәстүр, әдет- ғұрып, ұлттық тұрмыстық заттар, технолгиялық құжаттар.
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау. Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру. Эстетикалық талғамдарын дамыту. Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, тарих, технология пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында АКТ дағдыларын қолдана алады. | |||||||||
Бастапқы білім | Зерртеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы
2 мин.
| Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Коллаборативті орта қалыптастыру. Өткен сабаққа қысқаша шолу:
Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы және мақсаттарымен танысу/ ОМ Бүгінгі сабақта біз қазақ халқының тарихи және мәдени тұрмыстық хаттарымен танысатын боламыз. | |||||||||
Сабақтың ортасы 3 мин.
15 мин. 10 мин. | Жаңа тақырыпты түсіндіру Оқушылармен бірге өздері білетін қазақтың ұлттық ыдыс- аяқтары туралы әңгімелесіңіз. Сабақты бастамас бұрын оқушыларға торсықты жасалуы туралы қысқаша бейнебаян көрсетіңіз.
Тапсырма №1. Топтық жұмыс. Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлу керек. Бірінші топ – ыдыс- аяқ түрлерін, ағаштан және қандай мақсатта жасалғанын талдайды. Екінші топ- қымыз, шұбат, айран сусындарын сақтауға арналған былғарыдан жасалған ыдыс- аяқ түрлеріне таныстырылым дайындайды. Үшінші топ- темірден, әйнектен, қыштан жасалған ыдыс аяқ түрлерін талқылайды. Әр топ өз зерттеу нәтижелерін постер немесе презентация түрінде таныстырады. Таныстыруға әр топқа 2 минут беру ұсынылады. Тапсырма №2. Топтық жұмыс. Оқушылардан қазақ халқының ұлттық үстелі туралы не білетіндерін сұраңыз.
Интернет- ресурстарды және қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып, қазақ халқының ұлттық дөңгелек үстелі туралы таныстырылым дайындауларын сұраңыз. Оны орындауға қажетті материалдар мен құрал- жабдықтар туралы ақпараттар қамтылуы тиіс. Дискрипторлар:
| ТОРСЫҚ ЖАСАУ https://www.youtube.com/watch?v=hg_Far9_IB8 Кәдесый торсық жасау https://www.youtube.com/watch?v=YJ34-WFSZIw&t=12s Жиналмалы домалақ шəй стол https://www.youtube.com/watch?v=NttVtp-ABL8 | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі арқылы. Бағдаршамды » түсінгенін анықтау үшін қолданыңыз.тМысалы:
| |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған. Топтық жұмыс қарастырылған. Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді. | Бақылау, Кері байланыс Бағалау критерийлері Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру