Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал 2.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу.» тақырыбына арналған сабақ «Дизайн және технология» бөлімінің алғашқы тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын оқушылар Қазақ халқының тарихи эәне мәдени тұрмыстық бқйымдарын жан- жақты қарастырады. Бұл сабақта қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарының фото суреттері және бейнематериал көрсетіледі.

Сабақ зерттеу дағдысына негізделген. Сабақты шағын ойынмен бастау ұсынылады. Коллаборативті орта қалыптастыру үшін «Комплимeнттeр бұрқacыны» әдіcі aрқылы ынтымaқтacтық aтмоcфeрacын құру ұсынылады. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaрып, бір-бірінe мeйірімділікпeн қaрaуғa тәрбиeлeу. Оқушылар сынып ішінде үлкен бір щеңбер құрып, өз қасында тұрған сыныптастарына комплимeнттeр aйтaды.

Мыcaлы : Ceн бүгін өтe әдіміcің...

Ceн мeйірімдіcің...

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Оқушылармен бірге қазақ халқының тұрмыс- тіршілігі туралы (қолөнер, баспана және т.б.) әңгімелесіңіз. Оқушылардың айтқан ақпарат көздеріне толықтыра отырып, «тұрмыс» сөзінің мағынасына википедия арқылы анықтамасын толықтырыңыз. Қазақ халқының тұмыстық заттарының көбісі көшпелі өмір сүргендіктен және салт- дәстүрге байланысты жасалғандықтарын айта өтіңіз. Және де қазақ халқының ұлттық ою- өрнектер түрлерін және олардың тұрмыстық заттарды безендіруде атқаратын рөлі туралы естеріне түсіріңіз.

 Сабақ барысы

Презентация:....

Оқушыларға сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырып болғаннан кейін тақырыпқа сәйкес бейнебаян көрсету ұсынылады.

Этнодизайн https://www.youtube.com/watch?v=eaTpJFRYIcw

Оқушыларға Қазақ халқының тарихи және мәдени тұрмыстық заттарының бірнеше атаулары туралы ақпарат беріңіз.

Оқушыларға тапсырма бермес бұрын шағын топтарға бөліп алыңыз. Мысалы:

Әр оқушыға тұрмыстық (ағаштан, теріден, металдан, қыштан) бұйымдардың атаулары бар парақшаларды теріс қаратып таратып беріңіз. Сол атаулары арқылы оқушылар шағын топқа бөліп отырғызуға болады. Тапсырма орындалар алдыңда оқушыларға техника қауіпсіздігін естеріне салыңыз.

Тапсырма №1. Топтық жұмыс:

Оқушылар ғаламтор ресурстарын пайдаланып, қазақ киіз үйінің ішкі жабдықтарын зерделейді. Бұл тапсырмаға 10 минут уақыт берсеңіз болады. Уақыт соңында өз жұмыс нәтижелерін сыныппен бөліседі.

Тапсырма №2. Топтық жұмыс:

Бұл тарсырмада оқушылар өздеріне ұнаған тұрмыстық заттардың (асхана аспаптары, жиһаз, сандық, музыкалық аспаптар немесе киімдер) нобайын орындап, таныстыру.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Сэндвич» әдісі қолданылады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу