Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, презентация.
2А Бөлім – Дизайн және технология
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу
Сабақтың тақырыбы:
Тарихи және мәдени өнер туындыларын ерекшеліктерін зерттеу;
Қазақ халқының тұрмыстық заттарының нобайын орындап, ақпараттар жинақтау.
Бағалау критерийлері:
Білім алушы
• Тарихи және мәдени тұрмыстық бұйымдардың шығу тарихын біледі;
• Тарихи және мәдени тұрмыстық бұйымдардың ерекшеліктерін анықтай алады.
• Тарихи және мәдени тұрмыстық бұйымдардың орындалу техникаларын ажырата алады.
Этнодизайн
https://www.youtube.com/watch?v=eaTpJFRYIcwҚазақ халқының тарихи және мәдени тұрмыстық заттарының бірнеше атаулары
Аяқ – ағаштан жасалған көлемі шұңғыл табақтан кіші, әсем, сырлы ас құятын ыдыс.
Аяққап – киізден, былғарыдан істелген, кереге басына ілетін, аяқ сақтайтын ыдыс. Астау – ет салатын, көлемі табақтан үлкен, ұзынша ағаш ыдыс. Бақыраш – су құйып алуға арналған темір ыдыс.Бүйен – ал бүйенінен жасалған, май сақтауға арналған ыдыс.
Жанторсық – жолаушы жанында жүретін, сусын құятын шағын тері ыдыс. Жуаз – май шайқайтын ағаш ыдыс. Зерен – шара тәріздес, беті қақпақты, күміспен, сүйекпен шекетулеген кәделі ағаш ыдыс. Күбі – талдан, аршадан қиып жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдыс.Кеспек – еменнен жасалып, сырты темірмен құрсалған, су немесе іркіт құятын үлкен ыдыс.
Керсен – ағаштан жасалған шұңғыл табақтың үлкені. Кесекқап – кесе сақтайтын аяққап тәріздес ыдыс.Көзе – қыштан жасалатын, түбі кең, аузы тар сұйық құятын ыдыс.
Көнек – теріден қатырып жасалынған, шүмегі бар бие сауатын шелек. Қазан – шойыннан жарты шар үлгісінде құйылған, ұстауға қолайлы, төрт құлағы бар, көлемі әр түрлі, бетінде қақпағы бар тамақ пісіруге арналған ыдыс.Қарын – бұзаудың, қойдың қарнынан жасалған май сақтайтын ыдыс.
Қасық – ағаштан, темірден жасалған сұйық тамақ ішетін ыдыс. Құты – су, сусын құятын шағын ыдыс. Құмыра – қыштан жасалған, сұйық ас құятын ыдыс.Құман – қолға су құятын шәйнектің бір түрі.
Құманша (ақ құман) – шай бұқтыратын шағын ыдыс. Ожау – сұйық құятын сапты ыдыс. Мес – ас құятын, сақтайтын тері ыдыс. Саба – жылқы терісінен тігілетін, қымыз құятын кәделі ыдыс. Самаурын – шай қайнататын ыдыс. Табақ – ет тартатын, кәделі, жиекті ағаш ыдыс.Таба – отқа салып нан көметін екі бетті ыдыс.
Торсық – су, сусын құятын шағын тері ыдыс. Тостаған – ағаш аяқтың шағын түрі. Тегеш – металдан жасалған мескенің бір түрі. Тегене – ағаштан жасалған шұңғыл тік жиек ыдыс. Топатай – су, сүт құятын кішкене ыдыс. Түйемойнақ – түйенің мойын терісінен жасалған, су құятын тозбайтын үлкен ыдыс. Піспек – сабадағы, күбідегі асты шайқайтын дөңгелек басты сапты құрал. Шөген – шойыннан жасалған шұңғыл, қазан тәрізді ыдыс. Шелек – су таситын, мал сауатын қаңылтыр не ағаш ыдыс. Бие – шелек тек бие сауатын шелек.Шәугім – құманның бір түрі.
Шара – ағаштан ойып жасаған қымыз немесе сұйық ас құятын шұңғыл тік жиек ыдыс. Шәйнек – жезден, мыстан жасалған құманның бір түрі. Шөміш – қазаннан ас құятын ыдыс, ожаудың бір түрі. Шанаш – тұз сақтайтын тері қапшық. Шылапшын – қол жуғанда пайдалынылатын ыдыс. Қауға – құдықтан су тартатын шелек.Жуаз – май шайқайтын ыдыс.
Табақ - тағам сақтайтын. Керсен - ағаш табақтың үлкені. Зағыма - түбі таяз үлкен табақ. Сарқым – сусын құятын тұтқалы ыдыс. Ожау - сұйық құюға арналған шөміш. Тегене - жиектелген тік ыдыс. Тостаған - шағын ағаш аяқ. Самар – етсалатын үлкен астау. Күбі - қымыз, шұбат пісетін, май шайқайтын ыдыс.Жылқының, өгіздің мойын терісінен жасалатын, қымыз қүюға арналған түрлі торсықтар бар. Ал қымыз ашытатын ең үлкен ыдыс – саба. Саба тұтас теріден тігіледі.
Торсық - сыйымдылығы 3-8 литр болатын қымызқұятын ыдыс. Сүйретпе - қымыз сақтайтын ыдыс. Бөрдек - қымыз ашытатын торсық.Бұлқыншақ, меске, шанақ - сұйық ас құятын ыдыстар.
Көнек - бие саууға арналған шүмекті ыдыс. Шанаш - тұз сақтайтын тері қапшық.Қыштан жасалынған ыдыстар: Құмыра – ұзын мойынды тұтқалы ыдыс. Көзе - су қүюға арналған шағын ыдыс. Кереңке - сүт құю үшін жасалған құмыра.
Тапсырма№1. Топтық жұмыс.
Ғаламтор ресурстарын (фотосуреттер немесе бейнебаян) пайдаланып, қазақ киіз үйінің ішкі жабдықтарын зерделеу. Зерделеу барысында мына сұрақтарды қамти алады:
• Өздері білетін қазақ халқының тұрмыстық заттарының атын атап және не себепті қолданатының айту.
• Оларды не себепті халықтың тұрмыстық затына жатқызамыз?
• Қазақ халқының шеберлері асхана аспаптарын, тұрмыстық заттар, жиһаздар дайындауда қандай материалдарды қолданған?
• Қазіргі таңда қандай заманауи тұрмыстық заттар қолданылады?
Тапсырма №2.Топтық жұмыс:
Кез- келген тұрмыстық заттардың (асхана аспаптары, жиһаз, сандық, музыкалық аспаптар немесе киімдер) нобайын орындап, таныстыру.
Дискрипторлар:
• Қазақ халқының тұрмыстық заттарын атайды;
• Қазақ халқының тұрмыстық заттарының шығу тарихын біледі;
• Бұйымның орындалу технологияларын түсінеді;
• Қазақ халқының тұрмыстық заттарының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.
«Кері байланыс Сэндвичі» немесе «Мадақтау сэндвичі»
1 қабат – түсінгені туралы оң пікір;
2 қабат – сыни көзқарас, нені өзгерту керек және қалай өзгерту керек;
3 қабат – оң көзқарас бере отырып, болашаққа ұыныс беру: маған ұнады , дегенмен келесі жолы …
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру