Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал, 14 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

4 бөлім: Үй мәдениеті

Сабақ тақырыбы: Гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар

Сабақ мақсаты:

6.2.5.2

Сәндік бақ өсіру мен гүл өсіру шаруашылығында көктемгі жұмыстар (топырақты өңдеу, зиянкес жәндіктерден қорғау, егу мен отырғызу ) жүргізу.

6.2.6.1

Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

Сабақ барысы

Сабақты ұйымдастыру кезеңі.

  • мұғалім оқушыларды сабақты оқуға ынталандырады.
  • оқу үрдісінде ынталандыру үшін жағдайлар жасайды.

Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушылар ұсынылған үш суреттің бірін таңдайды.

Кесте толтыру.

Петуньи

Бархатцы

Астра

Герань

Кактус

Фиалка

Настурция

Оқушылар тапсырманы талқылайды.

Сұрақтарға жауап бер.

  • Заманауи адамның өмірін өсімдіксіз елестетуге болады ма?
  • Неліктен қазіргі таңда өсімдіктерді көптеп өсіретін болды?
  • Өсімдіктерді кез келген жерде өсіруге болады ма?
  • Бақшалық гүлдердің тұқымдарын қай уақыттан бастап отырғыза бастайды?
  • Бұл өсімдіктердің тұқымдарын қай уақыттан бастап жинайды?

Топтың "спикері" тапсырмасы жасырынған конвертті алады. Конверттің ішіндегі тапсырманы топ ішінде талқылайды. Топтар өз жауаптарын айтады.

Ақпаратпен алмасу.

"Ойлан және бөліс" әдісі. Сәндік өсімдіктер сөзінің мағынасын ашуға арналған тапсырма.

1. Қандай өсімдіктерді сәндік деп айтады? Адам өміріндегі сәндік өсімдіктердің рөлі туралы не айтасыңдар?

2. Стикерлерді қолдана отырып, оқушылар белгілі бір уақытта сұраққа жауаптарын ойластырады.

3. Оқушылар өздерінің ойларын талқылап, өз пікірлерін серіктесімен бөліседі.

4. Бұл кезеңде оқушыларға тайм-аут беруге болады. Бұл оқушылардың бір-бірінің жұмыстарын бағалау үшін қажетті.

5. Оқушыларға 4 адамнан тұратын топқа өтпес бұрын өз ойларын жинақтауға қосымша уақыт беруге болады.

6. Оқушылардың жауаптарының аргументті болуына мән беру қажет.

Практикалық тапсырма

1 кезең

Әрбір топ тұқым салынған конвертті таңдайды.

2 кезең

  • өсімдіктердің тұқымдарын қарастыру.
  • пішінін, түсін, фактурасын анықтау.
  • альбомдарға тұқымның ерекшеліктерін тізіп жазу.
  • тұқымдардың қандай өсімдікке тиесілі екендігін анықтап көру.

3 кезең

Оқу-тәжірибелік сабақтар кезінде егілетін тұқымдарыңызды тексеру қажет. Тұқымдардың өсіп өнуі үшін жылу мен ылғал қажет. Ауа міндетті түрде қажет. Керамикалық плиткаға матаны сулап қойыңыз. Плитканы тарелкеге салыңыз. Үстіне аздап су құйыңыз. Тұқымды салып, бетін әйнек ыдыспен жабыңыз. Әрі қарай тұқымның ылғалды ортада болуы қадағалаңыз. Қараңғы жерге қойып, келесі сабаққа дейін сақтаңыз.

Теориялық материал

 Жаңа түрлерді алу.

 Гүлді мәдени өсімдіктер жабайы түрлерінің түр өзгерісі болып саналады. Осы өзгерістер өсімдікке сыртқы қоршаған ортаның тікелей әсер етуіне (мысалы, климат, топырақ, қоректену, т.б.) байланысты болуы мүмкін. Өсімдік организмінде сыртқы жағдайлармен туындаған өзгерістер модификация деп аталады, олар төзімді емес.

 Модификацияға қарама қайшы комбинация деп аталатын өсімдіктер арасында айқыш тозаңдану нәтижесінде болатын өзгеріс болады. Табиғи жағдайларда айқышты тозаңдану жәндіктер, желдің әсерінен болады. Жасанды тозаңдандыру тәсілдерін қолдана отырып селекционер өсімдіктің жаңа формаларын, қалаулы қасиеттері бар жаңа сорттар шығарады. Айқышты тозаңдандыру нәтижесінде екі өсімдіктің барлық белгілері алынып, ұрпаққа қалдырылады. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу