Табиғи материалдардың түрлері мен сипаттамалары. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


 

 2 БӨЛІМ: Сәндік-қолданбалы өнер

 

 Тақырып: Табиғи материалдардың түрлері мен сипаттамалары

 

 Оқу мақсаты:

 

6.1.1.1

Өзінің және басқа оқушының тәжірибесіне сүйене отырып, қоршаған орта нысандарының визуалды сипаттамаларын (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік) түсіну және білімін көрсету.

 

 

 Сұрақтарға жауап бер:

 

 Бұл сабақ табиғи материалдарды қолданып, шығармашылық жұмыс орындауға негізделген. Оқушылар табиғи материалдарды осының алдындағы сабақта зерттеп, қарастырды. Бұл сабақта табиғи материалдардың қасиеттерінің сипаттамасын практика жүзінде тестілеуден өткізіп, топта бір ортақ бұйым жасап көреді. Сабақты эксперимент, үлкен жоба алдындағы дайындық деп қабылдаңыз.

 

 Сабаққа қажетті материалдар: желім, қайшы, біз, ара, ағаш, жаңғақ, жарнаның түрлері, мамық, құстардың қауырсындары және т.б. табиғи материалдар. Бұл табиғи материалдарды оқушыларға осының алдындағы сабақта үйден дайындап әкелуін алдын ала ескерту қажет.

 

 Сұрақтарға жауап бер.

 Презентацияда жаңғақ, ағаш және т.б. табиғи материалдардан жасалған үкі, үйшік сынды бұйымдардың суреттері көрсетілген. Суреттерді көрсету барысында оқушыларға әрбір табиғи материалдардың формасына, олардың бейненің келбетін суреттеуде қандай рөл атқаратындығына мәні беріңіз. Мысалы бірінші суретте үкінің қанатының формасын, фактурасын беру үшін әрі өзге табиғи материалдармен констраст қалыптастыру үшін қара түсті шекілдеуікті қолданған. Тағы осы сынды мысалдар жеткілікті.

 Әрбір суретке жеке тоқталып, оқушыларға идея ойластыру үшін қарастырып, талқылап шығу ұсынылады.

 

 Эксперимент жаса

 Презентацияда көбінесі үкінің суреттері көрсетілген. Бұл не үшін берілген? Бірақ бұл оқушылардың эксперимент жасау барысында тек үкіні жасау керек деген сөз емес. Бұл мысал ретінде берілген.

 Практикалық тапсырманы орындау барысында оқушыларға панно орындағылары келсе шаблонды қолдануға болады. Оқушылар кез келген бұйымды жасауы мүмкін. Оқушылардың қиялына шектеу қоймаңыз.

 

 Таныстырылым

 Шығармашылы жұмысты сынып алдында таныстырып, не жақсы шықты, нені түрлендіру қажет деген сұрақтарға пікір алыңыз.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 

 Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  •  жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  •  арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  •  жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  •  ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 

 Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  •  бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  •  тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу