Портреттік жанр. Портреттің түрлері. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Портреттік жанр.Портреттің түрлері.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.3.1 - Ақпарат көздерінен шығармашылық ойларын дамыту және зерттеу үшін өзбетінше таңдалған ақпарат көздерін пайдаланады.

 Сабақ мақсаттары

  • Портрет жанрының ерекшеліктерімен танысу;
  • Портрет түрлерін ақпарат көздерін қолдана отырып, зерттеу;

 Бағалау критерийлері

  • Портрет жанрының өзіндік ерекшелігін анықтайды;
  • Түрлі ақпарат көздері арқылы портрет жанрындағы картиналарды қарастырып, оның түрлерін зерттейді;

Тілдік мақсаттар

Портрет жанрының өзіне тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Пән лексикасы және терминология:

Портрет, автопортрет, жанр, бейнелеу өнер бағыттары.

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

…….бейнелеу барысында ……. қолданылды.

Бұл шығарма ...... көмегімен орындалды.

Автопортрет идеясы жақсы көрсетілген, себебі…..

Менім ойымша қолданылған материал ….. әсерлі, себебі…

Құндылықтарды дарыту

Ғаламдық азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылардың жеке ізденіс жұмыстар жүргізу дағдысын дамыту.

Дәлелдемелер мен дәйектемелер келтіруде нақты мәліметтерді салыстыра білу .

Бастапқы білім

Бұл сабақ аясында бастапқы білім қарастырылмайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

3-5 мин

Сабақтың ортасы

5-7 мин

20 мин

Әр топқа 2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі. Activity: «Өз сыныптасыңды портреті бойынша анықта».

Оқушылар шеңберге тұрып, жұптарға бөлінеді. Әрбір жұпқа бір-бірін тану үшін 30 секунд беріледі. Тапсырма аяқталған соң, оқушылар көршісінің портретін салу қажет. Суретте 30 секундта білген ақпараты болуы тиіс. Тапсырма орындалған соң, оқушылар жұмыстарын сыныптастарына таныстырады.

1.Жаңа сабақтың түсіндірілуі

Ой шақыру.

Картиналарды қарастырып, келесі сұрақтарды қою ұсынылады: :

  • Картинада не байқап тұрсыздар?
  • Неге бұл картиналар портрет деп аталады?
  • Портрет дегеніміз не? Қалай ойлайсыздар?
  • Бұл картиналарда адамдардың бейнесі қалай бейнеленген?
  • Портреттің қандай түрлерімен таныссыңдар?
  • Суретшілер қандай визуалды элементтер қолданған?
  • Сіздер қалай ойлайсыздар, «визуалды элемент» дегеніміз не?

3 Бұл картина арқылы қандай идея және көңіл- күй берілген? Суретші бізге не айтқысы келді?

Оқушыларға

Тәжірибелік тапсырма

Оқушылар бірнеше топқа бөліңіз. «Мозайка құрастыру» ойыны арқылы топқа бөлінеді. Белгілі портрет жанрындағы картиналарды мозайкаға бөліп, оқушыларды қажетті топқа бөлуге болады. Мысалы, сынып оқушыларын үш топқа бөлу керек болса, "Мона Лиза", "Девушка с персиками", "Ә.Қастеевтің портреті" сынды картиналарды алып, мозайкаларға бөлуге болады.

Оқушылармен бірге тапсырманың критерийлерін анықтаңыз. Тапсырмаға сәйкес оқушыларға негізгі портрет жанрының топтық, иықтық, тұла бойлы түріндегі портреттерді зерттеу қажет. Зерттеу төменде берілген сұрақтар арқылы іске асады. Тапсырма постер ретінде орындалады.

Олар:

  • Портреттің түрін анықтаңыз(топтық, иықты, тұла бойлы)
  • Портреттің орындалу техникасы қандай?
  • Портрет қашан және қалай салынған? Кімдер бейнеленген?
  • Картинадағы натурщиктің эмоционалды жағдайы қалай суреттелген? Көңіл-күйді автор қалай жеткізеді?
  • Картинадағы артқы фон қандай мағына беруі мүмкін?
  • Картинаға қандай атау қояр едіңіз?

3. Портрет жанрының түрлерін оқушылармен бірге мысал негізінде қарастырып өту ұсынылады.

  • Парадтық
  • Камералық
  • Топтық
  • Миниатюрлік
  • Тарихи
  • Серуендік- портрет
  • Отбасылық
  • Діни портреттер
  • Автопортрет

Презентация:

Оқушылар өздерінің зерттеу жұмысын таныстырады.

Оқушылар әрбір таныстырылымнан кейін сұрақтар қоя алады.

Портрет

https://www.art-spb.ru/article/219

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%BE%D1%80%D1%82%D1%80%D0%B5%D1%82

Ван Гогтың автопортреті,

https://www.wikiart.org/ru/vinsent-van-gog/all-works#!#filterName:Genre_self-portrait,resultType:masonry

Сабақтың соңы

2 минут

Бағалау

Оқушылардың тәжірибелік тапсырма бойынша орындаған постерлерін тақтаға іліңіз. Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын "Галереяға саяхат" бойынша бағалайды.

Рефлексия:

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Жалпы сабақ бойынша нені білдім?
  • Нені білгім келеді?
  • Нені жақсартуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Сабақ барысында оқушылардың үйренгенін бағалау үшін сұрақтарды пайдалануға болады. Мысалы,

  • қандай тақырып өтіп жатырмыз?
  • сабақтың бағалау критерийлері қандай?

Бой сергіту сәті: «Өз сыныптасыңды портреті бойынша анықта».

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу