Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар). Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім: Визуалды өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Анимация. Қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету.

 Сабақ мақсаттары

  • Анимация өнерімен танысу;
  • Қазақ мультипликация өнерінің қалыптасу тарихын қарастыру;

 Жетістік критерийлері

  • Ғылыми өнертабыстардың мультипликация өнерінің пайда болуы мен дамуына тигізген әсерін зерделеді;
  • Отандық мультипликация өнерінің туындыларын қарастырады.
  • Мультипликацияның түрлерімен танысады.

 Тілдік мақсаттар

 

Материалды ұсыну барысында сабақта қозғалған жаңа терминологияларды қолдану. Сұрақтарды қою және мысалдарды келтіре отырып, оларға аргументті жауап беру.

Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

  • анимация, мультипликация, мультфильм, мультипликатор, аниматор, «сиқырлы фонарь», «Фенакистископ», «Тауматроп», «Зоотроп».
  • Менің ойымша, анимациялық өнерде қозғалатын ..... тақырыптар, балалардың тәрбиесіне тигізер әсері мол. Себебі,.....

 Құндылықтарды дарыту

Мультфильмдерде қозғалатын адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын қарастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Әдебиет.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Анимация, мультфильм түсініктерімен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Сабақтың ортасы

Әнгімелесу. Сұрақтар:

  • Қандай мультфильмдерді көруді ұнатасыңдар?
  • Мультфильмдер қалай жасалады деп ойлайсыздар?
  • Мультфильм мен бейнелеу өнерінің байланысы бар деп санайсыздар ма? Неге?
  • Әлемде пайда болған ең алғашқы мультфильмді білесіңдер ме?

1. Оқушыларға динамикалық бейненің пайда болу тарихы туралы бейнебаян көрсетіңіз.

Бейнефильмді тамашалай отыра, оқушылар мультфильмнің пайда болу тарихын, жылын, елін, алғашқы анимациялық фильм туралы ақпаратты скетчбукке тізіп, жазып отыруын сұраңыз.

Топтық жұмыс.

Оқушыларды бірнеше топқа бөліп, тапсырмамен таныстыру ұсынылады.

ТАПСЫРМА: Түрлі дереккөздерді қолданып, зерттеу жұмысын жүргіз.

1топ: Ғылыми өнертабыстардың(«Фенакистископ») мультипликация өнерінің пайда болуы мен дамуына тигізген әсерін зерделе;

2 топ: Қазақстандық мультипликацияның пайда болу тарихын қарастырады(тұңғыш отандық анимациялық фильм «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» реж.Әмен Хайдаров).

3 топ: Мультипликация өнерінің түрлерін қарастыр.

Тапсырманың дискрипторлары:

  • Фактілерді көрсетті;
  • Қызықты ақпараттарды тапты;
  • Терминологияны қолданды;
  • Зерттеу нәтижесін постер ретінде таныстырды.
  • Топтық жұмысты жүйелі орындады;
  • Таныстырылым регламентінен(2 мин) ауытқымады.

Таныстырылым:

Зерттеу жұмысын таныстыр. Ол үшін 2 минут уақыт беріледі.

Топтық жұмысты бағалау үшін оқушылар постерлерін таныстыру барысында келесі топ сыныптастарының зерттеу жұмысының сапасына, критерийлердің орындалуына көңіл қояды.

https://www.youtube.com/watch?v=9NN7VJpPNVY

(история анимации)

Ресурсы: А3 форматы, түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер.

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82%D0%B8%D0%BF%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F

(мультипликация)

http://naukaveselo.ru/chto-takoe-fenakistiskop-i-kak-ego-sdelat-doma.html

(фенакистископ)

https://www.oner.kz/cinema/view/8-kazak-animatsiyasy-zhane-onyng-oner-retinde-kalyptasuy

(Қазақ анимациясы)

http://kaztrk.kz/news/articles/tansholpan-qazaq-animaciyasynyn-tarihy-men-bugini-video-11155

(қазақ анимациясы)

https://turkystan.kz/article/468-kazak-animatsiyasynyn-atasy-edi

(Әмен Хайдаров)

https://www.youtube.com/watch?v=SzFiuswzIa4

(тауматроп)

Ресурстер: жіп, қағаз, қарындаштар мен фломастерлер.

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Cұрақтарға жауап бер:

  • Анимацияның бала тәрбиесіне қаншалықты әсері бар?
  • Бүгінгі күннің анимациясы қандай тақырыптарды қозғауы керек?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушыларға сабақ барысында сұрақ қою. Және тапсырманың дискрипторларына сай бір-бірін бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.