Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Нобай орындау. Көркем еңбек (қыздар), 5 сынып, сабақ жоспары.


 Көркем еңбек пәнінің қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 2А.

Сәндік-қолданбалы шығармашылық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Нобай орындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.1

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу

5.1.5.2

Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау

Сабақ мақсаттары

  • Ұлттық мәдениет туындыларындағы кесте өнерін зерделеу және зерттеу;
  • Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнеріндегі кесте өнерінің рөлін анықтау;
  • Шығармашылық нобай орындау арқылы сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту;
  • Кестелеу нобайын орындау;
  • Ұқыптылық пен зерделілікті дамыту.

Жетістік критерийлері

  • кестелеу қолөнерінің негізгі түрлерін білу;
  • шығармашылық нобай орындауда бірнеше идеялар ұсынады;
  • өз бетінше жұмыс жасай алады;
  • түстерді дұрыс үйлестіре алады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Симме́трия “Симметрия” термині грекше “ұқсас, пропорционал, бөліктердің бірдей орналасуы” деген мағынаны білдіреді. 

Ассиметрия- (гр. asymmetriaкөне грекше: ασυμμετρία «сәйкес емес», көне грекше: μετρέω — «өлшеу»). Бөліктердің бір-біріне сай болмауы, симметриясыздық.[1] Көбіне бұл ұғым визуалды нысандарға және өнерге қатысты пайдалынаылады.

Динамикалық композиция (Динамика) – композицияда қозғалыс сезімі туындайды.

Статикалық композиция (статика) – композицияда тұрақтылық, салмақ пен ауырлық сезімі туындайды.

Кесте – вышивка – Embroidery

Шым кесте – вышивка гладью – padded satin stitches

Көктеу – сметать – Sweep

Торлау – обметать – Neaten

Сәнді кесте – декоративная вышивка – decorative embroidery

Жіптер – нитки – thread

Кергіш – пяльцы – hoop

Оймақ – наперсток – thimble

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығында бұйымды сәндеу үшін .... қолданылған.
  • Көркем кестелеу туралы атайтын болсам ....
  • Кестелеудің ... түрі қазақ қолөнеріне тән деп ойлаймын.
  • Әлемде барлық халықтарға тін сәндеу түрі ... деген пікірдемін.

Құндылықтарды дарыту

  • Еңбек және шығармашылық
  • Патриотизм

Пәнаралық байланыстар

  • Геометрия, физика

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді іздену арқылы АКТ дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім

Практикалық тапсырмалар орындау арқылы алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларын белсендіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Сабақтың ортасы

11-20 мин

21-35 мин

36-75 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру.

Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

  • СҚӨ дегеніміз не?
  • Қандай заттарды СҚӨ бұйымдарына жатқызуға болады?
  • Олар қандай материалдардан жасалынады?
  • Ол заттарды сәндеу үшін қандай техникалар мен тәсілдер қолданылады?
  • Кестелеу қолданылады ма?

Оқушылар жауап беріп, бүгінгі сабақтың тақырыбы кестелеу өнеріне қатысты екендігін аңғаруы мүмкін.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушыларға қол тігістері (көктеу, торлау, қайып тігу т.б.) және көркемдік кесте түрлері (баспа, тығыз, айқас кесте, біз/тамбурлы кесте және т.б.), материалдар (мата және жіптер: ирис, мулине, жүн және мақта жіптері) және кестелеуге арналған құралдармен (ине, қайшы, кергіш, оймақ), сонымен қатар, қазақтың ұлттық кесте өнерінің ерекшелігімен және кестемен бұйымдарды безендіру тәсілдерімен таныстыратын бейнеролик көрсету.

(Ұ) Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтарды талқылау арқылы әңгіме ұйымдастыру:

  •  Сәндік-қолданбалы өнердің қандай түрлері бейнероликте көрсетілді?
  •  Ол туындылар қалай аталады?
  •  Орындалу тәсілдері жайлы не айтып бере аласыздар?
  •  Берілген бұйымдарды безендіруге қандай композициялық тәсілдер мен әдістер қолданылған?
  •  Бұйымды жасау үшін қандай материалдар қолданылған?
  •  Көркемдік кесте түрлері қалай және қай жерде қолданылуы мүмкін?
  •  Сіздердің араларыңызда сәндік-қолданбалы өнермен айналысатын оқушылар бар ма?

Әңгімелесу барысында оқушылар осы сала бойынша алдыңғы білімдерін толықтырып, жаңа мәліметтермен танысады.

Жаңа кілттік сөздер мен терминдерді өз сурет дәптерлеріне енгізіп, глоссарий тізімін толықтыру.

Оқушыларға кестеленген бұйымдар ұсынылады. Бұйым бойынша қысқаша мәліметтерді сурет дәптерлеріне жазу. Осы арқылы оқушылар заттарды сипаттау бойынша алғашқы дағдыларын дамытады.

(Қ,Ө) Практикалық тапсырма № 1.

Бұйымды көркемдік кестемен безендіру үшін композиция құрастыру. Нобай.

 

Жұмыстың бірінші кезеңінде оқушылар алдыңғы композиция жайлы білімдерін қолданып, болашақ бұйымға арналған кестенің нобайын орындайды. Нобайды композициялық заңдылықтарға сай ритм, симметрия және асимметрияны ескере отырып құрайды.

 Бұл тапсырманы орындауда сызба құралдарын, шаблондар мен суреттерді қолданады.

 

Одан кейін оқушылар қажетті материалдар (мата және жіптер: ирис, мулине, жүн және мақта жіптері) және кестелеуге арналған құралдар (ине, қайшы, кергіш, оймақ) мен түстік шешімді таңдайды.

Дифференциация: қарапайым, орташа және күрделі өрнекті композиция орындау ұсынылады.

Сабақ соңында оқушылар өздерінің нобайларын бір-біріне көрсетіп, бағалайды, ұсыныстар жасайды.

Орындалған жұмыстар мен оқушылардың іс-әрекеті бойынша кері байланыс пен ұсыныстар беру.

http://ppt4web.ru/tekhnologija/vypolnenie-ruchnykh-stezhkov-i-strochek.html кесте түрлері

Бейнеролик «Кесте өнері»

Қосымша 1.

Сандық суреттер, плакаттар, көрнекілік заттар: ине, мулине, ирис жіптері, оймақ, кергіш, қайшы, кесте түрлері бейнеленген суреттер.

Кестеленген бұйымдар: орамал, қоржын, тақия т.б.

http://atlanticrus.ru/content/osnovy-dekorativnoi-kompozitsii?page=show – композиция құру үлгілері

Сурет дәптері, қалам, түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш т.б.

Циркуль, сызғыш

Сабақтың соңы

76-80 мин

Жұмыс орнын тазалау.

Бүгінгі сабақта оқушылардың не үйренгендігін орындалған тапсырманы көрме жасау.

көрме

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу.

Сұрақ-жауап алу, практикалық тапсырмаларды орындау нәтижесі арқылы.

Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс істеуін және түзу отыруын қадағалау.

Терезені ашып, ауаны тазартып отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу