Театр өнері. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5 Бөлім: Өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Театр өнері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1 отандық және әлемдік өнердің әртүрлі шығармаларын білу және олардың ерекшеліктерін (жанры, орындау техникасы, көңіл-күйі) түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

  • театр өнерімен, онда қолданылатың костюмдермен танысу;
  • әртүрлі материалдарды пайдаланып театр костюмінің эскизін салу;

 Жетістік критерийлері

  • әртүрлі театр костюмінің өздеріне тәң ерекшеліктерін анықтайды;
  • әртүрлі материалдарды пайдалана отырып театр костюмінің эскизін.

 Тілдік мақсаттар

 

Театр өнерін топта талдайды, онда қолданылатын костюмдерді сипаттайды.

Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Театр костюмдері қандай болған?
  • Тақырыптамасы қандай?
  • Қандай материалдан жасалған?
  • Костюм арқылы кейіпкердің бағытын немесе мінезін анықтауға бола ма?

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Өнер түрлерімен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Әртүрлі костюм киген әртістер өнер көрсететің театр қойылымынан үзінді көрсетіңіз.

  • Балалар, қалай ойласындар, сабақ барысында біз бүгін қандай тақырыпты қарастырамыз?

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Балаларға арналған қойылым "Лунтик".

https://www.youtube.com/watch?v=mEIi_1xx9ws

Сабақтың ортасы

Әнгімелесу. Сұрақтар:

  • Театр дегеніміз не?
  • Театр туралы не білеміз?
  • Театр әртістері, өз образдарын сомдау үшін нені қолданған?

Оқушылардың жауаптарын толықтырып қортындылаңыз.

Театр – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.

Театрдағы әртістер өз образдарын толық сомдау үшін әртүрлі костюмдер киген.

Костюм, театрда – режиссерлік ойға сәйкес актердің сахналық образ жасауда пайдаланатын киім-кешегі, спектакльді көркемдеудің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі.

Костюм – өткір әлеуметтік, сатиралық, гротескілік, трагедиялық, ертегілік, т.б. образдарды жасауға көмектеседі.

Театр өнерін сыныбыңызға ең көне өнер түрі ретінде және театр костюмдері театр өнерінде маңызды рөл атқаратының жеткізіңіз. Әртүрлі кескіндемелі театр костюмдерінің суреттері мен бейне үзінділерін қарауды ұсыныңыз.

Мына сұрақтарға жауап бере отырып олардың өзіне тән ерекшеліктерін анықтауын сұраңыз.

Сұрақтар:

  • Мына театр костюмдерінің пішіні қандай?
  • Тақырыптамасы қандай?
  • Костюмі арқылы кейіпкердің бағытын немесе мінезін анықтауға бола ма?
  • Олар қандай материалдардан жасалған/тігілген?

Тәжірибелік жұмыс

Оқушыларға театр костюмінің эскизын салуды жеке тәжірибе жұмыс ретінде орындауды ұсыныңыз.

Эскизді орындау алдында оқушыларды үлгілі орындау тәртібі әрекетімен таныстырыңыз:

оқушыларға қандай кейіпкер костюмін салу керектігін анықтау (барыр, періште, ханзада, қорқақ қоян және т.б.);

А4/А3 парақтарына ;костюмнің контурлы суретін салу;

әртүрлі көркемдік материалдарды пайдаланып түстік шешімін орындау;

қажет болған жағдайда әртүрлі сәнді элементтер мен бөлшектерді қосу.

Оқушылар аталған реттілік бойынша тәжірибелік жұмыстарын (костюм эскизін) орныдауды бастайды.

Дифференциация:

  • Костюм эскизін оқушылар жұптасып немесе топпен орындай алады (оқушылар өз қалаулары бойынша);
  • Көмек құрал ретінде дайын үлгілерді қолдана алады (дидактикалық материал).

Қажет болған кезде мұғалім қолдау көрсетіп отырады, ақыл-кеңес береді.

Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.

Жануарлардың қағаздан жасалған бетперделері

https://materinstvo.ru/art/carnaval-mask-animals

Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылардың жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды.

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу