Нельсон Мандела -апартеидке қарсы күрескер. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

ОАР "апартеид саясаты"

ОАР жеңімпаз-ағылшындар мен жеңіліс тапқан бурлар арасындағы уағдаласу нәтижесінде құрылды. Ол африкалықтардың келісімінсіз және олардың есебінен жүзеге асырылды. Африканың қара нәсілді халқы. Елдің барлық халқының ¾ бөлігі жерді иелену құқығынан, қарсылық көрсету, теңсіздік және қысым-қыспақпен күресу мүмкіндігінен айрылды. Оған бір ғана құқық берілді - фермалар, зауыттар мен кеніштердің қожайындарына өз жұмыс күшін сатуға. ОАР алғашқы құрылған күнінен бастап өзін нәсілдік кемсітушілік және аумақтық-мәдени сегрегация саясатын жүргізетін мемлекет ретінде мәлімдеді. Бұл саясат ресми қабылданып, "апартхайд" деп аталды, бұл африкалықтардың тілінен аударғанда "бөлек даму"дегенді білдіреді.

ОАР-да мемлекеттік саясат дәрежесіне енгізілген "апартхайд"жүйесі кездейсоқ емес, әдейі ойластырылған құбылыс. Бастапқыда-ақ барлығы тәптіштеліп ойластырылды, дайындалып, тұжырымдалды. "Бөлек даму" саясатын заңнамалық реттеу негізіне 1860 ж. Трансваль Республикасының Конституциясында бекітілген "Шіркеуде де, мемлекетте де ешқандай теңдік туралы сөз болмауы тиіс" қағидаты алынды.

"Апартхайд" идеологиялық негізін нәсілшілдік, адамдарды жоғары сатылы– толыққанды және төмен сатылы – толыққанды емес санаттарына бөлу теориясы құрады. Осылайша біреулердің тарихта қожайындар рөлін атқаратындығы, басқалардың құл болатындығы алдын ала кесілді. 1973 ж. БҰҰ "апартхайдты" адамзат алдындағы қылмыс деп атады.

"Апартхайд" саясатындағы басты бағыттардың бірі аумақтық - нәсілдік сегрегация болып табылады. 1913 ж. ОАР-да "Байырғы тұрғындардың жерлері туралы" заң қабылданып, онда қара нәсілді африкалықтарды қоныстандыру үшін резервациялар құру қарастырылған. Оларға елдің барлық жер көлемінің 13%-ы бөлінді. Мұндай резервациялардың жалпы саны 264 болды. Уақыт өте келе, олар ірі резервацияларға біріктіріліп, бантустан ("ұлттық отандар") деп аталды. Бұл африкалықтарға арналған шағын мемлекеттер өндіріс үшін ғана емес, тіршілік үшін де қолайсыз жерлерде құрылды. Қалаларға және өндірісте жұмыс істеуге кеткендер де дәл осындай резервацияларға –арнайы қоршалған және полиция жасақтары күзететін жерлердегі, уақытша тұруға арналған тауншиптарға тап болды. Бантустандар және тауншиптер жүйесі ең алдымен арзан және бақылауда ұстауға болатын жұмыс күшін өндіруге арналды.

Нәсілдік критерийлері еңбекке ақы төлеу жүйесінде де қолданылды. Тең еңбектері үшін ақ нәсілді жұмысшының еңбекақысы азиялық жұмысшыға қарағанда көп болды, ал ол метистен көп тапты, ал метистің күнкөрісі африкалыққа қарағанда едәуір жоғары болды. Африкалықтарды жұмысқа ең соңынан қабылдап, ең алдымен жұмыстан шығарды. Басқа елдерден келген африкалық жұмысшылардың еңбегі кеңінен пайдаланылды, өйтені оларды жалдау жергілікті африкалықтардың еңбегінен де арзанға түсті.

ОАР ұлтшыл үкіметтері бөлек білім беру қағидасын қатаң ұстанды. Ақ нәсілділерге білімді ақ адамдар берді. Мұндай азаматтар үшін білім алу тегін болды. Африкалықтар оқу үшін ақы төлеуге тиісті болды. Қара нәсілді мұғалімдерге ақ нәсілді шәкірттерге дәріс оқуға қатаң тыйым салынды.

Қалыптасқан қарым-қатынастар жүйесінде африкалықтар үшін ең сорақысы - олардың жүріп-тұруын шектейтін "рұқсат беру туралы заң" болды. Тіпті әртүрлі нәсілдік топтардың өкілдері арасындағы махаббат пен неке қылмыстық қылмыс деп жарияланды және оны бұзған адамдар 7 жыл мерзімге түрмеге қамалуы мүмкін еді.

"Бөлек даму" заңдары ашық террор және зорлық-зомбылық көрсету -жаппай тұтқындау және қамауға алу, түрмелерге тастау, бой көтергендерді ату, азаптауды қолдану, өлім жазасы арқылы жүзеге асырылды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.