Нельсон Мандела -апартеидке қарсы күрескер. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, қосымша материал.


Нельсон Мандела: апартеидті жеңген адам

Нельсон Мандела ОАР-дағы апартеид режимін жою күресін жүргізді, әлемнің ең құрметті мемлекеттік қайраткерлерінің бірі болды.

1962 жылы ол террористік деп танылған саяси қызметі үшін өмір бойы қамауға алынды. Мандела 27 жылдан кейін бостандыққа шықты және көп ұзамай ОАР президенті болып сайланды, ел тарихындағы бірінші қара нәсілді басшы болды.

1993 жылы Манделаға әлемнің Нобель сыйлығы берілді.

Оның жарқын мінезі, әзілді дұрыс түсіну мен өзіне әзілмен қарауға қабілеттілігі, өзіне қатігездік танытқандарды кешіре білуі және оның таң қалдырарлық өмір тарихы -осының бәрі барлық адамдардың Манделаны не үшін жақсы көріп, құрметтегенін түсіндіреді.

1999 жылы Президент қызметінен кеткеннен кейін ол барлық оңтүстік африкалық ерікті елшілердің ең көрнектісі болды. Ол ЖИТС-пен күрес мәселелерімен айналысты және ОАР-да 2010 жылы футболдан әлем чемпионатын қабылдау құқығына ие болуға ықпал еткен басты тұлғалардың бірі еді.

2001 жылы саясаткердің бойынан обыр ауруы анықталды, бірақ бұл Манделаның Конго Демократиялық Республикасында, Бурунди, басқа да Африка мемлекеттеріндегі келіссөздерге белсенді қатысуға және басқа елдерде бейбітшілік орнату жұмысына еш кедергі болған жоқ.

2004 жылы 85 жасар Мандела қалған уақытын отбасымен және достарымен, жай ғана тыныштықта өткізу үшін қоғамдық және саяси өмірден кететіні туралы жариялады.

"Маған қоңырау шалмаңыздар, мен де сіздерге қоңырау шалмаймын" деген ол өзін алдағы уақыттағы ресми іс-шараларға шақырмауын сұрады.

Патшалардың шәкірті

Ол 1918 жылы Оңтүстік Африка Республикасының Шығыс-Кап провинциясындағы шағын ауылда, коса тілінде сөйлейтін тембу ұлысынан құралған мадиба кланында дүниеге келді, өз отанында оны сондықтан өле-өлгенше Мадиба деп атады.

Дүниеге келгенде оған Холилала Далибхунга есімі берілді (коса тілінен аударғанда "ағаш бұтағын майыстырушы", яғни "бұзақы, бүлікшіл" деген мағынаны білдіреді). Ал Нельсон деген ағылшын есімімен оны алғаш рет мектеп мұғалімі атады.

Оның әкесі, тембу ұлысының патшалық отбасының кеңесшісі болды, ол Нельсон 9 жаста болған кезде қайтыс болды, бұдан кейін оны тембу ұлысының сол кездегі регенті, көсемі Йонгинтаба Далиндьебоның тәрбиесіне берді.

1943 жылы ол Африка ұлттық конгресі (АҰК) партиясына кірді, алдымен қатардағы белсенді болса, соңынан Жастар лигасын құрды және басқарды. 27 жылдық түрме қапасынан бостандыққа шыққан Мандела АҰК басқаруды өз қолына алды.

Бірінші әйелі Эвелин Масемен 1944 жылы некесін қиып, 1957 жылы ажырасты. Эвелин Нельсонға үш перзент сыйлады.

Заңгер дипломын алған Мандела мен оның досы Оливер Тамбо 1952 жылы Йоханесбургте өздерінің заңгерлік кеңсесін ашты. Тамбо мен Мандела ақ нәсілді азшылықтың Ұлттық партиясы енгізген және қара нәсілді көпшілікті арнайы резервацияларда тұруға мәжбүрлейтін апартеид жүйесіне қарсы белсенді науқан жүргізді.

1956 жылы Мандела мен АҰК 156 белсендісіне мемлекеттік опасыздық жасады деген жала жабылып, төрт жылға созылған сот процесінен кейін ғана оған тағылған айып алынды.

1958 жылы Нельсон Мандела Винни Мадикизелеге үйленді, ол кейінірек өз күйеуін түрмеден босату науқанына белсене қатысты.

Апартеидке қатысты наразылықтар қара нәсілді халық үшін өмір сүру және еңбек ету ережелерін анықтайтын "рұқсат ету туралы заңның" енгізілуіне байланысты күшейе түсті.

1960 жылы Шарпевильдегі қанды қырғын нәтижесінде 69 қара нәсілді адам өлтірілді. АҰК заңнан тыс деп жарияланып, одан кейін Мандела және басқа да белсенділер астыртын қызметке көшті.

Өмір бойы бостандығынан айрылу

Шарпевильде бейбіт шерулер дәуірі аяқталды, енді АҰК вице-президенті қызметіне тағайындалған Нельсон Мандела нәсілшіл үкіметке қарсы экономикалық саботаж науқанын бастауға шақырды.

Мен барлық адамдар ынтымақпен өмір сүретін және тең мүмкіндіктерге ие болатын демократияшыл және еркін қоғам туралы армандаумен келемін. Мен осы идеалға қол жеткізу үшін өмір сүремін және тырысамын. Бірақ қажет болса, мен осы идеал үшін өліп кетуге де дайынмын Нельсон Мандела

Көп ұзамай оған саботаж жасады және үкіметті күштеп құлатуға әрекет жасады деген айып тағылды. Өзін сотта қорғаған кезде Мандела мінберді өзінің демократия, еркіндік және теңдік туралы көзқарастарын насихаттау үшін пайдаланды.

"Мен барлық адамдар ынтымақпен өмір сүретін және тең мүмкіндіктерге ие болатын демократияшыл және еркін қоғам туралы армандаумен келемін. Мен осы идеалға қол жеткізу үшін өмір сүремін және тырысамын. Бірақ қажет болса, мен осы идеал үшін өліп кетуге де дайынмын".

1964 жылдың көктемінде ол өмір бойы қамауға алынды.

1968 және 1969 жылдар аралығында бір жыл ішінде Манделаның анасы қайтыс болды, ал оның үлкен ұлы жол апатында қаза тапты. Алайда саясаткерге жерлеу рәсіміне баруға рұқсат етілмеді.

Ол 18 жыл бойы Роббен аралында қамауда отырды, ал 1982 жылы Кейптаун қаласының маңында орналасқан Полсмур ерекше режиміндегі түрмесіне ауыстырылды.

Мандела мен АҰК басқа да көшбасшылары темір торға қамалған немесе шет елдерге қуғындалған кезде де, резервацияның қара нәсілді жастары ақ адамдар белгілеген ережелерді өзгерту үшін күресін тоқтатпады. 1976 жылы Соуэто қаласындағы мектеп оқушыларының көтерілісінде жүздеген адам өліп, мыңдаған адам жараланды, соңынан наразылықтар басқа қалаларда бой көтерді.

1980 жылы қуғындалған Оливер Тамбо Нельсон Манделаны босату жөніндегі халықаралық науқанды бастады. Әлемдік қауымдастық 1967 жылы алғаш рет енгізілген және апартеид режиміне қарсы бағытталған санкцияларды күшейтті.

Бұл қысым өз жемісін беріп, 1990 жылы ОАР президенті Фредерик де Клерк АҰҚ қызметіне салынған тыйымды алып тастады, Нельсон Мандела бостандыққа шықты. Оны қарсылап алуға келген адамдар өте көп болды.

Осы уақытта ОАР-ның барлық азаматтары үшін жаңа демократиялық қоғам құру процесі басталды.

Нобель бейбітшілік сыйлығы

1993 жылдың желтоқсанында Нельсон Мандела және президент Фредерик де Клерк Нобель сыйлығымен марапатталды.

Бес ай өткен соң ОАР тарихында алғаш рет жалпы демократиялық сайлау өтті, онда Нельсон Мандела Президент болып сайланды. Мемлекет басшысы ретінде Манделаның негізгі мәселесі кедейшілікпен күрес болды.

Мандела саяси сахнадан кеткеннен кейін, көпшілік алдына негізінен өзі құрған Мандела қорының -қайырымдылық ұйымының қызметіне байланысты шығып жүрді. Ал 89 жасында ол әлемнің жетекші саясаткерлері кірген Ақсақалдар кеңесін құрды. Ақсақалдар "әлемдік күрделі мәселелерді шешу үшін" өз білімі мен тәжірибесін ұсынды.

Соңғы жылдары ОАР-ның қоғамдық өміріне Нельсон Манделаның қатысқан сәті оның 2005 жылы ұлы Макгахоның қайтыс болуына қатысты мәлімдеме жасауы болды. Мандела ұлы ЖИТС-тан қайтыс болғанын жариялады, бұл ОАР үшін төбеден жай түскендей жайт болды, өйткені ВИЧ және ЖИТС тақырыбы ешқашан айтылмайтын.

Мандела оңтүстік африкалықтарды бұл мәселе туралы айтудан қорықпауға және "ЖИТС-ты әдеттегі ауру деп қабылдауға" шақырды.

Ол сондай-ақ ФИФА шешімімен ОАР-ға 2010 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығын беруде маңызды рөл атқарды. Нельсон Мандела бұл турнирдің жабылу салтанатына тікелей қатысты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.