Жаңа және қазіргі замандағы қоғамдық ой дамуының негізгі бағыттары. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.
Франсуа Мариаруэ Вольтер (1694-1778) - француз жазушысы, философы, тарихшысы, француз ағартушыларының көсемдерінің бірі. Өзінің шығармаларына феодалдық қатынастарды, деспотияны, дінді қатты сынайды.
Жоғарыдан реформа жасау арқылы қоғамда өзгерістерге жетпекші болды. Әлеуметтік жамандық білмеушіліктен деп есептеген. Оның пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар. Барлық азаматтар заң алдында тең. Бірақ мүліктік теңсіздікті адамдардың жаратылысынан солай деп түсінді. Кез келген еркіндіктің бастауы - ұят пен сөз еркіндігі. Католиктік шіркеу мен католицизмге Вольтер қарсы болғанымен, жалпы дінге қарсы болған жоқ. Көпшілік халықты қолда ұстау үшін дін өте қажет деп есептеді. Қоғамды демократиялық негізде қайта құру мәселесі оны алаңдатқан жоқ. Ол үшін маңызды мәселелер: жаратылыс құқы, еркіндік, тендік. Еркіндік ол үшін бірінше кезекте жеке адамның, индивид еркіндігі, ал жалпы қоғам еркіндігіне мән бермеді. Жеке адам еркіндігінің негізі - сөз еркіндігі, онымен бірге баспасөз еркіндігі. Католиктік шыдамсыздыққа қарсы ар-ұят еркіндігін ерекше қарсы қойған. Вольтердің пікірінше, нағыз еркіндік адамдар бір-бірінен тәуелсіз болған жағдайда болады. Яғни, автономды субъектілерге айналу шарт болады. Сонда тәуелділік басқа сипат алады, заңға тәуелді болмақ. Вольтер басқалардай еркіндік пен теңдікті бір-біріне қарсы қоймайды, қайта еркіндік теңдікпен толықтырылып, күшейтіледі. Адамдардың теңдігі саяси-заңды мағынада: барлық адамдар заң алдында тәуелді әрі барлығы бірдей заңмен қорғалады. Мүліктік теңсіздік олардың жаратылысынан деп түсінді. Әрі мүлікке иелік адамның қоғамдағы жағдайын анықтайды. Мысалы, қоғамдық мәселелерді шешуде тек мүлік иелері ғана дауыс беруге құқылы. Осы тұрғыдан сословиелік артықшылықтарды және шіркеулі соттарды жоюды ұсынды. Аристократияны бюрократиямен ауыстыруды ұсынды. Ал реформаларды жүргізуді кемеңгер мемлекеттік билікке жүктеді. Абсолюттік монархияны, кемеңгер монарх билігін қолдады. Ол тек білімді, ақылды ғана емес, сонымен қатар қайырымды болуы керек дейді ол. Мемлекет - алғашында республика түрінде пайда болған отбасылар бірлестігі. Оның пайда болуы табиғи дамудың нәтижесі. Республика адамдардың табиғи жағдайына келеді. Билік мұнда көпшілік еркімен бағытталады. Ал оны бір адам немесе заңдар негізінде адамдар тобы іске асырады. Мемлекетті басқару түрлеріне емес, институттар арқылы іске асатын принциптерге мән берді. Мұндай әлеуметтік-саяси, құқықтық принциптерге еркіндік, меншік, заңдылық, қайырымдылық жатады.
Жан Жак Руссо (1712 – 1778 гг.)
Руссо бірнеше еңбектер жазды: "Ғылымдар мен өнерлер туралы” (1750), "Адамдардың арасында теңсіздіктің пайда болуы және себептері туралы” (1754), "Жаңа Элоиза” (1761), "Қоғамдық шарт” (1762), педагогикалық роман "Эмиль, немесе тәрбие туралы” (1762), бұл еңбектер оның есімін әлемге танытты.
Өзінің қоғамдық-саяси көзқарасы бойынша Руссо ұсақ буржуазиялық демократ болды, ұлттық тәуелсіздіктің сенімді жақтаушысы болды. Руссо адамдардың арасында қалыптасқан теңсіздікті қатты сынға алады.
Руссо, Плехановтың айтуынша, "тырнағының аяғына дейін демократ”, қоғамның барлық мүшелері бірдей құққа ие болатын қоғам құруға ұмтылса үкімет халықтың өзіне бағыну керек. Егер ол халықтың еркіне қарсы шықса, халық өз өкіметін құлатуға құқылы. Сондықтан да Руссо француз буржуазиялық революциясын идеялогиялық дайындауда ерекше роль атқарды.
Жан-Жак Руссоның шығармаларын Париждің көшелері мен клубтарында оқыды. Руссо адамды адам қанау жоқ, барлық адамдар өз еңбегімен өмір сүретін, еркіндік, теңдік және достық үстемдік ететін қоғамдық құрылысты орнатуға ұмтылыс жасады. Бұл социалистік қоғам емес, бұл ұсақ жекеменшік иелерінің, жериелерінің және қолөнершілердің қоғамы болды.
Руссо адамдарды табиғат аясына шақырды. Ол сол кездегі өркениетке жеккөрушілікпен қарады, себебі оның игілігін пайдаланып отырған байлар, ауқатты адамдар екендігін жақсы түсінді. Ол адамдарды табиғатқа жақын болуға, қарапайым ауыл шаруашылығымен және қолөнермен айналысуға шақырды. Бұл жерде Руссоның шектеушілігі аңғарылды, мәдениеттің, техниканың прогрессивтік мәнін түсінбеді.
"Эмиль, және тәрбие туралы” деп аталатын педагогикалық романында Руссо феодалдық қоғамның шырмауынан еркін жаңа адамды тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп беруге талпынды. Бұл роман прогрессивті ортада ерекше қызығушылық танытты, ал реакциялық топтардың арасында, атап айтқанда чиновниктер мен діниелері – жеккөрушілікпен қарады. 1762 жылы париж парламенті романды өртеуге, ал оның авторын түрмеге қамауға шешім шығарды.
Монтескье Шарль Луи (фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La Brède et de Montesquieu; 18 қаңтар 1689 — 10 ақпан 1755), Шарль де Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье – француз ағартушысы, философ, социолог.
Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748). Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:
- заң шығарушы,
- атқарушы
- сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты.
Аталған еңбекте басқарудың республика, монархия және деспоттық түрлерін айқындап, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Билікті бөлу теориясына ерекше көңіл бөлді. Билікті әділ бөлмейінше, оны заңдастырмайынша еркіндіктің, саяси бостандықтардың жүзеге асуына жол жоқ. Монтескье мемлекет, демократия басқару жүйесін ұсына отырып, оның объективтілігін негіздеуге ұмтылды. Қоғам, оның ойынша, біртұтас әлеуметтік құрылым және тек халықтың жалпы рухы арқылы тануға болатын процесс. Монтескье философия тарихында алғаш рет географиялық орта мен оның қоғам дамуындағы орнына ерекше көңіл бөлді. Оның ойынша табиғаттың объективті заңдылығы әрбір халықтың психологиясы мен тұрмысына ерекше әсер етеді. Әсіресе климаттың, топырақ пен жер қыртысының адамдардың мінез-құлықтары мен халықтық әдет-ғұрыптардың қалыптасуына ықпал ететіндігін атап көрсетті.
Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.
Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.
Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі.
Ол адамның табиғатынан әлсіздігіне байланысты биліктің бір қолда шоғырлану қаупінің алдын алудың бірден-бір жолы ретінде билікті бөлу қажеттігін көрсеткен. Ал, билік бұтақтарының арасында дау-жанжал туа қалған жағдайда, оны халық игілігін басшылыққа ала отырып шешу қажет: salus poluli suprema lex (халық игілігі - жоғарғы заң). Локк Джон қоғамда билік бұтақтары арасындағы дау-жанжалдан басқа, өте қауіпті дау-жанжал бар екенін көрсеткен. Ол - азаматтар мен тиран арасындағы дау-жанжал. Міне, осы дау-жанжалды шешу барысында Локк Джон халықтың көтеріліске шығу құқын қолдайды. Халықтың көтеріліске шығу құқын мойындау саяси тарихты көтерілістермен наразылықтарға толтыру емес еді. Себебі, көтеріліс арқылы халық билікті жаңа адамдар қолына бере алады. Локк Джон ілімінде де халықтың саяси қатысуы шектеулі. Дегенмен, көтеріліске шығу, наразылық білдіруді халықтың саяси белсенділігінің бір түрі ретінде қарастырар болсақ, онда саяси жүйенің сипатын, басқару түрін өзгерту Локк Джон халықтың қолында екендігін негіздеген деп қорытындылауымызға болады. Оның ілімінің негізі - меншікті қорғау. Т. Гоббс бойынша мемлекетке жеке адам өзінің бар жаратылыс құқықтарын толығымен беретін болса, ал Локк Джон бойынша мемлекетті құраған адамдар ортақ мақсатқа қажетті тұрғыдан ғана өз құқықтарымен бөліседі.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.