Шарль де Голль:Францияның жаңғыруы. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, презентация.


Шарль де Голь:Францияның жаңғыруы

Сабақтың мақсаты

11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;

11.3.3.5 Франциядағы әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін «голлизм» ұғымын қолдану;

11.3.3.6 Шарля де Голльдің президентік биліктің нышаны екеніне көз жеткізу

Францияның жаңғыруы

Шарль Андре́ Жозе́ф Мари́ де Голль (фр. Charles André Joseph Marie de Gaulle; 22 ноября 1890, Лилль — 9 ноября 1970, Коломбе-ле-Дёз-Эглиз, деп. Верхняя Марна) — французский военный и государственный деятель, генерал. Во время Второй мировой войны стал символом французского Сопротивления.

Основатель и первый президент (1959—1969) Пятой республики.

Шарль Де Голлдің саясаты

Болашақ  саясаткер  алдымен  нақты да анық, батыл сөйлеуге жаттығады. Ерте тұрып, кеш жатады. Берілген  тапсырманы  мұқият оқып болмай, ол ас бөлмеге мүлдем  бас  сұқпауды  дәстүрге  айналдырады. Алғашында католик және монархист  көзқарасындағы ата-ана балаларының діндар болғанын қалайды. Алайда,  оның  бар  ықыласы математикаға  ауып  тұрады.  Өсе  келе жас Шарль  Сен-Сирдегі әскери училищеге оқуға түседі. Оны  бітіре  сала Париждегі Жоғары әскери мектеп­ке  түсіп оқиды. Оның  саяси  өмірін  зерттеушілер  егер Шарль математика  ғылымына  ден  қойғанында, қазір ол Францияның тарихына есімі алтын әріппен жазылған  математик  болар  еді  дейді.

Генерал  18 маусым күні ағылшын радиосынан сөз сөйлеп, кеудесінде отаншылдық оты бар, сүйікті Франция үшін жанын қиюға даяр жандарды өзінің төңірегіне топтасуға шақырады. Осыдан  соң немістер басып алған отанын және осы елдің отарлары  болып  саналатын Алжир, Вьетнам, Гвиана және  басқа  елдерден  келген жүздеген мың қандастарын  ортақ ту астына жинай  бастайды.   Еріктілерден  «Азат Франция» ұйымын құрып, жаңа әскер  құрамын жасақтайды. Оларды ағылшын-американдық одақтастары қарулан­дыра­ды. Бұл кезде оны бұрынғы ұстазы маршал Петен басқарған Францияның  қуыршақ үкіметі сыртынан өлім жазасына кеседі.  Франция 1944 жылдың соңында азат етіледі.  Осыдан  соң генерал  әскери  қызметін  аяқтап,  саяси өмірге  араласады.  Бірақ,  үстінен әскери  киімін  тастамайды?

Францияның  соғыстан  кейінгі   алғашқы жылдары  өте  ауыр өтеді. Бірақ,  ол  уақытша  дағдарыс  болады.

Бесінші  Республиканың  президенті  Шарль де Голль (1958-1969) билік кұрған уақыт «жеке билік тәртібі» аталады.  1958 жылы бұрынғы конституцияны өзгертіп, билік  құрылымын  Парламенттік Республикадан — Президенттік Республикаға ай­нал­дырады. Президент премьер-министрді және басқа да жоғары  билік өкілдерін өзі тағайындауға  өкілділік  алады. Парламентті таратуға, төтенше жағдай туған сәтте бүкіл билікті өз қолына шоғырландыруға  құқылы  болады.  Бұл билік жүйесі Фран­ция­ның дамуына, саяси  ұстанымды  ашық  жүргізуге үлкен қызмет етеді. Сыртқы  саясаттағы дербестік  Францияның 1966 жылы НАТО әскери ұйымынан шығуына, мемлекет аумағын амери­калық әскери  базалардан тазартуға  апарып  соғады. Осы  жыл­дары Франция жаппай қару-жарақ шығаруға қатысты, өздерінің ядролық зымырандық  арсеналын құруына , Германия­дан, Америкадан  өндіріс және экономика  саласынан өте  әлсіз еді. мүмкіндік  береді. Солтүстік атлантикалық әскери одақтан бас тартуы  НАТО ұйы­мына кіретін мемлекеттер  басшылары  тарапынан сынға ұшы­райды. Біржақты  шешімнен соң, НАТО-ның штаб-пәтері  Париж­ден Брюссельге  көшіріледі. Франция аграрлық  ел қата­рында  жанындағы көршілері  Ұлыбританиядан

Идеология

Голлизм- генерал де Голльдің істеріне және идеяларына негізделген француз саяси идеологиясы. Голлизмнің эмблемасы- лотарингтік крест. Голлизмнің негізгі идеясы-Францияның өзге мемлекеттерден Ұлттық тәуелсіздігі. Сонымен қатар, голлизм әлеуметтік және экономикалық саясатқа байланысты болады. Голлизм әдетте оң идеология ретінде қабылданады. Голлизмге әлеуметтік сұрақтарда консерватизм, ал экономикалық сұрақтарда дирижизм тән.

Бесінші Республика

Бесінші республика сыртқы саясатының елеулі ерекшеліктері бар. Франция бірте-бірте өзінің АҚШ-қа тәуелділігін жойды, экономикалық және финанс жағдайын нығайтты. 1966 жылы Солтүстік Атлантика одағынан шықты. НАТО-ның Франциядағы соғыс базаларын жойды. Американ империализмінің вьетнам халқына қарсы соғысын тоқтатуды талап етті. Араб елдеріне қарсы Израиль агрессиясын айыптады. 1960 жылдың 2-жартысынан бастап СССР және басқа социалистік елдермен байланыс орнатуға бағыт ұстады. Президент Ш. де Голль СССР-ге сапары кезінде (1966) совет- француз қатынастарын дамытудың негізгі бағыттары белгіленді. Президент Ж. Помпиду мен КПСС ОК-нің бас секретары Л. И. Брежневтің кездесулері нәтижесінде (1970-1971, 1973-1974) совет-француз қатынастары онан өрі дамыды. Екі ел арасында сауда қатынасы, ғылыми-техникалық ынтымақ күшейе түсті. 1974 жылы 4-7 желтоқсан Л.И.Брежнев Францияға барып, президент В. Жискар д’Эстенмен кездесті. Бұл сапар нәтижесінде СССР мен Франция арасында 1975-1979 жылға арналған экономикалық ынтымақ туралы, сондай-ақ екі жақтан кредитке ақша бөлу туралы көлісімдерге қол қойылды. 1975 жылы 14-18 қазанда Франция президенті ресми сапармен СССР-ге келді. Л. И. Брежнев пен В. Жискар д’Эстен СССР мен Франция арасындағы достық және ынтымақты одан әрі дамыту туралы Декларацияға қол қойды; сонымен қатар азаматтық авиация және авиация өнеркәсібі, туризм, әнергетика саласында ынтымақ орнату туралы келісімге қол қойылды. В.Жискар д’Эстен Франция атынан Европадағы Қауіпсіздік және ынтымақ жөніндегі кеңестің Қорытынды актісіне қол қойды. Сондай-ақ Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Югославия, Чехословакиямен де Францияның әкономикалық-мәдени байланыстары нығайып келеді.

Шарль де Голль биликте

де Голль президенттік билікті күйзеліс жағдайында қалай қолданды?

Франция тарихындағы оқиғалар Шарль де Голльге қалай әсер етті?

Саяси спектр

Сіздің ойынзша голлистер кімдер?

SWOT анализ арқылы Шарль де Голльдің қызметіне баға беру

Үйге тапсырма: Эссе жазу 250 сөз – эсседе қосымша материалдарды қоладану керек



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.