Құқықтық мемлекет түсінігі. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1.4-бөлімше:

Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам

Мектеп: Атырау қ. ХББ НЗМ

Дата:

Мұғалімнің аты-жөні: Арстанбаева А.У.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Болмаған оқушылар саны:

Саақтың тақырыбы

Құқықтық мемлекет түсінігі

Сабақ барысында жететін оқу мақсаты:

11.2.1.1 "құқықтық мемлекет" ұғымын мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйелерінің қазіргі даму үрдістерін түсіндіру үшін қолдану;

11.2.1.2 құқықтық мемлекеттің құрылуының тарихи алғышарттарын зерттеу

 Сабақтың мақсаты

Оқушылардың құқықтық мемлекеттің ерекшеліктерін түсінуіне ықпал ету

Бағалау критериялары

Оқушы

  • құқықтық мемлекет ұғымының мәнін түсінеді
  • құқықтық мемлекет ұғымының белгілерін түсінеді
  • цитата авторларының ұстанымын дәлелдейді
  • пікірталас мәселесі бойынша өз ұстанымын дәлелдейді

 Тілдік мақсаттар

Мәтіннен ақпарат алып, жазба жасау:

Құқықтық мемлекет жөнінде

Пәнге тән лексика және терминология: құқықтық мемлекет, құқықтық мемлекеттің идеялары, құқықтық мемлекеттің принциптері мен белгілері

Диалог пен хатқа пайдалы сөйлемдер:

Құқықтық мемлекет идеясы пайда болды ...

Құқықтық мемлекеттің белгілері.....

 Құндылықтарды дамыту

 

Құқық үстемдігі, әркімнің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, еркіндік, дамыған саяси жүйе, белсенді азаматтық ұстаным.

Оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен өзара әрекеттесуі сабақтың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.

 Пәнаралық байланыс

Мемлекет және құқық теориясы, Құқық негіздері, экономика

Жаһандық хабардарлық

Әлемдегі құқықтық қоғамдардың қазіргі даму үрдісі туралы білім.

Алдын ала білім

Бұл сабақ ағарту дәуірінің идеяларын, мемлекет және азаматтардың құқықтары мәселелері бойынша Ежелгі Грецияның философиясын білуіне негізделеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған бөліктері

Сабаққа жоспарланған жұмыстар

Ресурстар

Сабақтың басталуы

1 мин

2 мин

3 мин

3 мин

К-ұйымдастыру сәті, оқушылардың сабаққа дайындығы, жұмыс дәптерлерінің, кітаптарының болуы, 1-слайдқа назар аудару

Слайдтағы Бастапқы Ынталандыруға арналған материал (БЫМ)-сұрақ оқушылардың назарын аударуы, өткен тақырыптарды қайталауға бағытталуы және сабақ тақырыбымен байланыстыра алуы тиіс. Мұғалімнің жетелеу сұрақтары:

1.Кім бейнеленген?

2.Олар немен белгілі?

3.Оларды бірыңғай портреттік қатарға не біріктіре алады?

4.Олар біздің сабақтармен қалай байланысты болуы мүмкін?

5.Олар қазіргі әлемде біздің қоғамымызбен қалай байланысты болуы мүмкін?

К-жалпы жауаптар, оқушылардың барлық философтар құқық, мемлекет және азаматтық қоғамның қалыптасуы мәселелерімен айналысқанын, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы барлық уақытта өзекті болғанын түсінуін қалыптастыруы тиіс.

Мұғалім сабақтың 2 слайд-тақырыбын көрсетіп, оқушыларды оқыту мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылауға тартады. Мұғалім әр оқушыға қажетті сабақ нәтижесін талқылайды

Оқушыларды топқа бөлу: мұғалім оқушылардың әрқайсысын үстелге жақындап қағаздарын алып топтарға бірігуін сұрайды. Цитата авторларына сай 6 адамнан 4 топ шығуы керек.

Мұғалім тапсырмаға назар аудартып, үлгіні слайдта көрсетеді. Оқушылар тапсырманы орындап, кестені толтырады. Сонымен қатар, сабақ уақыты жеткілікті болуы үшін-оқушылар өз нұсқаларын ауызша айтады, осы кезде мұғалім нұсқаларды тақтадағы жалпы кестеге жазады.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыруға не ықпал етеді?

Құқықтық мемлекетті қалыптастыруға не кедергі?

Кедергілерді қалай жеңуге болады?

Презентация 1-слайд

Презентация

2 - слайд

№1 сабақтың қосымшасы

Мұғалім алдын ала дәйексөздерді қиып, араластырады.

Презентация

3-слайд

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

15 мин

Мұғалім "құқықтық мемлекет" терминін және құқықтық мемлекеттің негізгі идеясын қысқаша түсіндіреді:

Құқықтық мемлекет ұйымдастырылуы мен қызметі құқыққа негізделген және адамның табиғи және бөлінбейтін құқықтарын неғұрлым толық қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалған құқыққа негізделген демократиялық мемлекет

Құқықтық мемлекет идеясы бұрын пайда болған, алайда тұтас тұжырымдамасы тек ХІХ ғасырдың ортасында ғана буржуазиялық қоғам кезеңінде ғана тұжырымдалды. Қазіргі әлемде құқық үстемдігі индексі бойынша құқықтық мемлекеттердің рейтингі бар. Рейтинг көшбасшысы Солтүстік Еуропа мемлекеттері болды.

Мұғалім бұл көшбасшы-елдер мұндай құқық үстемдігі рейтингіне қалай жетті деген сұрақ қояды? Тұрақты құқықтық мемлекет құру үшін қандай шарт қажет?

Мұғалімнің сұрақтары мен балалардың жауаптары азаматтық қоғам ұғымымен байланыстырылады. Мұғалім балалармен бірге жоғары құқықтық мәдениетсіз және азаматтық қоғамсыз құқықтық мемлекет құру мүмкін емес деген тұжырымды тұжырымдаған кезде, азаматтық қоғам мен оның құрамдауыштарын түсіндіруге көшеді.

Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім жұмыс парақтарын таратады. Оқушылар жұмыс парағында жауап береді.

Мұғалім жұмыс парағының жауаптарын тыңдайды, қажет болған жағдайда оқушылардың жауаптарын түзетеді.

Презентация

4-слайд

Презентация

5-слайд

Презентация

6,7-слайд

Оқушылардың жұмыс парағы

Сабақтың соңы

Мұғалім үй тапсырмасын таңдауды ұсынады және жұмыс парағына сәйкес сабақ бойынша 3-4 оқушының рефлекциясын тыңдайды.

Мұғалім оқушылардың назарын үйде білімді бекіту және үй тапсырмасын орындау үшін сілтеме бойынша бейнероликті көруге болады https://www.youtube.com/watch?v=dF9k3Sf8bO4

Презентация

8-слайд

Дифференциация-сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоясыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Дифференциация ойлау стилін есепке ала отырып, оқу материалы мен ресурстарды таңдауда көрсетілген (Кольба бойынша)

Дифференциация сондай-ақ дербес жұмыс барысында топтардың қолдауында көрсетіледі.

Өзара бағалау – топтық жұмыс нәтижелерінің дескрипторларға сәйкестігін өзара бағалау.

Мұғалімнің формативті бағалауы-топ жұмысының нәтижесін түзету

Сабақ бойынша Рефлексия

Сабақтың мақсаты / мақсаты шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ-на жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс өткізілді ма?

Сабақтың уақытша кезеңдері өтті ма?

Сабақтың жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтың жақсаруына не ықпал етуі мүмкін (оқыту және оқу туралы ойлан)?

1:

2:

Мен сабақ кезінде сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарға назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.