Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ. Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 6.28.2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11-бөлім Ғылыми революция | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| |
Сабақ тақырыбы | Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ |
| |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау; 6.2.1.1 - адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау; 6.2.4.2 - жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау; | ||
Сабақ мақсаттары | Бөлімдер бойынша негізгі оқыту мақсаттарын қайталау | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт
| Өзгеріс және сабақтастық | ||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Николай Коперник, ғылым, ғалым, ғылыми революция, реформация, астрономия, астрология, геоцентристік жүйе, гелиоцентристік жүйе . Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Коперник мұрасы туралы мәтінде айтылады.. ... Мен /Біз «ғылым» ұғымы мынадай мағына береді деп ойлаймыз........ Сіздің ойыңызша ғылым деген не? Сіз менің\біздің ғылым ұғымы туралы анықтамамен келісесіз бе? Коперниктің ғылыми қызметі мыналарды қамтиды........ Коперниктің ғылыми емес қызметі мыналарды қамтиды........ Менің ойымша Коперник ғалым болған жоқ, себебі.......... Осы сәттегі білімім негізінде Коперник мұрасы туралы мәтінге мынадай түзетулер енгізер едім.........., себебі........... Адамдарға тарихпен келісу қиындау, себебі........... | ||
Құндылықтарды дарыту
| - тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұпты және топтық жұмыстарды қолдану; - жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; - басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру; | ||
Пәнаралық байланыстар | Физика (Коперник), Қазақ әдебиеті ( гуманизм) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім
| Оқушылар бұған дейін оқытылған белгілі бір Ренессанс, Қайта өрлеу дәуірі, гуманизм, шығыс ойшылдарының әлем мәдениетіне тигізген ықпалы, Реформация туралы өз түсініктерін дамыта түсуді жалғастырады. |
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-5 мин | БЫМ/С Оқушыларға Қайта өрлеу дәуірі өнері, Шығыстағы Ренессанс, Мартин Лютердің наразылығы, Коперниктің теориясы суреттерін көрсету. Оқушылардан суреттегі көріністі 1) рет-ретімен, 2) 2 сөйлеммен, 3) 3 сөзбен, 4) 1 сөзбен түсіндіруді сұрау. | Презентация | ||
Сабақтың ортасы Топтық жұмыс түрі 5-15мин Топтық жұмыс түрі 15-25 мин Жеке жұмыс түрі 25-35 мин | С. Сыныпты топқа бөлу арқылы тақырыпты таңдату. 1-топ Қайта өрлеу дәуірі 2-топ Шығыстағы Ренессанс 3-топ Мартин Лютер наразылығы 4-топ Коперник теориясы Т.«Оқиғаны сипатта» әдісі негізінде әр топ берілген тақырып бойынша ақпаратты кестеде жүйелеу. Кім? Не? Қашан? Қай жерде? Неліктен? Т. Топтарға жасырын түрде бір оқиға кейіпкері беріледі, топтағы оқушылар «Кейіпкерді сипатта» әдісі негізінде тапсырманы төменде берілген критерийлер бойынша дайыңдату. Кейіпкер Оқиға жағдайы Мәселе Шешім Қалған топ «Кейіпкерді анықта» әдісі негізінде қандай кейіпкер екенін анықтайды. Ж. Екі көзқарастың идеясын анықтап, кестеге толтыр және 1-2 сөйлеммен қорытынды жаса. 1-көзқарас: «Бейбітшілікке құрметсіздік туралы» Рим папасы Иннокентий III кітабы. 2-көзқарас: Жазушы Пико Делла Мирандоланың «Адамның қадір-қасиеті туралы» кітабы Дескрипторлар:
| Презентация Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 | ||
Сабақтың соңы 35-40 мин | Рефлексия: Не білдім? Не көрдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді? Не қиындық тудырды? | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру