Интеграциялау үдерісіндегі аймақтық ұйымдардың рөлі. Маңыздылық. Дүние жүзі тарихы, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұлтаралық қарым-қатынастар: бейбіт қарым-қатынас жолдары | Күні: Сынып: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
№ 2 сабақтың тақырыбы: Тарихи концепт | Интеграциялау үдерісіндегі аймақтық ұйымдардың рөлі. Маңыздылық | |||||
Оқыту мақсаты: |
| |||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы
| |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты лексика мен терминология: Интеграция, ТМД, ЕврАзЭС, Евроодақ, ШЫҰ, ОИС, ТЮРКСОЙ | |||||
Пәнаралық байланыстар | География, Қазақстан тарихы, құқық пәндері | |||||
Бастапқы білім | - Дүниежүзі тарихы пәннің (9 сынып) халықаралық қатынастар тақырыбынан алынған білім | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 мин. | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Топқа бөліну. 2. ОЙ ШАҚЫРУ. ТАҚЫРЫПҚА ШЫҒУ. Видеоролик көрсету: «Успех и развитие экономической интеграции в центре внимания участников заседания Межгоссовета ЕврАзЭС» (егер де бейнероликті көрсетуге мүмкіндік болмаса, оқушылар «интеграция» ұғымына ассоциация құрастыруын сұраңыз. (С) Интеграция қай бағыттарда жүзеге асырылады? Мемлекеттер қандай мақсатпен интеграциялық одақтарға бірігеді? Сабақ тақырыбына және мақсаттарға шығу. Оқушылар слайдқа қарап тақырыпты анықтайды. Бағалау критерийлерімен танысу. | Презентация Успех и развитие экономической интеграции в центре внимания участников заседания Межгоссовета ЕврАзЭ https://www.youtube.com/watch?v=NyGDQBh7MOY | ||||
Сабақтың ортасы
30 мин. | Мұғалім: қазіргі замандағы интеграциялай мақсатымен құрылған аймақтық ұйымдардың мысалдарын келтіріңіз. (С) Оқушылар аймақтық ұйымдардың мысалдарын келтіреді: ТМД, ЕврАзЭС, Евроодақ, ШЫҰ, ОИС, МЕРКОСУР , т.б. Мұғалім әрбір жұпқа флипчартқа аймақтық интеграция үдерісінің негізгі жағымды және жағымсыз жақтарын белгілеуді ұсынады. (Ж) (ҚБ) Тапсырма 1. Жұппен бірге аймақтық интеграция үдерісінің негізгі жағымды және жағымсыз жақтарын белгілеңіз. «Көңілді айналым» әдісімен бірін бірін тексеру. Мұғалім сыныпты 3-5 топтарға біріктіріп, оларға дереккөздер, басқа да материалдарды зерттеу жұмысын жүргізу үшін ұсынады. (Т) (ҚБ) Әрбір топқа өз таңдауымен ТЮРКСОЙ, ЕАЭС, ШОС, ОИС ұйымдарының әрекеті бойынша зерттеу жұмысын жүргізуге ұсынылады. Оқушылар ұсынылған ұйымның біреуінің соңғы 5 жылдық әрекеттеріне есеп дайындайды және оның тиімділігін бағалайды. (Т) (ҚБ) тапсырма 2: Топпен бір ұйымның әрекетін зерттеңіз. Соңғы 5 жылдың ішіндегі әрекетіне есеп жазыңыз және оның тиімділігін бағалаңыз: 1 - ТЮРКСОЙ, 2 - ЕАЭС, 3 - ШОС, 4 - ОИС Есептер сыныптың алдында қорғалады. Бірін бірі бағалау. (Ж) (ҚБ) Топтардың есеперін қолданып, оқушылар «Интеграциялау үдерісіндегі аймақтық ұйымдардың тиімділігі» диаграммасын құрастырады және өз тұжырымдарын жазбаша түрде дәлелдейді. (Ж) (ҚБ) Тапсырма 3: «Интеграциялау үдерісіндегі аймақтық ұйымдардың тиімділігі» атты дөңгелек диаграмманы жасаңыздар және өз тұжырымдарыңызды жазбаша түрде дәлелдеп жазыңыз. Бірнеше жауаптарды тыңдалып, интеграциялау үдерісіндегі аймақтық ұйымдардың рөлі жайлы жалпы қорытынды жасалады.
| |||||
Сабақтың соңы 5 мин. | Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбына қайтарады, оқушылармен бірге аймақтық ұйымдардың экономикалық, мәдени салаларындағы бағасын береді. Конструтивтік кері байланыс. «Жетістік баспалдағы» рефлексиясы | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.