Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті. Тарихи концепт (фокус): маңыздылық. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


Үлестірме материал (Қосымша 1)

Бөлім/Тақырып: Қос дөңгелекті күйменің пайда болуы әлемді қалай өзгертті

Оқу мақсаты:

5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Анализ

Бағалау критерийі:

Месопотамияның экологиялық жағдайы және оның халыққа әсерін сипаттайды

Тапсырма

Геродоттың «Тарих» еңбегінен үзіндіні оқыңыз, сұраққа жауап беріңіз.

Барлық Бабыл, Мысыр сияқты, барлық жерде су арналарымен кесілген. Ең ірі су арналарының бірінде кемелер жүреді. Әлемдегі барлық елдердің ішінен, менің білуімше, бұл жер Деметраның (гректің құнарлық құдайы) үздік жемісін шығарады. Керісінше,бұл жерде жеміс-жидек ағаштары: інжір ағашы, жүзім немесе зәйтүн өспейді. Ал Деметра жемістеріне келетін болсақ, егін жинағанда гектардан 240 центнер және 360центнер (жақсы жылдары) алуға болатын. Бидай мен арпа жапырақтарының кеңдігі төрт саусаққа жетеді. Тары және күнжіт (май шығатын өсімдігі) өсімдіктерінің биіктігі ағаштың бойындай бар екені белгілі маған, бірақ мен бұл туралы айтпаймын.Өйткені, дәндердің құнарлығы туралы әңгіме Бабыл елінде болмаған адамдардың сенімсіздігін тұдырады. Зәйтүн майын бабылдықтар мүлдем қолданбайды тек күнжітті. Барлық жазықтық жерде көбінесе жемісті финикалық пальмалар өседі. Пальма жемістерінен нан, шарап және бал дайындалады.

Крушкол Ю.С. Хрестоматия по истории Древнего мира. М., 1987. С. 58.

  • Месопатамияның жер ерекшеліктері қандай?
  • Месопотамиялықтар қандай мәдениет жасады?
  • Месопатамиялықтарда қандай білім болды?

Дескрипторлар

Оқушылар:

  • Меспоптамияның табиғат жағдайының ерекшеліктерін сипаттайды.
  • Месопотамиялықтардың шаруашылық қызметі мен білімі жайлы сипаттайды.

Бөлімақырып: Қос дөңгелекті күйменің пайда болуы әлемді қалай өзгертті

Оқу мақсаты:

5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Анализ

Бағалау критерийі:

Месопотамияның экологиялық жағдайы және халыққа әсерін сипаттайды

Тапсырма

Су тасқыны жайлы аңыздан үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Су тасқыны жайлы аңыз

(саз тақтайшадағы сынажазу бойынша)

Бір күні адамдарға ашуланған құдай су тасқынын жасауды шешті. Бірақ қайырымды су құдайы Эа Утнапишти есімді әділ адамды бұл жайдан хабардар етті. Ол кеме жасап, оған өзінің туыстары бар малын мінгізді. Әне аспанды күркіреген қара бұлт торлады. Алты күн, жеті түн өткен соң дауыл басылып, күн шықты, су бетінде кішкене ғана арал көрініп тұрды. Бұл ең биік таудың шыңы болатын. Утнапишти әуелі көгершіндерді жіберді, олар шарлап ұшып құрғақ жер таба алмай қайта оралды. Содан соң қарлығашты жіберді, ол да құрғақ жер таба алмай кері оралды. Ал қарғаларды жібергенде олар құрғақ жерді таба алды. Утнапишти шың басына қамыс төсеп, от жағып, құдайға арнап құрбандық шалды. Құдайлар қуанып, адамдарды кешіріп, су тасқынына аман сақтады. Ал Утнапиштидің адамдар арасында жалғыз өлмейтін адамға айналды.

  • Су тасқыны неден пайда болды?
  • Эа құдайы төніп келе жатқан су тасқынын кімге хабардар етті?
  • «Су тасқыны» сөзі қандай шынайы іс-әрекетті білдіреді.
  • Бұл дерек қос өзен адамдары жайлы қандай мәлімет береді?
  • Бұл аңыздан адамдардың өмірі жайлы қандай мәліметтер білуге болады?
  • Мұнда елдің табиғаты қалай көрініс берді?
  • Сіздің ойыңызша, аңызда қайсысы шындық, қайсысы қиялдан туған?

Дескрипторлар

Оқушылар:

  • Су тасқыны жайлы аңыздың тарихи шындығын анықтай отырып, аңызды талдайды.
  • Аңыз бойынша Меспатамиялықтар туралы мәліметті сипаттайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу